Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Қылмыс азайғанымен, қауіп сейілген жоқ

Қылмыс азайғанымен, қауіп сейілген жоқ

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Алматы қаласында 14 491 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға аз. Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Aikyn.kz сауалына берген ресми жауабында көшелер мен қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың төмендегенін мәлімдеді. Оның дерегінше, қоғамдық орындарда тіркелген құқықбұзушылықтар саны 29,1 пайызға, ал көшелерде жасалғандары 34,7 пайызға қысқарған.

Алайда қылмыс көрсеткіші төмендесе де, жекелеген ауыр құқықбұзушылықтардың саны азаймай тұр. Бұл қазір құзырлы органдардың ерекше бақылауындағы мәселе.

– Құқықбұзушылықтың азаюы – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, патрульдік бақылауды күшейту және бейнебақылау жүйелерін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстың нәтижесі. Дегенмен жалпы статистиканың жақсаруы жекелеген ауыр қылмыстарға қатысты алаңдаушылықты жоққа шығармайды. Мәселен, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қорқытып алу және бұзақылық деректері бойынша жағдайға баса назар аударып отырмыз. Мұндай құқықбұзушылықтардың артында көбіне жеке жанжал, күш көрсетуге бейімділік, алкогольдік масаң күй немесе өзгенің құқығына құрметпен қарамау секілді факторлар тұр, – деді ресми өкіл.

Қылмыс қай аудандарда жиі тіркеледі?

Биыл тамызда өткен брифингте полиция өкілдері құқықбұзушылық көп тіркелетін аумақтардың қатарында Әуезов, Бостандық және Алмалы аудандарын атаған. Десек те, бұл аудандарды бірден «ең қауіпті» деп тұжырымдауға негіз жоқ. Салтанат Әзірбек мұндай салыстыруда көлік және жаяу жүргінші ағынын, сауда орындары мен ойын-сауық нысандарының көптігін ескеру керегін алға тартты. Сол себепті полиция әр ауданда құқықбұзушылық жиі болатын орындар мен уақыт аралығын жеке талдап, бақылауды соған сәйкес ұйымдастырады.

Ал заңгер, адвокат Альбина Бахтиярқызының пікірінше, аудандардағы айырмашылыққа әлеуметтік жағдай әсер етуі мүмкін. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі, отбасындағы ахуал, жұмыспен қамтылу, алкоголь мен есірткінің қолжетімділігі сынды факторлар зерттеуді қажет етеді. Бірақ мұны тұрмысы төмен адамдар қылмысқа бейім деген түсінікке айналдыруға болмайды.

– Тағы бір себеп – құқық қолдану сапасы. Учаскелік инспектор тұрғындардың мәселесін қаншалықты біледі? Қайталанған шақыртуларға қандай шара қабылданады? Жәбірленушінің арызына уақытылы әрекет жасала ма? Осындай сұрақтар профилактиканың нақты деңгейін көрсетеді. Тіркелген құқықбұзушылық саны азаматтардың полицияға жүгіну белсенділігіне де байланысты, – деді ол.

Бейнебақылау көмегімен 5 119 қылмыс ашылды

Көбі кейде көшеде шулау, айналаны ластау немесе өзгенің мазасын алуды болмашы нәрсе деп қабылдайды. «Нөлдік төзімділік» қағидаты осындай ұсақ әрекеттерді елеусіз қалдырмауға негізделген. Бұл азаматтарды кез келген тәртіпсіздік үшін жазалауды емес, қоғамда заң ережелерін орнықтыруды көздейді.

Салтанат Әзірбектің сөзінше, қазір Алматыда «Нөлдік төзімділік» саясаты бірнеше бағытта жүзеге асып жатыр. Патрульдік полиция қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағаласа, учаскелік инспекторлар тұрғындармен тікелей байланыс орнатады. Бейнебақылау камералары құқықбұзушылықты анықтауға және болған оқиғаның мән-жайын тексеруге көмектеседі. Қазір полицияның Жедел басқару орталығына 77 мыңнан астам камерадан ақпарат келіп түседі. Жыл басынан бері сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 5 119 қылмыс ашылған.

