Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
17-21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің ең үздік оқушылары бас қосқан білім додасында Алматы облысының намысын қорғаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл жоғары нәтиже – оқушының алғырлығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы дайындығының жемісі.
Білім басқармасы Нұржан Өтешқалиевті арнайы құттықтап, жас дарынның алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Алматы облысының білімді жастарының мұндай жетістіктері – өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым әлемінің болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 07:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















