Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Республика күніне арналған AMANAT партиясының Менің елім менің Туым акциясы өтіп жатыр

Республика күніне арналған AMANAT партиясының Менің елім менің Туым акциясы өтіп жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«AMANAT» партиясының «Менің Елім – менің Туым» акциясы Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің жалпыұлттық нышанына айналды. Мәселен, елордада «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратына көлемі 24x12 метр болатын Мемлекеттік Ту ілінді.

Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бастамаға «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері, еріктілер мен қарапайым азаматтар қатысуда. Биыл акцияға 2 мыңнан астам жас қосылып, мереке қарсаңында ел бойынша 10 мыңға жуық туды қалалар мен ауылдарда, мектептерде, аулаларда және өндіріс орындарында ілу жоспарланып отыр. Үйдің, көліктің немесе дүкеннің алдында желбіреген Ту – елге деген мақтаныштың және болашаққа деген сенімнің белгісі.

Мерекеге орай Астана қаласында еліміздегі ғимаратқа ілінген ең үлкен Мемлекеттік Ту «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында желбіреді. Партия өкілдерінің айтуынша, көк Байрақ адамдардың бойында ең ізгі сезімдерді – елге деген мақтаныш пен патриоттық рухты оятуда. Дәл осы Ту түрлі мәдени іс-шараларда, спорттық жарыстарда және Димаш Құдайбергеннің Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы концерті кезінде желбіреген. Сондай-ақ 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы футбол ойынында «Жастар рухы» Жастар қанаты осы Тумен ерекше патриоттық көрініс ұйымдастырған.

Биыл Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданғанына 35 жыл толады. Осы орайда аталған акцияның мәні айрықша. Бұл құжат – Тәуелсіздігіміздің негізін қалаған, демократия, билікті бөлу, теңдік пен еркіндік қағидаттарын айқындаған алғашқы тарихи акт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.

Өздеріңізге белгілі, Президент бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілген болатын.

«Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, аталған акция жастар қауымы үшін аса маңызды.

«Бүгін желбіреген әрбір Ту – саналы таңдауымыздың белгісі. Біз, Тәуелсіз Қазақстанда өсіп-өнген жас ұрпақ, ел ертеңіне деген жауапкершілікті сезінеміз. Патриотизм – біз үшін қастерлі ұғым. Ол ең алдымен туған жерге, елге адал қызмет етуден басталады. Бұл акция бізді ортақ мақсат – Әділетті Қазақстанды құру жолында біріктіреді», – деді ол.

Әр өңірде өтіп жатқан бұл акция халық арасында бірлік пен патриоттықтың мерекесіне айналды. Адамдар суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісіп, елге деген сүйіспеншілігін көрсетіп отыр. Кәсіпкерлер де шет қалмай, туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтар мен шаруа қожалықтарына ілуде. Бүгінде Мемлекеттік Ту – ел алдындағы жауапкершілік пен ынтымақтың символына айналды.

Шымкент қаласындағы акцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жол-көлік колледжінің студенттері қосылды. Олар оқу орындарының ғимараттарына Мемлекеттік Туды іліп, Мұхтар Әуезов ескерткіші маңында көк Туды желбіретті. Елордада «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері Республика даңғылы бойындағы және «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы маңындағы тұрғын үйлерге 200-ге жуық Мемлекеттік Ту ілді. Ал Атырау жастары «Менің Елім – менің Туым» акциясын облыс орталығындағы басты көшелердің біріндегі жаяу жүргіншілер көпірінде өткізді. Сонымен қатар Қостанайда Allur автозауытындағы тоғыз қабатты жатақхананың қасбетіне Ту ілінді.

Айта кету керек, Егемендік туралы декларация қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарға сәйкес келетін мемлекет жұмысының сапалы жаңа жүйесін бекітті. Тұңғыш рет республика тарихында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары қағидаты енгізілді. Саяси және экономикалық бәсекелестікті қамтамасыз ететін ережелер қабылданды. Декларация барлық қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға тең мүмкіндіктерге кепілдік берді. Құжатта аумақтың тұтастығы, егемендігі мен таласқа түспейтін тәуелсіздігі, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары айқын көрсетілді.

Акцияға кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін Мемлекеттік Ту фонында түскен өзінің немесе отбасының суретін әлеуметтік желілерге #republicday, #меніңтуым, #меніңелімменіңтуым хэштегтерімен жариялау жеткілікті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары