Өңірлерде жаңа өндіріс орындары ашылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Солтүстік Қазақстан облысында тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді. Бірінші кезеңде 800 басқа арналған қора, сүт блогы, 550 басқа арналған қора-жай, екі бұзау қора және құрама жем зауыты салынды. Кешенде Орталық Азиядағы ең ірі 100 орындық сауу каруселі орнатылған. Германиядан 585 асылтұқымды мал әкелінді, жыл соңына дейін тағы 660 бас жеткізіледі. Жоба аясында мал саны 12 мың басқа жетеді.
Абай облысында құны 7 млрд теңге болатын күнбағыс тұқымын өңдеу және өсімдік майын өндіру зауыты ашылды. Кәсіпорын тәулігіне 300 тоннаға дейін май өндіріп, 500 тонна тұқым тазалай алады. Мұнда 120-дан астам жұмыс орны құрылды. Өнім ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 5,5 млрд теңгеге құс фабрикасы салынды. Кәсіпорын жылына 6 мың тоннаға жуық құс етін өндіреді. 12 құс қорасы, сою және инкубация цехтары бар нысанда 120 жұмыс орны ашылды. Өнім өңір мен көрші облыстарға жеткізіледі.
Қарағанды облысында инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгеден асатын кірпіш зауыты іске қосылды. Толық өндірістік циклге ие кәсіпорын жылына 45 млн кірпіш шығарады. Өнім Қарағанды және Ақмола облыстарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Жаңақорғанда қайтарылған активтер есебінен 1,1 млрд теңгеге су стансасы салынып, 1 500-ге жуық үй ауызсумен қамтылды. Ал Талдықорғанда әлеуметтік осал 41 отбасы баспана алған. Биыл қалада 1,4 мыңға жуық адам қоныс тойын тойлайды. Сондай-ақ Шымкентте әлеуметтік осал санаттағы 80 отбасы жалдамалы пәтерге ие болып отыр. Шорнақ ауылында 1,7 млрд теңгелік спорт кешені ашылып, 40 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар Кентауда 300 орындық заманауи жабдықталған Достық үйі пайдалануға берілді.
Әмина МҰХАМБЕТ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 03:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