– Бірақ «Нөлдік төзімділікті» тек айыппұл салумен немесе жауапкершілікке тартумен шектей алмаймыз. Оның түпкі мақсаты – азаматтардың заңға деген құрметін арттыру. Сол себепті полиция түсіндіру жұмысын жүргізіп, құқықбұзушылықтың салдарын ұғындыруға, адамдардың өз әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуіне мән береді. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек полицияның міндеті деген түсініктен арылуымыз тиіс. Қала тазалығына, тыныштығына, өзгенің мүлкі мен құқығына құрметпен қарау әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналғанда ғана «Нөлдік төзімділік» қоғамдық мәдениетке айналады, – деді Салтанат Әзірбек.

Заңгердің ескертуінше, әрбір әрекет заң аясында қаралып, мән-жайы тексеріліп, дәлелдер бағалануға тиіс.

– Мұнда бір маңызды шекара бар. Құқықбұзушылыққа төзбеу азаматтың құқығын елемеуге айналмауға тиіс. Кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, қабылданған шешімге шағымдану мүмкіндігі сақталуы керек. Әр жағдайда заңға сай және жасалған әрекетке мөлшерлес шара қолданылуы маңызды. Мен адвокат ретінде бұл ұстанымды екіжақты түсінемін. Біріншіден, азамат заңды сақтауға, ал мемлекеттік органның қызметкері өз өкілеттігін тек заң шегінде жүзеге асыруға міндетті. Қоғамның сенімі осы талап екеуіне де бірдей қойылғанда қалыптасады, – деді Альбина Бахтиярқызы.

603 келіден астам есірткі заты тәркіленген

Биыл 2 наурызда күшіне енген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заң алдын алу жұмыстарының бірқатар тетігін қарастырады. Олардың қатарында профилактикалық әңгімелесу, ресми ескерту, есепке алу мен бақылау, қорғау нұсқамасы, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары бар.

Заңгер бұл тетіктерді қағаз жүзінде орындаумен шектелуге болмайды дейді. Мәселен, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қорғау нұсқамасы берілгеннен кейін жәбірленушіге құқықтық және психологиялық көмек көрсету жалғаса береді. Ал құқықбұзушылық жиі қайталанатын аулалар мен көшелерде жарықтандыру, қауіпсіз жүргінші жолы, полицияның шақыртуға жету жылдамдығы да назарға алынуы міндетті.

Сонымен бірге жастарға өз құқықтарымен қоса міндеттерін, заңсыз әрекеттің салдарын түсіндіру маңызды. «Оңай табыс» деп ұсынылған есірткі тасымалдауға келісу немесе банк картасын өзге біреудің күмәнді ақша аударымдарына пайдалануға беру қандай қауіпке апаратынын нақты мысалмен ұғындырған абзал.

Жыл соңына дейін қандай жұмыс күшейеді?

Сөз соңында Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі жыл соңына дейін қандай қылмыс түрлерін алдын алуға және қай бағыттарды күшейтуге басымдық беретінін атап өтті.

– Полицияның алдағы басымдықтарының бірі – денсаулыққа зиян келтіру, қорқытып алу және бұзақылықтың алдын алу. Сонымен қатар интернет-алаяқтықпен күрес жалғасады. Алаяқтар қоңырау, хабарлама және түрлі цифрлық айла арқылы адамдарды алдап жүргендіктен, тұрғындардың қаржылық әрі цифрлық сауатын арттыру мәселесі де өзекті болып отыр, – деді Салтанат Әзірбек.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл да күн тәртібінен түскен жоқ. Ресми өкілдің мәліметінше, биылғы 9 айда есірткіге қатысты 600 құқықбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 603 келіден астам есірткі заты тәркіленген. Полиция енді есірткіні тарататын арналарды анықтауға күш салмақ.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:16
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see145

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see122

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see112

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see108

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see108

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары