19 мыңға жуық Абай, 26 ауыл және 9 әйел: ұлы ақынның есімі туралы қызықты деректер
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Осы датаға орай Ұлттық статистика бюросы елімізде ұлы ақынның есімі қанша адамға қойылғанын және осы есімге қатысты қандай қызықты деректер барын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда 19 мыңға жуық адамның есімі - Абай
Қазақстанда есімі Абай деп тіркелген 18 961 адам бар.
Бұл есім Астана қаласында ең көп таралған - 2 186 адам. Екінші орында Түркістан облысы - 2 008 Абай, үшінші орында Алматы қаласы тұр, мұнда аталған есіммен 1 740 адам тіркелген.
Абай есімді ең қарт қазақстандық 1932 жылы дүниеге келген.
Аталған есім иелерінің ішіндегі ең көбі - 30 бен 34 жас аралығындағылар. Бұл топқа 3 267 адам кіреді.
Абай есімі жаңа туған нәрестелерге де жиі қойыладыҰлы ақынның есімі нәрестелер арасында да танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Тек 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 91 балаға осы есім берілді.
Бұл есім дәстүрлі түрде ерлерге тән деп саналғанымен, Қазақстанда есімі Абай деп тіркелген тоғыз әйел адам бар.
Абай құрметіне аталған қалалар мен ауылдарАқын есімі тек адам аттарында ғана емес, Қазақстан картасында да жиі кездеседі. Абайдың құрметіне: бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл аталған.
Сонымен қатар Қазақстанда Ибраһим есімді (жазылу нұсқалары Ибрагим және Ибрахимді қоса алғанда) 37 844 адам тұрады.
Еске сала кетейік, 10 тамызда қазақстандықтар Абай күнін мерекелейді. Биыл қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтаған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 09:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















