Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әділет партиясы: Отандық өндіріс жаңа жұмыс орындары мен жоғары табысқа жол ашуы керек

Әділет партиясы: Отандық өндіріс жаңа жұмыс орындары мен жоғары табысқа жол ашуы керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Алматыдағы «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ұжымымен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен ашық пікір алмасуға кәсіпорыннан дәнекерлеушілер, инженерлер, шеберлер мен басқа да 200-ден астам маман қатысты.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Айбек Дәдебай жаңа Конституцияда адамға, оның лайықты әрі қауіпсіз еңбек ету құқығына және әлеуметтік кепілдіктеріне ерекше мән берілгенін атап өтті. «Әділет» партиясының міндеті – осы нормалардың іс жүзінде орындалуын бақылап, оларды заңнамада бекіту.

«Жаңа Конституциямызда адамның еңбегі лайықты бағаланса, жұмыс орны тұрақты болса және әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілсе деген талаптардың барлығы нақты енгізілген. Әрине, үлгілі кәсіпорындар бұндай шараларды бұрыннан да қабылдап, қамтамасыз етіп келеді. Біз бұл талаптарды заңнамаға да тиісті дәрежеде енгіземіз және олардың орындалуын қадағалаймыз. Бағдарламамыздың өзегінде адам және оның әл-ауқаты тұр», - деп атап өтті партия төрағасы.

Айбек Дәдебай отандық автокөлік өндірісін дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының жүйелі қолдауының арқасында соңғы алты жылда Қазақстанда автокөлік өндірісі шамамен 3,5 есеге, нақтырақ айтсақ, жылына 50 мыңнан 171 мың көлікке дейін өсті. Ендігі міндет – отандық бөлшектердің үлесін арттыру, білікті мамандар даярлау және жаңа жұмыс орындарын ашу. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы осы мақсаттарға бағытталған.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері маман даярлау және автокомпоненттер шығаратын отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін көтерді.

Дәнекерлеу цехының басшысы Руслан Кончалеев партияның жас мамандарды тарту және оқыту жөніндегі жоспарларын сұрады. Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Сарым «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Ғылым – білім – өндіріс» моделін дамыту, дуалды оқытуды және өндірістік тәжірибені кеңейту көзделгенін айтты.

Бас директордың бірінші орынбасары Илья Рубцов отандық автокомпонент өндірушілерін қолдауды күшейтіп, оларды ірі кәсіпорындардың өндірістік тізіміне белсендірек тартуды ұсынды. Партия өкілдері жергілікті өндірісті дамыту отандық бизнесті қолдау және сапалы жұмыс орындарын ашуға бағытталған бағдарламалық басымдықтарға сәйкес келетінін атап өтті.

Кәсіпорын қызметкері Тұрсынкүл Бектауова тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктердің маңызын атап өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтынын білдірді.

«Біз сіздерді қолдаймыз, сенеміз және алдағы сайлауда «Әділет» партиясына дауыс береміз», - деді ол.

Кездесуді қорытындылаған Айбек Дәдебай партияның сайлауалды бағдарламасы Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен азаматтардың ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.

«Бұл бағдарлама кабинетте отырып жазылған жоқ. Біз халықпен кездестік, Президентіміздің стратегиялық құжаттарын зерделедік. Бағдарламаның әр тармағы бір-бірін толықтырып, біртұтас дамуға жетелейді. Оның ортасында қарапайым азаматтарымыз тұр. Біздің бағдарламамыз адамның әл-ауқатын арттыруға арналған. Бизнес те, мемлекет те – барлығы қазір адам игілігі үшін қызмет етуі керек», - деп атап өтті партия төрағасы.

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Алматыдағы жұмысы жалғасып жатыр. Күні бойы кандидаттар «Өсетін уақыт келді!» бизнес-форумын өткізіп, академиялық және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездеседі, IT-стартаптарды дамыту мәселесін талқылайды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 15:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары