Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандағы қалалар мен ауылдарда Республика күніне орай 5 мыңға жуық мемлекеттік Ту ілінеді. «Әділет» партиясының Жастар қанаты «Менің Елім – Менің Туым» патриоттық акциясын ұйымдастырды. 25 қазанға дейін жалғасатын акция еліміздің барлық өңірін қамтып, мыңнан астам белсенді жасты, спортшыны, кәсіпкер мен тұрғынды ұйыстырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекеттік Ту бүкіл ел аумағындағы тұрғын үйлер мен ұйымдардың ғимараттарына ілінеді. Бастама мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруды және қазақстандықтарды ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіне топтастыруды мақсат етеді.

Акция Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында басталды. Мұнда 500-ге жуық адам Қазақстанның мемлекеттік Туын желбіретіп, Әнұран орындады және KZ жазуы пішінінде сапқа тұрды. Ал Астанада Ту Республика даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге ілінді. Қарағандыда акцияға студенттер қауымы қосылды: партия Жастар қанатының белсенділері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің жатақханасына мемлекеттік Туды ілді.

Іс-шараға қатысқан Құралай Баймолдина аталған акцияның жастар үшін маңызы мен осындай дәстүрді сақтаудың мәніне тоқталып, өз пікірімен бөлісті.

«Мұндай бастамалар құрдастарымның бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, туған жерге деген құрметімізді арттырады. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл акция баршамызды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретініне сенімдімін», – деді ол.

Республика күні қарсаңындағы іс-шараға Шымкент қаласының жастары да қосылды. Мұнда Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты викторина өтті.

«Бүгінгі викторина – біз үшін өте қызықты әрі пайдалы. Ойын барысында еліміздің тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы білімімізді тексеріп, көптеген жаңа мәлімет алдық. Мұндай іс-шаралар дүниетанымды кеңейтіп, білімге деген қызығушылықты арттырады, сондай-ақ топтасып жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», – деді викторинаға қатысушы Диас Базаралыұлы.

Мерекелік бағдарлама патриоттық акциялардан бастап, жастарға арналған танымдық ойындарға дейінгі түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды. Олардың ортақ мақсатын «Әділет» партиясы Жастар қанатының өкілдері атап өтті.

«Мемлекеттік Ту – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, сондай-ақ еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілігіміздің символы. Мұндай бастамалар патриотизмді нығайтуға және өз еңбегімен, белсенді азаматтық ұстанымымен Қазақстанның дамуына үлес қосатын жасампаз ұлт қалыптастыруға ықпал етеді», – деді жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов.

Айта кетейік, «Менің Елім – Менің Туым» акциясы 25 қазанға дейін жалғасып, Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналады. Салт-дәстүрді сақтау, тарихқа құрметпен қарау және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету – «Әділет» партиясы атқарып жатқан жұмыстың маңызды бағыты болып қала береді.

Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды кезеңге айналды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мерекеге ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see141

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see125

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see119

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары