Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Алматы индустриялық аймағы: мегаполистің басты өндіріс орындары қалай дамиды

Алматы индустриялық аймағы: мегаполистің басты өндіріс орындары қалай дамиды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кәсіпорындар үшін арнайы инфрақұрылым жүргізілген қаланың бұл бөлігінде әртүрлі дайын өнімдер өндіріледі. Бүгінде табысты жұмыс істеп тұрған Алматы қаласының индустриялық аймағы (АИА) «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен 2012 жылы құрылды.

Ал 2015 жылы «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (жалғыз қатысушының шешімімен) «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС басқарушы компаниясын құрды.

Фото: Алматы әкімдігі

2019 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағында индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуін реттейтін «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес, сол жылы «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС 49 жылға өңірлік маңызы бар мемлекеттік индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы болып айқындалды.

Кейін Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 1/173 қаулысымен Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа республикалық маңызы бар мәртебе берілді.

Фото: Алматы әкімдігі

АИА аумағы қалай кеңеймек

Алдағы жылдары индустриялық аймақтың аумағы кеңеймек. Осы мақсатта 2028 жылдың желтоқсанына дейін Алатау ауданы, «Алғабас» шағын ауданында орналасқан 37 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынатынын жазғанбыз.

Kazinform сауалына жауап берген «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Ливинскаяның айтуынша, Алматы индустриялық аймағының бастапқы ауданы 490 га болған. Оның ішінде 164 га — инфрақұрылымға, 326 га — инвестжобаларға арналған. Содан бері ол бір рет кеңейтіліп, 2024 жылы тағы 195 га жер қосылған.

— 2029-2030 жылдары АИА-ға қосымша 400 га жер беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта индустриялық аймақтың инфрақұрылымына электр желісі, көше-жол желісі, сумен жабдықтау және су бұру, теміржол станциясы, газбен жабдықтау, оптикалық-талшықты байланыс желілері, нөсер кәрізі кіреді, — деді Наталья Ливинская.

Инвестициялық жобалар мен өтінімдер

«Алматы» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары жыл сайын индустриялық аймақта инвестжобаларды іске асыруға 120-ға жуық өтінім түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, 2021-2026 жылдары барлығы 478 өтінім берілген.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның ішінде:

2021 жылы — 45 өтінім;
2022 жылы — 68 өтінім;
2023 жылы — 104 өтінім;
2024 жылы — 119 өтінім;
2025 жылы — 116 өтінім;
2026 жылы (15 наурызға дейін) — 26 өтінім.

— Өтініштерді беру және қабылдаудың барлық рәсімі indzone.kz сайтында көрсетілген. Сондай-ақ онда инвесторға қойылатын талаптар да бар. Барлық рәсім 2019 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, — деді Наталья Ливинская.

Қандай өнімдер өндіріледі

Қазір Алматы индустриялық аймағында 147 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 57 кәсіпорын іске қосылып, онда 9 674 жұмыс орны құрылған. Инвестицияның жалпы көлемі — 884 млрд теңге.

Фото: Алматы әкімдігі

Бүгінде АИА аумағында өндірілетін өнімдер қатарында автомобильдер, жылыту блоктары мен тораптары, сыртқы термопанельдер, газоблоктар, тауар ретіндегі бетон, фиброцементті панельдер, ПВХ-панельдер, жылыту радиаторлары, шыны пакеттер, электрлік қақпалар мен есіктер, тұрмыстық химия құралдары, косметикалық бұйымдар, бояу және лактар, кабельдік өнімдер, бір реттік қағаз ыдыстар, мұнай саласына арналған полипропилен құбырлары, шұжық өнімдері және т. б. бар.

Фото: Алматы әкімдігі

— 2026 жылы жалпы сомасы 10,3 млрд теңге болатын 8 инвестжобаны іске қосу жоспарланған. Соның арқасында 596 жұмыс орны құрылады, — деп атап өтті Наталья Ливинская.

Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ оның айтуынша, АИА-ға қатысушы кәсіпорындар салықтың барлық түрін төлейді. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңда кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылмаған. 2016-2025 жылдар аралығында АИА инвесторлары 95,9 млрд теңге салық төлеген.

Еске салайық, KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see116

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары