Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды. Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға, ал базарларда сауда жасайтындарды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бөлшек сауданың тауарлық құрылымында азық-түлік тауарларын өткізу қарқыны жоғары болды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға өсті.
Өңірлер бөлінісінде бөлшек сауданың өңірлік құрылымында ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесіл, жалпы сауда көлеміндегі үлесі 32,8%-ды құрады. Одан кейін Астана қаласы (14,2%), Қарағанды облысы (7%) және Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) орналасқан.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 40 707,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Олардың үлесі 80%-ды құрады.
Көтерме сауданың жалпы көлемінде ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі (35,1%). Одан кейін Астана қаласы (14,5%), Атырау облысы (13,5%) және Шымкент қаласы (6,3%) орналасқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 12:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















