Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Түркістанда Республика күніне арналған Қыран елім Қазақстаным атты іс шара өтті

Түркістанда Республика күніне арналған Қыран елім Қазақстаным атты іс шара өтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мерекелік іс-шараға қатысушылар алдымен Алаш қайраткерлерінің отты ойларын тыңдап, өңір өнерпаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады.

Маңызды іс-шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматты марапаттады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

– Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған күн. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларация – еліміздің еркіндікке жасаған алғашқы нақты қадамы. Бүгінде біз әлемге тәуелсіз, бейбіт, біртұтас және дамушы мемлекет ретінде танылдық. Елдігіміз анықталып, шекарамыз белгіленді. Жарқын болашаққа сеніммен қадам басып келеміз. Бұл – бірлік пен парасаттың жеңісі. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Цифрлық даму, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыра отырып, шикізаттық сектордан терең өңдеуді дамытуды тапсырды. Мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жасанды интеллект арқылы жаңғыртуды жүктеді. Сонымен бірге цифрлық технологияларды агроөнеркәсіп пен өңірлік экономикаға енгізу міндетін де жүктеп отыр. Осыған сәйкес Түркістан облысында да нақты шаралар қолға алынды.

Біздің басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Бүгінде Түркістан тек киелі шаһар ғана емес, стратегиялық маңызды өңірге айналды. Біздің алдымызда тұрған міндет – осы тарихи мүмкіндікті толық пайдаланып, Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, ел экономикасына серпін беретін аймаққа айналдыру. Бұл үшін біз бірлігімізді бекемдеп, елдік мүдде жолында жұмыла еңбек етуіміз қажет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Түркістанымыз нұрлы болсын! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Фото: Түркістан облысынығ әкімдігі

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған еңбек адамдары мен мемлекетті дамытуға үлес қосып жүрген қайраткер азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарын тапсырды.

Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және бизнес өкілдері, бақташылар мен машинистер бар. Сонымен қатар салтанатты шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлын марапаттады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы халыққа биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Негізгі бағыттары – өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу. Жобаларды толық іске асыру нәтижесінде 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд. теңге салық түседі. Биыл 332 млрд. теңгеге 57 жобаны іске асырып, 8 174 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 9 айда 33 жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 айда өңір экономикасына 1 трлн. теңге инвестиция бағытталып, 115,9%-ға өсті.

Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі секторы – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген және әртараптандырылған экономиканы құру қажеттілігін айқындап өтті. Өңірдің индустриализация әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалды және 3 арнайы экономикалық аймақтар, шағын өнеркәсіптік парк құрылған. Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд. теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Жалпы өнеркәсіп саласында атқарылған шаралардың есебінен 9 айда 1,1 трлн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 113,5%-ға жетті. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім 855 млрд. теңгені құрап, өсім 101,5% деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша Түркістан облысы –республикада көшбасшы.

Президент 2025 жылы жалпы экономиканың 7% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы межеге жету жолында өңірде айтарлықтай ілгері қадам жасап келеді. Осы жылдың 9 айының қорытындысымен оң динамика байқалады. Қысқа мерзімде экономикалық өсім 114,8%-ға жетті. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсіміне қол жеткізілді.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты. Облыс өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мың бұралған бишілер өнерімен тәнті етті. Атап айтқанда, Сая Махамбет, «Абырой» тобы, әзірбайжандық Лейла Алиева, Руслан Ақынбеков және өзге де әншілер рухты көтеретін әндер шырқап, Республика күнінің мәнін аша түсті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары