Мұнай мамыр айынан бергі ең жоғарғы деңгейге көтерілді: бұл Қазақстан үшін нені білдіреді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы мен шикізат жеткізіліміндегі іркілістерге қатысты қауіпке байланысты әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 115 долларға жуықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана уақыты бойынша сағат 10:30-дағы жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 5,05 пайызға қымбаттап, 2026 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет барреліне 114,32 долларға жетті.
ice.com сайтынан скриншот
Америкалық WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 3,60 пайызға өсіп, барреліне 100,65 долларды құрады.
ice.com сайтынан скриншот
Бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы шиеленістің артуы мен мұнай жеткізудегі ықтимал іркілістер себеп болды. Мұнай инфрақұрылымы мен негізгі теңіз бағыттарының айналасындағы оқиғалар жағдайды одан сайын ушықтыра түсті.
21 қазанда Йемендегі хуситтер Аден әуежайы мен Сауд Арабиясының қаладағы жедел штабына баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеді. Осы оқиғадан кейін Saudi Aramco Дахрандағы бас кеңсесінен қызметкерлерді эвакуациялауға бұйрық берді.
Әлемдік сауда мен энергия тасымалының маңызды бағыты - Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы ұрыстар қосымша алаңдаушылық туғызып отыр. 22 қазанда Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы мұнайды заңсыз айдауға қатысы бар делінген төрт кеменің өртенгенін хабарлады.
Бұдан бөлек, АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздікке төнген қатерлерге байланысты Таяу Шығыстағы бірқатар өкілдіктерден дипломаттардың отбасы мүшелерін әкету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазақстан мұнайының жағдайы қандай?Қазақстандық экспорттық CPC Blend маркасы да жоғары деңгейде саудаланып жатыр. 22 қазандағы жағдай бойынша оның бағасы бір күнде 0,76 пайызға артып, барреліне 129,21 долларға жетті.
Бұған дейін Tengrinews.kz қазақстандық мұнайдың кейбір кезеңдерде эталондық Brent маркасынан қымбат болғанын жазған еді. Сарапшылар бұл жағдайды жеткізу бағыттарының өзгеруімен, баламалы көздерден алынатын шикізатқа сұраныстың артуымен, сондай-ақ әскери тәуекелдерге байланысты танкерлерді фрахттау және жүктерді сақтандыру шығындарының өсуімен түсіндірді.
Бағаның өсуі Қазақстан үшін не білдіреді?Қазақстан үшін әлемдік мұнай бағасының көтерілуі экспорттық табыс пен бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюын білдіруі мүмкін. Мұнайдан түсетін табыс Ұлттық қордың толығуына және валюта нарығындағы жалпы ахуалға да әсер етеді.
Сонымен қатар оң әсер тек бағаға емес, өндіру және экспорттау көлеміне, тасымалдау шығындарына және шикізатты сату шарттарына да байланысты болмақ.
Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінде базалық көрсеткіштер бекітілген: мұнайдың барреліне 60 доллар және доллар бағамы 540 теңге. Атап айтқанда, экспорттық кірістер мен мемлекеттік шығыстар осы параметрлер негізінде есептеледі.
Сонымен қатар Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде белгіленген. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, бұл бағдар шамамен 18 халықаралық қаржы ұйымының консенсус-болжамы негізінде қалыптасқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 11:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















