Құрылыс жұмысын сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтау қажет Қасым Жомарт Тоқаев
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласына цифрлық технология мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу ісіне баса мән беруге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Озық шешімдер кәсіпорынның өнімділігін арттырып, еңбек қауіпсіздігін күшейтуге, апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жақында өткен AI & Digital Bridge форумында мен Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Зауыт салу барысында осы мәселені ескерген жөн. Ең алдымен құрылыс жұмысын сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтау қажет. Осы бірегей жобаны жүзеге асыруға белсене атсалысып жатқан барша азаматқа, қытайлық серіктестерімізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ақтоғай мыс өңдеу кешені Қазақстанның өнеркәсіптегі әлеуетін арттыра түсуге зор үлес қосады деп сенемін, – деп түйіндеді сөзін Президент.
Кәсіпорында кен байытудан бастап одан дайын металл шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қарастырылған. Кешен өзінің кен орнынан алған мыс концентратын өңдейді. Бұл шикізат көзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, Қазақстанда шығарылатын өнімнің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны KAZ Minerals тобы жүзеге асырады, ал қытайлық NFC компаниясы – инженерлік серіктес. Бастамаға шамамен 1,8 миллиард доллар инвестиция салынады, сондай-ақ оның аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
2030 жылы алғашқы мыс катодын алу жоспарланып отыр. Зауытта мыстан бөлек, алтын, күміс және басқа да ілеспе өнімдер шығарылады.
Телекөпір барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли, KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук, China Nonferrous Metal Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ган сөз сөйледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















