Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әнге айналған тағдыр

Әнге айналған тағдыр

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл қазақ өнері үшін мерейтойлық мазмұнға бай жыл болды десек, артық айтпағанымыз. Сол атаулы оқиғалардың ішіндегі ең елеулісі – кәрі құрлықтың талғампаз тыңдармандарын таңдай қақтырған Әміренің әні. Жаһан жаңалығына айналған айтулы өнер оқиғасына биыл тура ғасыр толды. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Қанат Жүнісовтің «Әміре» қойылымының премьерасы өтті.

«…Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады» деп басталушы еді ғой әйгілі «Әнші» әңгімесі. Әміре туралы Жүсіпбек Аймауытовтан артық асырып айту мүмкін бе, сірә? Оның үні – ғасырда бір туатын ғажап дауыс, ал өмірі – өксік пен өкінішке толы трагедиялы тағдыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировтің режиссерлік сараптауы аңыз тұлғаның дәл осы қырына тереңірек үңіліпті. Әміренің әншілігінен бөлек, адами болмысын, даңқ шыңына көтерілген жұлдызды шағымен қатар, өмірінің соңғы сәтіндегі арман мен мұңын қатар өріп, келешек ұрпақ үшін өнегелі өнер тудырыпты.

Алғашында моноспектакль болып қойылған туындыны, шығармашылық топ кейінірек кейіпкерлермен байытып, музыкалық драма етіп жаңаша сөйлетіпті. Десе де, қос қойылымды да салыстырып көруге мүмкіндік туған көрермен ретінде, спекаткльдің алғаш­қы моноспектакль формасындағы нұсқасын сәтті санаймыз. Себебі дәл сол қалыбында әнші трагедиясы тереңірек ашылып, ал басты рөлді сомдаған театр­дың талантты әртісі Оразалы Игіліктің де бар мүмкіндігін танығандай тамсанып шыққан едік. Жалғыз актердің сахнада жарқырай жүріп өнер көрсетіп, Әміренің де жан жарасын жеткізудегі жан-жақтылығы көңілге айрықша құр­мет орнықтырғанын да ерекше атап өткіміз келеді.

Жалпы, моноспектакль – қойылым түрлерінің ішіндегі ең ауыры һәм қиыны. Кезіндегі кәсіби театр негізін қалаған Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов сынды саңлақтар салған сахнадағы сара жол соның айғағы болса керек. Демек, моноспектакльге бара алатын актердің де шеберлік һәм шығармашылық қуаты мықты болғаны абзал. Олай болмаған жағдайда, моноспектакліңіз де өз діттегеніне жетпей жығылады. Бұл тұрғыдан келгенде, Әміре рөлін ойнайтын актерге режиссер таңдауы дөп түскен. Әні де, сәні де, үні де, ұғымы да бір бойында ұтымды үйлескен талантты әртіс, шын мәнінде, көрерменін Әміре әлеміне жақындатқандай болды.

Рас, бұған дейін кино тілінде де, сахна төрінде де түрлі Әмірелер қойы­лып келді ғой. Бірақ кейде сол қойы­лымдардан Әмірені таба алмай жиі пұшайман күй кешетініміз ұмытыла қойған жоқ. Себебі бірде режиссер аңыз әншінің тілін қазақшаға шорқақ, көркін күн қақпаған тым жылтырақ асфальт баласы деп көрсе, келесіде бас кейіпкер екінші орынға сырғып, басты планға 1925 жылғы Париждегі жәрмеңке атмосферасы шығып кетіп, көңіл күмілжитін. Енді бірінде ән сала алмайтын актерлер сахнада Әміре болып жүргенін көріп, көңіл қалған тұстар да жиі ұшырасты шығармашылық тәжірибемізде. Ал бұл Әмірені бірден қабылдауымыздың сыры – қазақтың иен даласында өскен қара баланың рухы, шыңылтыр үні басты рөлді сомдаған актер Оразалы Игіліктің бойынан табылды, онысы моноспектакль табиғатында сәтті ашылды. Кескіндейтін бейнесін, кейіпкерін ішіне сіңіргені соншалық, актердің Әміре рухымен бітеқайнасып кеткендей әсер қалдырды.

Спектакль атақты Қоянды жәрмең­кесіндегі жас Әміренің алғашқы қадамын суреттеуден басталып, «Ес-ай­мақ» кезеңінде кәсіби тұрғыда кемелденген шағына, Париж төрінде абырой биігіне көтерілген тарихи сәтіне дейін шарықтайды. Алайда дәл сол даңқ шыңнан кейінгі тағдырдың күрт құлдырауы – өнерпаз өміріндегі ең үлкен трагедия ретінде сахна тілінде нанымды ашылды.

Оразалы Игілік бір спектакль бойын­да ән айтып, сөз сөйлеп, Жапал, Ақан сері сынды бірнеше күрделі бейнені қатар алып шықты. Әсіресе аталған екі бейне Оразалының орындауында шеберлікпен ашылды. Актер әр образға сыртқы ұқсастықпен емес, ішкі жан әлемімен бойлап, олардың тағдырын өз жүрегінен өткізе білді. Әміре, оның айналасындағы замандастары, қоғам үні – бәрі актердің ішкі пластикасы мен дауыс мүмкіндігі арқылы шынайы көрініс тапты. Мұны бүгінгі театр әртісіне жүктелетін әмбебаптық қасиеттің үздік үлгісі деп бағаласақ, қателеспейміз. Себебі ән мен драманы қатар алып жүру, сахнада жалғыз тұрып көп тағдырды сөйлету – үлкен кәсіби дайындық пен ішкі мәдениетті талап ететін биік меже.

Спектакльде көпшілік біле бермейтін тарихи деректер де көркем өріледі. Па­риждегі әйгілі өнер байқауына қатысқанына биыл ғасыр болған Әміре Қашаубаевтың 2026 жылы жүз жыл толатын алғашқы кәсіби қазақ театрына нөмірі бірінші бұйрықпен қабылданған тұңғыш әртісі екендігі – ұлттық театр тарихындағы айрықша дерек. Сол секілді алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібектегі» Төлеген партиясын композитор Евгений Брусиловский Әміренің вокалдық мүмкіндіктерін толық ескере отырып, арнайы жазғаны да спектакльде орынды аталады. Алайда Париж сапарынан кейін «Мұстафа Шоқаймен жүздесті» деген желеумен әншінің басына түскен саяси дүрбелең оның үлкен арманын күл-талқан етті. Опера сахнасындағы асқақ жол, халықаралық деңгейдегі өнер көкжиегі аяқ астынан үзіледі. Бұл трагедия спектакльде құрғақ дерек ретінде емес, адамның ішкі күйзелісі, үзілген үміті арқылы көрер­менге әсерлі жеткізілді.

«Әміренің» моноспектакль форматында қойылуы да рәміздік мәнге ие. Өйткені бұл – алғашқы кәсіби театрдың негізін қалаған Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов сынды сахна саңлақтары салған сара жолдың рухани жалғасы іспетті. Театр­дың сындарлы жолы кезінде дәл осындай жалғыз актердің үлкен ой мен биік жауап­кершілікті арқалауынан басталған еді. Қорыта айтқанда, «Әміре» моноспектаклі – бір тұлғаның тағдырын ғана емес, тұтас бір дәуірдің рухани тынысын сахнада тірілткен қойылым. Ал жас та болса жауапкершілігі мол бейнені үлкен ізденіспен сараптаған Оразалы Игіліктің актерлік еңбегі – қазақ театрындағы әмбебаптық пен рухани тереңдіктің жарқын көрінісі.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары