Ұландықтар Мароккодағы семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Марокко Корольдігінің Касабланка қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің алтын медалін жеңіп алды. Ұлттық команда құрамында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері табысты өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дәлірек айтсақ, 6636 әскери бөлімінен ефрейтор Вадим Шарлаимов және 7552 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Кирилл Проходов бақ сынады.
Командалық жарыстарда қазақстандық семсершілер дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жеңіске жету жолынан сенімді өтті. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Франция құрамасын 45:39 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшылар Ресей құрамасымен кездесті. Қарқынды дода 45:40 есебімен Қазақстан командасының жеңісімен аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.
Спортшылар Ұлттық ұлан мен Қазақстанды халықаралық спорт аренасында лайықты көрсете отырып, командалық нәтижеге қол жеткізуге елеулі үлес қосты.
Әлем Кубогы кезеңіндегі жеңіс қазақстандық семсершілердің жоғары шеберлігінің, мықты қарсыластармен лайықты бәсекеге түсуге дайын екендігінің дәлелі болды. Әскери қызметшілердің жетістігі сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері отандық спортты дамытуға және елдің халықаралық спорттық беделін нығайтуға үлес қосып жатқандығын көрсетті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 18:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















