Алматыда хостел өртеніп, төрт адам зардап шекті
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өрт Алатау ауданына қарасты Әйгерім-1 шағынауданындағы Пригородная көшесінде болған.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеті минут ішінде жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде шатырдың бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқан", – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Металл жабынды шатырдың ағаш торламасы арқылы жалын тез таралған. Өрттің көршілес тұрғын үйлерге таралу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жақын маңдағы үйлерге жетуіне жол бермеді.
Өрт 180 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оны сөндіру барысында шатыр опырылып түскен.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр, қалған екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Барлық зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында өртенген ғимараттың заңсыз хостел болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Төтенше жағдайлар департаменті бұл мәліметті растаған жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 10:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















