Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Тасқа айналған ауыл

Тасқа айналған ауыл

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жобаны талқылауға ауыл тұрғындары мәдениет үйіне түгел жиналды. Әкім Талтаңбай Салпаңбаев терлеп-тепшіп әйгілі шопан туралы екі сағат баяндама жасады.

«Мынау кім? Ауылға ескерткіш тұрғызуды қашан тоқтатасыңдар? Басқа айналысатын шаруа жоқ па?» деп сұрақты төтесінен дөп қоятын Намысбек он бес күндік абақтыда жатыр.Тұрмыс тауқыметі туралы дабыл қаққаны үшін қамалды. Әйтпесе, бүгінгі отырыстың ойранын шығаратын еді.

– Бұл кісі өзі өмірде бар ма? – деді ауылға былтыр көшіп келген Жөкетай.

– Не айтып тұрсыз? Тірі адамға ескерткіш қоймайды ғой, – деп мәдениет үйінің директоры Жыршыгүл ұрысып тастады. Әрі қарай ескерткіштің түпнұсқасы қандай болатыны туралы сөз қозғалды.

Бас сәулетші:

– Жерлестер, Қойлыбай ағамыз қолын көтеріп тікесінен тік тұрсын ба, әлде орындықта шалқиып отырсын ба?

– Шырағым,ол жазушы, не болмаса қоғам қайраткері емес қой, мұндай үлгідегі тас мүсіндер өте көп.

Қой баққан адамды қолына таяқ ұстатып жайдақ аттың үстіне отырғызу керек, – деді көпті көрген Қауғабай шал. Халық қол шапалақтады. Залда отырған бір әйел айқайлады. Есімі – Майқұйған.

– Бұл Қойлыбай немене қойды жалғыз өзі бағып па? Әйелі марқұм Шайқұйған менің туған сіңлім,оған да ескерткіш орнату керек, – деді. Халық тағы қол соқты.Әкім бас сәулетшіге қарады.

– Иә,сіз орынды айттыңыз, Шайқұйған жеңгемізді де жобаға кіргіземіз. Ол кісі өрістен келе жатқан Қойлыбай ағамызды шоқ самаурынға шай қайнатып күтіп тұрады.Тамаша безендірілген сәулет өнері болайын деп тұр, – деп бас сәулетші мақтанды.

– Айналайындар, бастамаларың дұрыс екен, бірақ Қойлыбай атақты шопан болғанымен, қойды баққан мына мен, оған отыз жыл жәрдемші болдым, –    деді сексенді алқымдаған бір қаусаған шал.

–    Ата, тірі жанға ескерткіш қойылмайды, жаңа айттым ғой, – деп Жыршыгүл шаңқ етті.

–    Қарағым,онда тұрған не бар? Кеудемде жаным бар кезде тас мүсінімді көріп кету арман болып тұр...

Әлгі қария көзіне жас алды.

– Өте дұрыс,еңбек еткен адамды бағалау керек. Бізде әділдік жоқ, – деген дауыстар жамырай жөнелді. Жәрдемші бірауыздан жобаға кірді.Тағы біреу тыныштықты бұзды. Алпысқа келсе де арақтан аузы құрғамайтын Советбай сахнаға шықты. Әдетінше қызыңқырап алыпты.

– Әкім бала, Қойлыбай ағамның аруағы риза болсын,бірақ мына мен қыста трактормен жем-шөп тасымағанда, оның қойлары аштан қырылатын еді.Маған неге ескерткіш қоймайсыңдар? Тоқалдан туғаным жоқ.

–    Бұйырса,болашақта ескереміз, – деді әкім.

–    Қайдағы болашақ? Давай, жобаға қазір қос, – деп дау шығарды. Оған әйелі Шапанай қосылды. Ғимаратты басына көтерді.Шиеленіс әрі қарай ушығып кетпес үшін Советбай тізімге қосылды.Трактормен шөп тасып жүрген кезі үш метр тасқа қашалатын болды. Бұдан кейін ұлы айқай басталды. Ақыр аяғында ауылға Қойылбай шопанның ұл-қыздары мен құда-жекжаттарына да бір-бір ескерткіш орнатылатын болды. Бас сәулетшінің басы қатты. Әкім жобаға соншама қаражатты қайдан табу керек екенін ойлап отыр.Сөзді ауылдағы ақсақалдар ұйымының төрағасы Кет­шібай алды.

–    Әкім мырза, сіз осы ауылға көп еңбек сіңірдіңіз.Мына ұлы жоба өте керемет болайын деп тұр.Тек бір тамаша тұлғаның ескерткіші жетіспейді.

– Ол кім? – деді бас сәулетші абдырап.

– Талтаңбай Салпаңбаев.

Залда отырғандар «Бәрекелді,табылған ақыл»    деп Кетшібайдың сөзін әрі қарай іліп әкетті. Талтаңбайды жеті атасына дейін жеткізіп мақтады.

Әкім жобаға енді.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 01:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see126

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see125

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see123

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see122

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see122

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see119

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see119

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see118

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see118

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see118

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see118

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see116

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see116

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see115

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see114

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see114

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see114

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see114

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары