Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Сеулде Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Сеулде Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сеулде Республика күніне орай «Қазақстан мен Оңтүстік Корея: кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Құрметті қонақтар қатарында «Aju News Corporation» медиа тобының президенті және Қазақстан–Корея достық қауымдастығының төрағасы Квак Ён Гиль, Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ли Джон Гук, Корея Губернаторлар қауымдастығының (GAROK) Халықаралық дипломатия басқармасының басшысы Ха Тэ Ёк, Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшілері Ким Дэ Сик пен Пэк Джу Хён, The Korea Herald газетінің Президенті Ким Ён Сам, Орталық Азия – Корея Республикасы достық қауымдастығының төрайымы Ли Ок Рён, Сеул медиа технологиялар институтының (SMIT) президенті Хи Хан, Ханкук шет тілдер университетінің профессорлары мен зерттеушілері, іскерлік орта, құқық, медиа және мәдени ұйым өкілдері болды.

Елші Нұрғали Арыстанов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Республика күні — халқымыздың ғасырлар бойғы тәуелсіздік пен мемлекеттілік туралы арманын бейнелейтін символ» деген сөздерін келтірді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономика, дипломатия, инновация және әлеуметтік салада айтарлықтай жетістіктерге жеткені аталып өтті.

Елші Мемлекет басшысы іске асырып жатқан елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына тоқтала келе, жасанды интеллектті дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу, «ақылды қалалар» салу және Парламент реформасы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Н.Арыстанов Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің маңызын ерекше атап өтіп, саяси диалогтың, экономикалық ынтымақтастықтың және гуманитарлық алмасулардың тұрақты өсіп келе жатқанын жеткізді.

2025 жылғы 15–16 қазан Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегацияның табысты сапары өтіп, онда жаңа инновациялық жоба — Alatau Smart City қаласының кең мүмкіндіктері таныстырылғаны айтылды.

Корея Республикасы Қазақстанның ең ірі үш шетелдік инвесторының бірі әрі ең ірі он сауда серіктесінің қатарында екені аталып өтті. Қазақстанда Shinhan Bank, BNK Bank, Hyundai, KIA, Samsung Electronics секілді ірі компаниялар табысты жұмыс істеуде. Елші 2025 жылы іске қосылған жаңа бірлескен жобалар туралы да хабарлады: Қостанайдағы KIA зауыты, Алматыдағы Open Healthcare медициналық орталығы және Samsung Electronics тұрмыстық техника өндірісі.

Адамдар арасындағы байланыстар саласында да айтарлықтай өсім байқалады: екі ел арасындағы әуе рейстері аптасына 20-ға дейін артты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сапарлар саны айтарлықтай өсті: Қазақстанға Корея Республикасының азаматтары 28%-ға  артып — 17 202 адам келсе, Кореяға сапарлаған Қазақстан азаматтарының саны 19,4%-ға ұлғайған — 37 737 адам барған.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар аймақтық, ғылыми және білім беру деңгейіндегі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты. GAROK ұйымының атынан сөйлеген Елші Ха Тэ Ёк өңіраралық дипломатияның маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылғы қыркүйекте Түркістанда өткен Орталық Азия мен Корея өңірлері ынтымақтастық форумының табысты өткенін айтты.

Қатысушылар Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалады және стратегиялық серіктестіктің одан әрі дамуы Қазақстан мен Корея арасындағы тұрақтылықты, өркендеуді және достықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары