450 доллар және банк картасы жоғалды полиция Алматыдан ұшқан рейстегі оқиғаны тексеріп жатыр
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматы - Ыстамбұл рейсінің жолаушысы ұшу кезінде 450 доллары (шамамен 204 мың теңге) мен банк картасы жоғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ақша рюкзактың түбіне жасырылған әмиянның ішінде болған. Әуекомпания тергеуге жәрдемдесуге дайын екенін хабарлады, ал полиция жедел-іздестіру шараларын бастап кетті. Мән-жайды Tengri Travel анықтады.
Не болды?
Оқиға туралы әлеуметтік желілерде рейстің жолаушыларының бірі хабарлады. Оның айтуынша, Air Astana әуекомпаниясының Алматыдан Ыстамбұлға бет алған рейсі кезінде қол жүгіндегі рюкзағынан 450 доллар (шамамен 204 мың теңге) мен банк картасы жоғалған. Әйел бұл жағдай жолаушылар фильм көріп, айналаға мән бермей отырған кезде болуы мүмкін деп болжайды.
"Ұшаққа отырар алдында ақша рюкзактың ішіне терең жасырылған әмиянда анық болған еді", - деп жазды жолаушы.
Скриншот: Threads
Әйел полицияға шағым түсіріп, әуекомпаниясының қолдау қызметіне хат жазғанын айтты. Сонымен қатар ол ақша мен картаны алуы мүмкін адамды енді қалай табарын білмейтінін жеткізді.
Әуекомпания не дейді?Біз ақпарат алу үшін Air Astana баспасөз қызметіне хабарластық. Әуекомпания бортта ұрлық болған жағдайда жолаушылар құқық қорғау органдарына жүгінуі қажет екенін мәлімдеді.
"Біз болған оқиғаға өкініш білдіреміз және қол жүгіне жолаушының өзі жауапты екенін, ал әуекомпания тек тіркелген багаж үшін жауап беретінін еске саламыз. Мұндай жағдайларда ұшып келген бойда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек", - деп түсіндірді әуекомпания өкілдері.
Дегенмен, әуекомпания тергеуге көмектесуге уәде берді.
Полиция не деді?"Әуекомпания оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына әрдайым жәрдемдеседі. Қылмыстық істі тергеу аясында компания өзінде бар және іске қатысты барлық ақпаратты ұсынады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мән-жайларды жан-жақты әрі объективті анықтау мен қылмысты ашу мақсатында қажетті көмек көрсетеді", - деп атап өтті әуекомпаниясы.
Сондай-ақ біз Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдадық. Ондағылар аталған жағдай бойынша Алматы әуежайында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ осы құқық бұзушылыққа қатысы бар адамды анықтау мен ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр", - деп мәлімдеді Көліктегі ПД.
Ведомство жолаушыларды ұшу кезінде жеке заттарына мұқият болуға шақырды. Әсіресе ақшаға, банк карталарына, құжаттарға және басқа да құнды заттарға ерекше көңіл бөлу ұсынылады: оларды қараусыз қалдырмай, өзіңізбен бірге ұстаған және қол жүгінің оңай қол жететін жерлеріне қоймаған дұрыс.
Айта кетейік, жақында Астанада халықаралық рейс жолаушысының 3 600 долларын ұрлады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталған болатын. Ұрлық ұшып келгеннен кейін анықталды. Күдікті қонақүй бөлмесінен табылып, ақша иесіне қайтарылды.
Тағы оқыңыз: “Ұшып келіп, бірден панасыз қалдық“: Вьетнамға ұшқан отбасы ақшасынан айырылған
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 16:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















