Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Банк картасы бар қазақстандықтарға сыйақы беріледі

Банк картасы бар қазақстандықтарға сыйақы беріледі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жалақысын амалсыз, картасында ұстайтын адамдар депозит сияқты сол шотынан да сыйақы ала бастауы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Банк секторының қызметкері Әлия Наубаева кезінде банктердің картада жатқан ақшаға да сыйақы төлегенін еске түсірді. Біраз банк оны акция түрінде енгізетін. Тіпті 4 пайызға дейін сыйақы ұсынғаны болыпты (2000-шы жылдары депозит бойынша ең жоғарғы ставка 9 пайыздан аспайтын).

"Бұл табысы төмен азаматтарға өте ыңғайлы. Жалақысы картасына түседі, алайда ол оны депозитке аудара алмайды. Өйткені азық-түлік сатып алуға, кредиттерін өтеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, отбасы мүшелерін киіндіруге керек. Біз банкте талдау жүргізгенбіз, анықталғанындай, Қазақстанда әрбір 5 адамның үшеуінің табысы күнкөрісінен, айлық шығынынан көп аспайды. Бұл игілік сол кісілерге арналды. Олар ақшасын депозитке сала алмайды, бірақ депозит сияқты картасынан сыйақы алады. Осының арқасында карталардың танымалдылығы күрт артты. Тіпті ата-әжелердің көбі кассадан шешіп алуды доғарып, картасына аудартуға көшті", – дейді Әлия.

Маманның түсіндіруінше, бір жағынан карталар депозитке қарағанда тиімді болды. Себебі, депозитке салынған қаражатты бір ай (кейбірінде 16 күн) бойы алуға болмайды, алса, барлық сыйақыдан айырады.

Ал, картадағы ақшаға сыйақы күн сайын қосылатын. Тиісінше, ондағы қаржыңызды жұмсауды кешіктірсеңіз, сыйақысы да көбірек болады. Нәтижесінде, жалақысын картада ұстауға мәжбүр бұқара қосымша табысқа кенелді. Сонымен бірге карталардың тартымдылығы артты.

Ұлттық банк дерегінше, 2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 83 миллионнан асты. Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып табылады: олардың үлесі 80,9%!

Екінші орында кредиттік карточкалар тұр – 15,4%. Яғни, олар сонша танымал емес. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесі тіпті мардымсыз: екеуіне 3,7% ғана тиеді.

2025 жылғы қыркүйек қорытындысында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізген транзакциялардың көлемі 18,1 триллион теңгеге жетті. Транзакциялардың жалпы саны 1,2 млрд бірлікті құрады. Бір айда 5,8%-ға өсті.

2018 жылы Ұлттық банк тосыннан халыққа осындай сыйақы төлеуге тыйым салып тастады. Содан бері банктердің дебеттік картасында жатқан триллиондаған қаражат қазақстандықтарға қосымша пайда әкелмейді. Оны серіктес компаниясында жұмсаса ғана кейбір банк бонус, кэшбэк төлейді.

Сарапшылар біраздан бері картадағы ақшаға сыйақы есептеуге қойылған тыйымды жоюды ұсынып келеді. 2020 жылдан бері банк секторының қызметін реттеу құзырын Ұлттық банктен алып қойған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескі тыйымды "бойтұмардай" сақтап келген. Енді ғана "беті бері" қарағанға ұқсайды.

Алғашқы құрылған күнінен бері агенттікті табан аудармай басқарып келе жатқан Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депутаттарына мәлімдеме жасап, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына пайыздық сыйақы есептеуге тыйымды жоюды енді қолдайтынын мәлімдеді.

Әбілқасымова картадағы ақшаға процент есептеуге тыйым 2018 жылы "орнықты банк секторын құру мақсатында" енгізілгенін жеткізді. Сарапшылар бұл тыйымның банкирлердің мүддесін ілгерілеткен бастама болғанын еске салады: ағымдағы шоттардағы қаржы қысқа мерзім ғана сақталатын өтімділік саналады. Оны банктер ұзақ пайдалана алмайды. Ондай шотқа бүгін түскен қаражатын иесі көп ұзатпай, бір апта ішінде жұмсап жіберуі мүмкін.

Банктер несиені бұқара мен бизнеске ұзақ мерзімге беру үшін депозиттерді пайдаланады. Алайда ағымдағы шотындағы ақшасына онсызда сыйақы есептелетіндіктен қазақстандықтардың көбі жалақысын, басқа табысын картада ұстай бастапты.

Мәдина Әбілқасымова бұл тыйым банктердің ұзақмерзімді кредит беру қабілетін арттырғанын алға тартты. Дегенмен, қаржылық реттеушінің төрайымы ескі тыйымды бір шартпен ғана алып тастауға келіседі: депозиттермен салыстырғанда, ағымдағы шоттар бойынша есептелетін пайыздық сыйақы көлемі бірнеше есе аз болуға тиіс.

Мысалы, депозиттер бойынша 18 пайыздай сыйақы берілетін болса, картадағы ақшаға 1 пайыз (не одан төмен) ғана пайыз ұсынылуы мүмкін. Сонда халыққа қаражатын ағымдағы шотта ұстау бәрібір тиімсіз болады.

"Біз халықаралық тәжірибені зерделедік. Бүкіл дамыған елде ағымдағы шоттар бойынша ставкалар депозиттердікіне қарағанда елеулі төмен. Себебі, клиенттер ағымдағы не картадағы қаражатын кез келген мезетте, банкті хабардар етпей, шешіп ала алады. Ал, депозитте сәл басқаша", – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы.

Тыйымды алып тастау бастамасын сондай-ақ монетарлық реттеуші – Ұлттық банк те қолдады. ҚРҰБ төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың баяндауынша, Ұлттық банк мұндай қадамның нарық үшін оң әсері болады деп санайды.

Қаржыгер Ғалым Құсайыновтың есептеуінше, әлгі тыйымның кесірінен әрбір қазақстандық жыл сайын ең кемі 33 мың теңге табысты жоғалтады. Дәл осы кезде депозитте емес, карталарда жатқан және бір тиын сыйақы төленбейтін халық қаржысынан банктер жылына 330 миллиард теңге табыс тауып жатыр.

"Егер ай сайын 2-3 мың немесе жыл сайын 24-36 мың теңгеден жоғалтып отырса, адамдардың көбі мұны байқамауы мүмкін. Бұл ретте банктер әрбір теңгеден ақырында өте үлкен сомада табыс табады. Бұл бір анекдоттағы сияқты: "Бәріңіз бір теңгеден жіберіңіздер, сонда мен сіздерге қалай миллионерге айналуға болатынын көрсетемін!". Мені ағымдағы шоттардағы ақшаға процент есептеуге қойылған тыйым алаңдатады. Мемлекеттік және үкіметтік қаржылық құрылымдардың өкілдерімен жиі кездесемін. Сонда осы мәселені көтерсем, бәрінің дерлік жауабы бір: "Ақшаны ағымдағы шоттан депозитке аудара салып, содан табыс табуда тұрған қандай қиындық бар?" деп бетіме аң-таң қарайды", – деді Құсайынов.

Қарапайым адамның неге бұған бара алмайтыны жоғарыда айтылды.

"Мен мұндай жағдайда қарсы сұрақ қоямын: "Сіз өзіңіз картада қанша ақша ұстайсыз?" Бұл сұраққа олардың ешқайсысы жауап бергісі келмейді, тура жауаптан тайсақтайды. Сол себепті мен нақтылаймын: "100 мың теңгеден көп болар?" Кейбірі одан әлдеқайда көп екенін мәлімдейді. Ары қарай келесі сауалды қоямын: "Онда неге өзіңіз сол ақшаның бәрін депозитіңізге аудармайсыз, не проблема бар?" Жауабы, әрине, белгілі: "Депозитке аударылатыны аударылады, бұл содан қалғаны. Оны мен ағымдағы шығыстарым үшін ұстаймын". Әрбір транзакция үшін үнемі банктен ақша аудара беру өте қолайлы емес", – деді қаржыгер Құсайынов.

Оның мәліметінше, Қазақстанда халық өз жинағына аудармай, ағымдағы шоттарында шамамен 2,2 триллион теңгені ұстап тұрады. Осы ағымдағы шоттардың барлығы дерлік – карталар.

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің айналымдағы карточкаларының саны 83 миллионнан асқанын жариялады. Алайда оның басым көпшілігі ішіне бір тиын түспей, үйдегі не кеңседегі тартпаларда шаң басып жатады.

"Бізде шамамен 10 миллион белсенді карталық шот бар. Оның әрқайсысына ай сайын орта есеппен 220 мың теңге түседі. Бір карталарда бірнеше миллион теңге жатады, басқаларында бірер мың теңге ғана болады. Бірақ орта есеппен 220 мың теңге. Егер картада жатқан осы сомаға банктер ең құрыса, жылдық 15% сыйақы есептесе, онда әр адам айына 2 750 теңге, жылына – 33 мың теңге қосымша табыс алар еді", – деді Ғалым Құсайынов.

Ол банктердің табысын да есептеп берді: банктер ағымдағы шоттарда жатқан 2,2 триллион теңге үшін бір тиын сыйақы төлемейді. Ал, оларды пайдаланудан ең кемі 330 миллиард теңге тап-таза табыс табады. Бұл банк секторының таза табысының шамамен 10%-ы.

"Тағы бір жайт: жеке тұлғалардың 90%-ы жалақысын, аударымдарын 4-5 ірі банк арқылы ғана алады. Ендеше ағымдағы шотқа пайыздық сыйақы есептеуге тыйымды кімнің діттегені, шектеу бенефициарының кім екені анықталады. Егер сіз банктердің мұны картамен сауда-саттыққа кэшбэк төлеу арқылы өтейді деп санасаңыз, қатты қателесесіз. Бұл қайтарым қаржының банктерге еш жүктемесі жоқ. Кэшбэктердің бір бөлігі – интерчейндж есебінен, тағы бір бөлігі – сауда серіктестері есебінен, қалған бөлігі – халықаралық төлем жүйелерінің есептік бюджетінің маркетингі арқылы өтеледі", – деді қаржыгер.

Банктердің әрқайсысы Visa, Mastercard сияқты қолма-қолсыз төлемдерді өңдеудің халықаралық төлем жүйелерінің бірінің қызметін пайдаланады. Соған басымдық береді, сол арқылы нарықтағы үлесін және жарнамасын ілгерілетеді. Осы үшін ол жүйелер банктерге ақы төлейді.

Сарапшылардың байламынша, егер қаржылық реттеуші агенттік банктерге ағымдағы шот пен картада жатқан ақшаға пайыздық сыйақы төлеуге тыйымды алып тастаса, онда бұл нарықтағы бәсекелестікті күшейтеді.

Өйткені тіпті ұсақ немесе жаңа банктер клиенттік базасын ұлғайту үшін осы тарапта үлкен науқан жариялай алады. Сонда жалақысы депозитке аударуға жетпей қалатын азаматтар бухгалтериясына кіріп, бұдан былай еңбекақысын карта ақшасына сыйақы төлейтін банктегі шотына аударуды жаппай талап ете бастауы мүмкін.

Сарапшылар мұндай жағдайда банктер арасында әрбір клиент үшін күрес қайта қызатынына және банк секторы клиентке бағдарлана түсетініне назар аудартты. Әйткенмен, Әбілқасымова ескі тыйымды жоюға келіскенімен, оны алып тастайтын нақты күні жайында тіпті депутаттарды да хабардар етпеді. Бәлкім, "жаңажылдық тосын сый" жасар?!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see174

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see166

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see165

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see162

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see161

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see150

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see149

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see148

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see143

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see142

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see141

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see140

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see140

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see139

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see135

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see126

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see126

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары