Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Кофта үшін болған жанжал жолаушыларға 14 миллион теңгеге түсті

Кофта үшін болған жанжал жолаушыларға 14 миллион теңгеге түсті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыда Air Astana әуекомпаниясының Алматы - Бангкок рейсі бортындағы төбелес ісі бойынша үкім шықты. Жанжал былтыр желтоқсанда ұшақ ұшқанға дейін болған. Сот екі шетелдікті әуе кемесі бортында бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оларға ірі көлемде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Сот кабинеті материалдарына сүйенсек, істі Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қарады. Мәлімет бойынша, жанжал 2025 жылғы 14 желтоқсанға қараған түні Air Astana-ның КС-931 рейсінде болған. Сот деректеріне сүйенсек, Қырғызстанның екі азаматы ұшар алдында Алматы әуежайының халықаралық терминалындағы күту аймағында ішімдік ішіп, содан кейін ұшақ бортына мінген.

Кейінірек ұшақ салонында жолаушылардың бірі мен Грузия азаматы арасында кикілжің туындаған. Соттың мәліметінше, орындық жақтауындағы күрте жанжалға себеп болған. Жолаушылардың бірі оны абайсызда аяғымен түртіп кеткен, содан кейін жанжал басталған.

Жәбірленуші сотта алдыңғы қатардағы жолаушының жағдайға шұғыл реакция көрсеткенін, кейін жанжалдың тез арада төбелеске ұласқанын айтып берді.

"Аталған жанжал төбелеске ұласып, ол алдымен бетінен, содан кейін оң көзінен соққы алған", - делінген жәбірленушінің айғақтарында.

Куәгерлер не деді?

Дегенмен, куәгерлер мен жолсеріктер оқиғаның басқа нұсқасын айтты. Салонда болған бірнеше куәгер ер адамдардың жанжал басталғанға дейін-ақ өздерін агрессивті ұстағанын жеткізді. Жолаушылардың айтуынша, ер адамдар дауыс көтеріп ұрсысқан, балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқан.

Жолсеріктердің бірі алдымен ұшақтың құйрық жағынан айқай-шу естігенін, ал жақындап барғанда жолаушылар арасындағы төбелесті көргенін айтты.

"Кейін бұл жанжалға отырған жолаушы қосылды, ол да кикілжің шығарып, балағаттай бастады", - делінген сот материалдарында.

Экипаж мүшелері авиациялық қауіпсіздік қызметін шақыртты. Нәтижесінде жанжалға қатысушылар рейстен шығарылып, полицияға тапсырылған. Ұшақ Тайландқа шамамен бір сағаттық кідіріспен ұшқан.

Еске сала кетейік, оқиғадан кейін бірден төбелес видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сол кезде көліктегі полиция департаменті оқиға дерегін растап, борттан төрт шетелдіктің түсірілгенін, олардың екеуі мас күйде болғанын хабарлаған еді.

"Олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан", - деп хабарлаған еді сол кезде көлік полициясы.

Сот-медициналық сараптама мәліметтері бойынша, жәбірленушінің беті мен қолында көгерулер анықталған. Жарақаттар денсаулыққа зиян келтірмеген деп сараланды.

Сот қандай жаза тағайындады?

Сот екі шетелдікті де әуе кемесі бортында адамдар тобымен жасалған бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп таныды. Жаза тағайындау кезінде ер адамдардың бұрын сотталмағаны, кінәларын мойындап, өкінетіндігі және жас балалары бар екені ескерілді.

Сотталғандардың әрқайсына 7,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Алайда, желтоқсаннан сәуірге дейінгі күзетпен ұстау мерзімін ескере отырып, қорытынды сома әрқайсы үшін 5,898 миллион теңгеге дейін азайтылды.

Сондай-ақ сот сотталғандардан жәбірленушілерге өтемақы қорына міндетті төлемдер мен процестік шығындарды өндіру туралы қаулы етті.

Үкім 2026 жылғы 5 мамырда заңды күшіне енді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 12:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see135

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see132

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see129

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see129

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see127

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see126

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see125

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see125

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see125

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see125

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see124

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see123

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see123

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see123

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see122

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see122

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары