Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

5 қазан Мұғалімдер күні: мерекенің тарихы мен қызықты деректер

5 қазан Мұғалімдер күні: мерекенің тарихы мен қызықты деректер

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда білім беру саласында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Бүгін олардың барлығын бұрынғы және қазіргі оқушылары кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетеді. Себебі бәріміз мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Sputnik Қазақстан осы кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Мейрамның тарихы

Бастапқыда Мұғалімдер күні жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. Бұл дәстүр КСРО кезінде 1965 жылдан енгізілген еді. Ал 2023 жылы Қазақстан үкіметі бұл мерекенің нақты күнін бекітті. 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстанда да кәсіби мерекені осы күнге бекіту туралы шешім қабылданды.

30 жылдық тәжірибесі бар мұғалім көп

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді:

мектепке дейінгі ұйымдарда – 104 мыңнан астам маман;

мектептерде – 420 мың мұғалім;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 42 мың педагог.

Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Тағы 73 мыңнан астам педагог білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.

9 мұғалім "Еңбек Ері" атағын алған

Қазақстан тарихында жоғары мемлекеттік наградаға 9 педагог ие болған. Олардың ішінде Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина мен Маржан Тасова "Социалистік Еңбек Ері" атағымен марапатталса, бесеуі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.

Олар:

академик Аягүл Миразова;

биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьева;

математика пәнінің мұғалімі Алма Шүкіжанова;

математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова;

орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Эльмара Траисова.

Бұдан бөлек, Қазақстанда "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағы да енгізілген. Бүгінде 100-ге жуық маман осы құрметті атаққа ие болған.

Педагог мәртебесі көтерілді

2019 жылы қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заң ұстаздардың мерейін өсіріп, мәртебесін көтерді.

Бұрын мұғалімдер кәсіптік міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартылатын: сайлау өткізетін, насихат жұмыстарын жүргізетін. Бұл үшін ұстаздарға ақы да төленбейтін. Ал "Педагог мәртебесі туралы" заң мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға тыйым салды. Оларды орынсыз тексеру тоқтатылып, шамадан тыс есеп беруден босатылды.

Заңға сәйкес, барлық педагогтің еңбек демалысы 56 күнге ұзартылды. Тәлімгерлік үшін қосымша ақы төленеді. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін де қосымша ақы беріледі. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлігі үшін үстемеақы төленеді. Магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы алады.

Мұғалімнің жалақысы қандай

Соңғы жылдары ұстаздардың жалақысы жыл сайын көтерілді. 2021 жылдан бері ұстаздардың жалақысы екі есеге өсті.

Халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ұстазға мектептің үнемделген қаражаты есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалім бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленеді. Сонымен қатар заңға сәйкес мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.

Мейрам қалай тойланады

Мұғалімдер күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Оларға 1000 АЕК мөлшерінде сыйақы төленеді.

Ал "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағына ие болғандар айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында 30 және одан көп жыл еңбек еткен мұғалімдерді "Еңбек ардагері" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.Мемлекет басшысы да жыл сайын ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл күні шәкірттер ұстаздарына жылы тілегін айтып, гүл сыйлап, мектептерде мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

Қазанда кәсіби мереке көп

Осы айда бірнеше кәсіби мереке бар. Олар:

1 қазан – Радио күні;

5 қазан – Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні;

19 қазан – Құтқарушы күні;

қазанның үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкері күні;

24 қазан – Кітапханашы күні;

қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні;

29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні.

Қосымша демалыс беріле ме?

Заң бойынша кәсіби мереке кезінде қосымша демалыс берілмейді. Бірақ қазан айында мемлекеттік мереке де бар. Ол – Республика күні. Биыл 25 қазан жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 24, 25 және 26 қазанда демалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:39
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары