Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Өңірлерде қандай жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандар ашылды?

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Өңірлерде қандай жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандар ашылды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауылдық елді мекендерді қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, ел өңірлерінде бірқатар маңызды нысандар мен жобалар іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Евразия Инвест LTD» компаниясының ірі сүт-тауар фермасының бірінші кезеңі іске қосылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 30 млрд теңгеден асады. Бірінші кезең 1,2 мың бас сауын сиырға есептелген. Барлық кезең аяқталғаннан кейін сиыр саны 6 мың басқа жетеді, ал жалпы мал басы 15 мыңнан асады.
Түркістан қаласында заманауи вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхананың іске қосылуы өңірдің диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуде. Бұған дейін Түркістан облысында мамандандырылған вирусологиялық зертхана болмағандықтан, зерттеуге арналған биологиялық сынамалар еліміздің басқа өңірлеріне жіберілетін. Нысанның ашылуы диагностикалық зерттеулердің мерзімін едәуір қысқартуға және халық үшін зертханалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Бадамша ауылында төрт қабатты аудандық диагностикалық орталық пайдалануға берілді. Жаңа орталықта ультрадыбыстық диагностика (УДЗ), фиброгастродуоденоскопия (ФГДС), электрокардиография (ЭКГ), маммография, флюорография және рентгенодиагностика кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ биохимиялық зерттеулер жүргізуге арналған кабинеттер қарастырылған.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен сатып алынған екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты.
Бір кешенде компьютерлік томограф, екіншісінде цифрлық маммограф және сараптамалық деңгейдегі УДЗ аппараты орнатылған.
Түркістан облысында «Сарыағаш» теміржол вокзалында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Вокзалдың аумағы 449,1 шаршы метрден 558,5 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, ол тәулігіне шамамен 150 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген.
Жетісу өңірінде облыстық маңызы бар «Талдықорған – Үштөбе» күрежолының ұзындығы 42 шақырым болатын учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған жұмыстар мамыр айында басталып, белгіленген мерзімнен екі ай бұрын аяқталды.
Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған «ЖаңаLAB»  зертханалық-талдау кешені де ашылды. Құны шамамен 9 млрд теңге болатын жобаны Solidcore Resources компаниясы «Сарыарқа» АЭА-да жүзеге асырды. Зертхана жылына 200 мыңға дейін сынама жүргізуге есептелген және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға, зерттеу нәтижелерін алу мерзімін қысқартуға әрі шамамен 150 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Абай облысының Бесқарағай ауданында өрт сөндіру стансасы ашылды. Бұл – өңірдегі орман қоры ең ауқымды аудандардың бірі. Оның аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының алты филиалына қарайтын 390 мың гектар орман орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде отбасылық демалысқа және спортпен айналысуға арналған, аумағы 16 мың шаршы метрге жуық жаңа сквер ашылды. Құны 470 млн теңгеден асатын нысан тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, бұрын абаттандырылмаған сайдың орнына салынды. Скверде балалар алаңы, воркаут аймағы, футбол алаңы, ашық аспан астындағы тренажерлер мен серуендеу жолдары қарастырылып, жарық жүйесімен қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылында жаңа мектеп-интернат пен спорт кешені  ашылды. Бұл нысандар шалғай елді мекендерден келген балалардың білім алуына, тұруына және спортпен айналысуына қосымша жағдай жасайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 09:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары