Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Балидегі демалыс кезінде таксимен жүру қазақстандық Динара Алшын үшін жағымсыз жағдаймен аяқталды: оның картасынан 15 миллион индонезиялық рупий - шамамен 383 мың теңге ұсталған. Әйелдің айтуынша, жүргізуші басында оған бұдан жүз есе аз соманы көрсеткен. Енді ол өзге саяхатшыларды осындай жағдайдан сақтандырғысы келеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Тек екі нөл қоса салған"
Динараның айтуынша, оқиға қазан ортасында Балиге сапарында болған. Ол алғашқы видеосын банк картасынан күтпеген жерден ақша алынғанын білген бойда жазған.
"Өмірімде бірінші рет алаяқтардың арбауына түстім", - деді ол.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by ДИНАРА | МОДЕЛЬНЫЙ ПРОДЮСЕР | ОРГАНИЗАТОР (@dinara_alshyn)
Сапар алдында жүргізуші оған телефоннан қызмет құнын көрсеткен. Алайда межелі жерге жетіп, төлем жасау керек болғанда, төлем терминалындағы сома айтарлықтай жоғары болып шыққан.
Қыз ақшаның ұсталғанын қалай білді?"Жол ақысы үшін менен 150 мың индонезиялық рупий ұсталуы керек еді, бірақ сома қалай екені белгісіз 15 миллион рупийге айналып кеткен. Тек екі нөл қоса салған да, ақшаны шығарып алған", - дейді ол.
Екінші видеосында қазақстандық жол бойы интернеті болмағанын түсіндірді. Сондықтан такси ақысын Apple Pay арқылы банк картасымен төлеуге мәжбүр болған.
Төлем туралы хабарлама бірден келмеген. Динара оны мейрамханаға жетіп, желіге қосылғаннан кейін ғана көрген.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by ДИНАРА | МОДЕЛЬНЫЙ ПРОДЮСЕР | ОРГАНИЗАТОР (@dinara_alshyn)
Қыздың айтуынша, полицияға жүгіну оңай болмай тұр: ол жүргізушінің есімін білмейді және оны түрінен тани алмайды. Сапар кезінде ер адам маска тағып алған.
Оқиғадан кейін Динара Индонезияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан. Оның айтуынша, елшіліктегілер көмектесуге уәде беріп, жүргізушінің кім екенін анықтау үшін банк картасының үзінді көшірмесін жіберуді сұраған.
Қазақстандық бұл оқиғаны аяушылық туғызу үшін емес, басқа саяхатшыларға такси ақысын төлеу кезіндегі ықтимал қауіптер туралы ескерту үшін айтып бергенін қадап айтты.
"Мұны аяныш тудыру үшін емес, өзгелерге ескерту жасау үшін бөлісіп отырмын. Төлем жасағанда абай болыңыздар. Бали маған көптеген әдемі сәттер сыйлады, бірақ бұл жағдай жадымда ұзақ сақталары анық. Қазақша айтқанда, садақа. Қазір мән-жайды анықтап жатуға уақыт жоқ - үйге қайтуым керек. Ақша табылады", - деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, мұндай жағдайлар Қазақстанда да болып тұрады. Қыркүйек айында австралиялық туристің Алматы әуежайынан қалаға дейінгі сапары такси жүргізушісімен жанжалға ұласқан болатын. Басында ер адам жол ақысы 2 мың теңге болады деген, бірақ межелі жерге келгенде сома кенеттен 32 мың теңгеге дейін өскен. Кейін бұл жағдай бопсалауға ұласты.
Іс сотқа жолданды, егер жүргізуші кінәлі деп танылса, оған қомақты айыппұл салынуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















