Жамбыл облысында балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Қордайда балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған.
Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 5 қазанда ұлын балабақшадан дене жарақаттарымен алып шыққан.
Бастапқыда қызметкерлер мұны "балалардың өзара төбелесі" деп түсіндірсе, кейінірек тәрбиеші "балаларды ажыратамын деп байқаусызда тиіп кетті" деген сылтау айтқан.
Балабақша басшылығы бейнежазбаны көргеннен кейін сол күні тәрбиешімен еңбек шартын бұзған.
"Аталған дерекке қатысты "кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр", - дейді полиция.
Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 21:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















