Украина қазіргі майдан шебі бойынша соғысты тоқтатуға дайын Зеленский
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен арадағы соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебін сақтай отырып тоқтатуға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сұхбат барысында жүргізуші Зеленскийден соғыс қимылдары қазіргі позицияларда тоқтатылып, ел аумағының 75 пайызы немесе одан да көп бөлігі Украина бақылауында қалатын бейбіт келісімге келісе ме екенін сұрады.
"Иә, қазір бізге [майдан шебін] тоқтатып қою қажет. Меніңше, бұл - соғысты аяқтаудың нақты жолы. Президент Трамп айтқандай, біз мұны оқ атуды тоқтату немесе адам өлтіруді доғару деп атаймыз", - деп жауап берді Зеленский.
Украина президентінің айтуынша, соғыс қимылдарын тоқтату қақтығысты одан әрі реттеудің алғашқы қадамы болуы тиіс.
Ресей тарапы не деді?"Тоқтатып, кідіре тұру керек. Бұл - бүгінде бізге Ресейден қажет ең төменгі талап. Содан кейін біз президент [АҚШ] пен еуропалықтардан қауіпсіздік кепілдігін сұраймыз", - деді ол.
Сол күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Украинадағы қақтығыстың аяқталу перспективасына қатысты пікір білдірді.
"Қаншалықты жақындап қалғанымызды білмеймін, бірақ іс соған бет алды", - деді Ушаков журналистердің қақтығыстың ықтимал аяқталуы туралы сұрағына жауап бере отырып.
Бұл мәлімдеме Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Санкт-Петербургтегі кездесуінен кейін жасалды.
Ушаковтың айтуынша, Ресей тарапы қарашаның ортасында Украина және АҚШ-пен үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін білдірген. Келіссөздер өткізілуі мүмкін орын ретінде Абу-Даби қарастырылып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. Оның пікірінше, бұл "2.0. Ыстамбұл формуласы" негізінде келіссөздерге оралуға және қауіпсіздік кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады.
"Осы алауыздықты уақытша доғаруға болады. Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе, амал. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі", - деді Мемлекет басшысы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 20:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















