Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

новости на сайте Ак Жайык

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан құрамасы Испанияның Рокетас-де-Мар қаласында 20 қазанда аяқталған 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы FIDE әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Республика күні қарсаңында ел қоржынына түскен 7 алтынның бірін 13 жастағы Данис Қуандықұлы жеңіп алып, мансабында үшінші рет Әлем чемпионы атанды.

Халықаралық біріншілікке әлемнің 82 елінен 721 шахматшы қатысты. Олар 11 тур бойы 12 жас пен гендерлік санат бойынша жүлделерді сарапқа салды. Жалпы есепте 13 медаль (7 алтын, 2 күміс, 4 қола) еншілеген Қазақстан құрамасы Моңғолия мен Өзбекстанды артта қалдырып, көш бастады. Жас спортшы Данис Қуандықұлы бұл жеңісін Республика күніне арнады.

Данис 13 жасқа дейінгі ұлдар санатында мүмкін болған 11 ұпайдан 10,5 ұпай жинап, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ол 10 партияда жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады. Қазақстандық шахматшы жарысты бірде-бір жеңілмей өтіп, екінші орындағы Египет спортшысынан 1,5 ұпайға ұзаpoint озып кетті. Данис әлем чемпионатына Жансая Әбдімәлік академиясында Allur компаниясының қолдауымен дайындалған.

Бұл – Данистің карьерасындағы үшінші әлемдік титул. Ол алғаш рет 2023 жылы Египетте 10 жасқа дейінгі шахматшылар арасында топ жарса, екі жылдан кейін Алматыда өткен біріншілікте 12 жасқа дейінгі санатта жеңісті қайталады.

Бұдан бөлек, өз жас санатында Лейла Алдажарова, Макар Чернышов, Амалия Едрешева, Милана Филиппова, Әміржан Әнетов және Алдияр Жауынбай әлем чемпионы атанды. Әсіресе 11 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Милана Филиппова барлық 11 партияда жеңіске жетіп, абсолютті нәтиже көрсетті.

Испаниядағы бұл жеңіс отандық шахмат үшін жемісті болған маусымның заңды жалғасы болды. Биыл қыркүйек айында Самарқандта өткен 46-шы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс жүлде иеленген еді. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, қазіргі таңда елімізде «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы 1 500-ден астам мектеп пен 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

Бүгін, 16:59

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 23:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see138

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see136

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see135

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see134

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see133

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see132

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see132

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see132

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see132

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see129

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see129

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see124

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see121

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see120

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see120

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see120

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see117

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see115

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see113

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары