Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы келісімдер ратификацияланды

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы келісімдер ратификацияланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сонымен қатар ДСҰ аясындағы Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстанның ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы ратификациялық заң екінші оқылымда қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақ­тастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң екі оқылымда қабылданды. Құжаттың негізгі ережелерін Ішкі істер ми­нистрінің орынбасары Санжар Әділов таныстырды.

– Келісімнің мақсаты – мемлекеттер­дің құзыретті органдарының өзара іс-қи­мы­лын ұйымдастыру үшін құқықтық не­гіз қалыптастыру. Келісім ұйымдасқан қыл­мысқа, терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, сондай-ақ заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы бірлесіп күресуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында жедел ақ­парат алмасу және озық тәжірибемен бөлісу көзделген, – деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ аталған келісімде ұлттық заң­наманың мүддесін қорғайтын бірқатар шектеу қарастырылған. Атап айтқанда, сұрау салуды орындау мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне зиян келтіруі мүмкін болса немесе ұлттық заңнамаға қайшы келген жағ­дайда тараптар құқықтық көмек көрсетуден бас тарта алады.

Талқылау барысында депутаттар Қазақстан мен Қатар арасындағы келісімді іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ келісімнің құрылымы мен өзара іс-қимылдың негізгі тетіктері туралы мәселелерді көтерді.

Ішкі істер министрінің орынбасары бү­гінде Қазақстанның әлемнің 23 мем­леке­тімен осындай келісім жасасқанын атап өтті. Бұл қатарда Франция, Италия, Қы­тай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдер бар. Құжатты ра­тификациялау Қатармен де осы бағыт­та­ғы жүйелі жұмысты жолға қоюға жол ашады.

Құрылтай сондай-ақ «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адам­дарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хат­таманы ратификациялау туралы» заң­ды екі оқылымда қабылданды.

­Қосымша баяндама жасаған депутат, Конституциялық заңнама, сот жүйесі жә­не құқық қорғау органдары комитетінің мү­шесі Берік Беркімбаевтың айтуынша, құ­жат ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ара­сында адамдарды іздестіру саласында­ғы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.

Қазір бірқатар ТМД мемлекеттерінің ара­сында визасыз режимнің қолданылуы азаматтардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беріп отыр. Алайда мұндай мүмкін­дік­ті құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген адамдар да пайдалануы ықтимал. Осыған байланысты мемлекеттердің құзыретті органдары арасында жедел ақпарат алмасудың маңызы артып отыр.

– Хаттама Шартқа қатысушы мем­лекет­тердің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасудың қазіргі заманғы цифр­лық нысандарын құқықтық негізде бекітуді көздейді. Мұндай тетіктерді халықаралық-құқықтық тұрғыда бекіту мем­леке­тара­лық өзара іс-қимылды неғұрлым жедел және тиімді етуге ықпал етеді, – деді Берік Беркімбаев.

Аталған құжатты талқылаған депутаттар осы келісімге қосылмаған мемлекеттердің аумағында іздестіруді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттер арасында ақпарат алмасу тәртібі туралы мәселелерді қозғады.

Отырыста «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң да екі оқылымда қабылданды. Құ­жат Қазақстанның Будапешт кон­венция­сы ретінде белгілі Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияға қосылуы­на бағытталған.

Қосымша баяндама жасаған Құрылтай депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ қазір киберқылмыстардың трансшекаралық сипатқа ие екеніне назар аударды. Оның айтуынша, қылмыс жасаған адам, жә­бірленуші, сервер, провайдер және тер­геп-тексеруге қажетті электрондық дерек­тер бір мезгілде әртүрлі мемлекетте ор­наласуы ықтимал. Мұндай жағдайда тергеп-тексерудің тиімділігі халықаралық өзара іс-қимылдың жеделдігіне және цифрлық дәлелдемелерді уақытылы сақ­тау мүмкіндігіне тікелей байланысты.

– Конвенция компьютерлік қылмыс­тар туралы істер бойынша ынтымақтас­тықтың және электрондық дәлелдемелермен жұмыс істеудің бірыңғай құқықтық тәсілдерін қалыптастырады. Оның Қазақстан үшін практикалық маңызы – қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарымен заңды өзара іс-қимыл арналарының кеңеюінде, бұл соның ішінде, компьютерлік деректерді жедел сақтау жә­не кейіннен оларды белгіленген тәртіппен алу қажеттілігі туындаған кезде көрінеді, – деді Үнзила Шапақ.

Конвенцияға қосылу қолданыстағы екіжақты шарттар мен құқықтық көмек көрсетудің басқа да халықаралық тетікте­рін алмастырмайды. Керісінше, оларды ки­берқылмысқа қарсы күрестің маман­дан­дырылған құралдарымен толықтырады.

Депутаттар сондай-ақ Қазақстан азаматтарының дербес деректерін қорғау кепілдіктері және шетелдік құқық қорғау органдарының бұл деректерге қол жеткізу шарттары, Еуропа Кеңесінің Будапешт конвенциясы мен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясының айырмашылықтары, шетелдік құқық қорғау органдарының еліміздің аумағында қызмет ету тәртібі туралы сұрақтар қойды.

Үнзила Шапақ халықаралық ынтымақтастық ұлттық заңнаманы, процестік кепілдіктерді, адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып жүзеге асырылатынын атап өтті. Конвенция шет­елдік органдар Қазақстанның ақпараттық жүйелеріне бақылаусыз қол жеткізеді дегенді, сондай-ақ мемлекеттік өкі­леттіктер шетелдік тарапқа беріледі деген­ді білдірмейді.

Бұған қоса, Құрылтай «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Көрсе­тілетін қызметтер бойынша Қазақстан Рес­публикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратифи­кация­лау туралы» заңды екінші оқылымда қа­был­дады.

Құжат бойынша баяндама жасаған Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комите­тінің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Динара Райханова заң жобасының 16 қыр­күйекте бірінші оқылымда мақұлдан­ғанын атап өтті.

Құжат Қазақстанның Көрсетілетін қыз­меттерді ішкі реттеу бойынша ДСҰ қа­ғидаларына қосылуына бағытталған. Оның негізгі мақсаттары – қызмет нары­ғында тең жағдай қалыптастыру, рұқсат құжаттарын беру кезінде біліктілік талаптары мен мерзімдерді белгілеудің ашық­тығын арттыру, қызмет нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және ДСҰ-ға мү­ше мемлекеттермен өзара іс-қимыл ая­сын­да отандық қызмет көрсетушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.

Депутат Динара Райханованың айтуынша, ДСҰ қағидаларына қосылу Қа­зақ­станның инвестициялық тартымды­лығын арттыруға, инвесторлардың сені­мін нығайтуға және бәсекеге қабілетті қызметтер нарығын дамытуға бағыттал­ған.

Отырыс соңында Құрылтай депутаттары өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік ор­­­­­ган­дарға 15 депутаттық сауал жолдады. Олардың барлығы Құрылтайдың ресми сайты мен Telegram арнасында жарияланды.

Құрылтай отырысының қорытындысы бойынша Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау мә­селесіне қатысты БАҚ өкілдеріне ар­нал­ған брифинг өтті. Журналистердің сұрақ­тарына Ішкі істер вице-министрі Сан­жар Әділов пен Құрылтай депутаты, Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі жә­не құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ және ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай жауап берді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 03:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары