Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жарқанатқа айналған әйел

Жарқанатқа айналған әйел

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының репертуарынан қырық жыл бойы түспеген Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасы биыл жаңа қырынан танылды. Өйткені қазақ сахнасындағы әлемдегі ең танымал опереттаның қоюшы-режиссері, дирижері, орындаушылары мен костюмдері, сценографиясы, тіпті декорациясына дейін өзгеріп отыр.

1874 жылы тұңғыш рет Венада қойылып, содан бері төрткүл дүниедегі бекзат өнердің ірі сахналарынан түспей келе жатқан бұл қойылымның қай қырынан алсаңыз да бағы жанып тұр. Тапқыр әзіл, мың құбылған оперетта тыңдарманға айтар өзіндік тағылымына қоса, сопрано, тенор дауысты дарындар мүмкіндігін әйгілейтін де қасиеті бар.

Алматылықтарға ерекше көңіл күй сый­лаған «Жарқанат» опереттасы Жаңа жыл мерекесінің келе жатқа­нын, музыка сиқырын сезіндірді. Көрер­мендерін күлкіге қарық қылып, опера әртіс­терімен қосыла билеп кетердей делебесін қоздырып өтетін әлемдік өнер жауһарын ендігі жерде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Иркин Габитов сахналап отыр. Ол бұған дейін де Абай атындағы театрмен қоян-қолтық жұмыс істегенін айту керек.

Опереттаның сюжеттік желісі ауқат­ты адвокат Генрих Айзенштайнның отбасындағы опасыздықтан басталады. Күйеуінің опасыздығын кешіре алмаған Розалинда кек алуды көздейді. Ығайлар мен сығайлар тоғысқан салтанат кешіне жарғанат болып киініп барып, жұмбақ келбетімен, сымбатымен күллі еркекті есінен тандырған әйелдің айласы адамдардың болмысын, махаббат пен қызғаныштың шекарасын, қуаныш пен қалған көңілдің терезесін айқара ашады. Бекзат өнердің тілімен пенделіктің пердесі ысырылып, жүрекке ауыр тиетін сатқындық жеңіл де ойнақы музыка, өткір әзілмен өріледі. Қаласа – қулығын қырық есекке арта алатын әйел жанының қалтарыстары  опасыздықты кешіре ала ма, жарқанат өмірдің махаббатты сақтап қалуға күші жете ме? Бұл сауалдың жауа­бын көрермен өзі табады.

«Отбасында ғана емес, жұмысында да жауапсыздау, әйелін алдап-сулап бал-маскарадқа досымен тайып тұрған адвокатты Розалинда сол жерде басқа кейіпте табады. Тауып қана қоймай, қылығымен, сымбатымен, жұмбақ бейнесімен күйеуін арбап, өзіне қайта ғашық етеді. Бұл өте жағымды, ойнақы, көңілді аяқталатын жеңіл юморлы спектакль. 

Қоюшы-режиссер Иркин Габитовтің жетекшілігімен опереттаның айналасында жүздеген маман жұмыс істеді. Әйгілі аустриялық композитор Иоганн Штраустың осынау туындысы сахнадан түспей келе жатқанына екінші ғасыр. Дүние жүзінің театрларын жаулаған қойылым алматылық көрермендерге де ұнайды, сұранысқа ие», дейді  Абай атындағы ҚазҰОБТ опера әншісі Надия Наденова.

Премъера алдында сөз алған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы ҚазҰОБТ труппасының көркемдік жетек­шісі Болат Бөкенов: «Қойылым барысында көрермендер тәжірибелі, тісқаққан таланттардың ғана емес, үлкен сахнаға алғаш рет көтерілген жас да­рындардың да өнерінен ләззат ала алады. Әрбір солист өз рөлін жарқы­­рата көрсетіп, биік өнердің салтанатын сезіндіреді. Театр труппасы «Жарқанатпен» еліміздің басқа өңірле­ріне гастрольдік сапарлармен шыққан кезде де ұдайы көрермендердің шынайы қошеметіне бөленіп қайтады. Бізді жұрттың опера өнеріне деген қызығушылығы жоғалмағаны қуантады», дейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңарған қойылым – алматылық­тарға жаңа жыл қарсаңындағы тартуы. «Шаһар тұрғындары мен қонақтары алдағы мерекенің шаттығын сезініп, әзіл-күлкіге толы ғажайып сұлу музыканың сиқырына сапар шеккенін көксейміз», дейді олар.

Розалинда салтанат кешінде мажар ханшайымының кейпінде соңына дейін құпиясын ашпайды. Басында баяу басталып, біртіндеп жігерлене түсетін оның отты әні шынында да әсерлі әрі опера әншілерінің дарынын көрсете алатын сәт дер едік.

Абай атындағы ҚазҰОБТ опера әншісі Наргиз Сәтмұхамбетова: «Бір жағынан жаңарған «Жарқанат» үлкен өнер дәрісіндей болды. Түрлі образдармен жұмыс істегенде әншілердің көңіл күйі де құбылып, сан алуан кейіпке енеді. Мұны көрермен де сезініп, өнер иесі де ішкі бұлқынысын жеткізуге жанын салады», дейді.

Айтқандай, опереттаның шеберлікті талап ететін ең әйгілі тұсы – қызметші Адельдің ария күлкісі.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында РФ Халық суретшісісі опереттаның қоюшы-суретші Вячеслав Окунев: «Жарқанат» – әлемнің барлық сахнасын жаулаған өте танымал қойылым. Мысалы, Ковент-Гарденнің сахнасы сынды, әлемнің ең әйгілі опера жұлдыздарын жарқыратқан туынды. Меніңше, Абай театры да осы деңгейден табылады. Ал князь Ор­лов­­скийдің балында байырғы Вена­ның келбеті мен көне ісмерлердің қолы­нан шыққан костюмдерді көрсетуге барымыз­ды салдық. Балға киетін аппақ көйлек­тердің коллекциясы мен басқа да тама­ша костюмдер тігілді. Көрермен мұндай кереметті көруге, сезінуге тиіс», деді.

Сонымен бірге сахна сыртында жұ­мыс істеген Татарстанның халық әртісі, қоюшы-дирижер Ренат Салаватов пен бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Темірбекованың да еңбегін атап өткен жөн. 

Қорыта айтқанда, Абай атындағы театрға жолы түскен көрермен Балуан Беркенов пен Халид Нұралиев (Генрих Айзенштайн), Наталья Мезина мен Надия Наденова (Розалинда), Наргиз Сәтмұхамбетова мен Анжела Шагаро­ва (Адель), Фархад Көбеев пен Дамир Сәдуақасов (Альфред), Андрей Трегубенко мен Александр Сметанин (театр директоры Фальк), Айдос Жабағин мен Әлихан Бейсеков (князь Орловский) сынды сахна саңлақтарымен қауыша алады.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары