Залал 485 млн теңге: Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Балқаш қаласына жақын жерде заңсыз қазылған үш карьер анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кені заңсыз өндірілген. Оны "Vertex Co." және "MiningMetall" ЖШС директоры ұйымдастырған.
Бірақ ешқандай рұқсат қағаздары болмаған.
"Кен орындарын игеруге жалдамалы жұмысшылар мен экскаваторлар, тиегіштер, кен ұсататын қондырғы және самосвалдар сияқты арнайы техникалар тартылған. Тексеру барысында жердің үстіңгі қабаты ауқымды көлемде аршылып, кен қазылған үш карьер анықталды", - дейді агенттік мамандары.
Өндірілген кен сыртқа шығару және сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған. Ал қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен.
Мамандардың есебі бойынша бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіру үшін 485 млн теңге қажет.
Қазіргі кезде соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды.
Күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 11:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















