Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Аңызға айналған тұлға

Аңызға айналған тұлға

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кеше ғана қабырғамыз сөгіліп, көз жасымыз төгіліп, ел-жұрт болып егіліп соңғы сапарына шығарып салған Асанәлі Әшімұлының нұрлы жүзін қара жер жасырғанына да қырық күн толды.

Біздің қазақта көзі тірісінде аңызға айналған адамдар аз да емес, көп те емес. Сол санаттағы тұлғаның бірі де бірегейі Асанәлі Әшімұлы еді. Ол туралы жазылған жазбалар, эсселер, портреттер, салынған суреттер, түсірілген фильмдер, арнау өлеңдер, фотоальбомдар, сұхбаттары мен фильмдері, жазған кітаптары бейнелі түрде тәпсірлегенде, бір атанға жүк болар-ау шамасы.

«Кісі баласына қасиет туа бітеді, қабілет жүре бітеді» деген дана сөзге ден қойсақ, дарынсыз адам болмайды. Бұл кісі актер болмаған күнде де жерде қалмас еді. Оны көрген бетте кім-кімнің де тарапынан пайда болатын үлкен бір сүйіспеншілік сезім осылай деуге ден қойғызады. Тұла бойындағы бір ғажайып тартымдылық оның бәрібір тегін адам болмасының айқын айғағындай көзге ұрып тұрар еді.

Асағаң өзінің қатарластары, жақын араласатын адамдарымен қатар, жасы кіші інілеріне де кішілік танытып, ілтипат білдіріп отыратын. Мәдениеттің нышаны ғой, жақтырма­ған адамына соның хабаршысындай ишара білдіретін. Кішілік пен кісілікті қатар ұста­натын. Бірақ соны түсіну үшін саңлау бермегендер болса қайтесің. Оларды да көрдік.

Бірде бір інішек шетелге бара жатқанын айтып, «Сізге қандай сыйлық алып келейін» деді. Әуелде оның сөзіне бұл кісі аса мән бермей, естімеген сыңай танытты. Оны әлгі елейтін емес. Сыйлық жасағысы келсе, жұрт көзінше жария қылмаса да болады ғой. Бірақ анау қояр емес. Асағаң ақырын ғана: «Айналайын, сыйлықты алдымен шешеңе ­ал», деді. Біз көңіліміз босап, мейірленіп қал­дық. Ол да Асағаңның өзі айтатынындай, «бү­гінгі таңдағы інілерінің бірі» еді.

Актердің тірлігінен бір байқағаным, гүл еккенді жақсы көрді. Жұрт көңілінде батыр бейнесінде қалған адамның жанының нәзіктігі, үлбіреп тұратыны сондай, тіпті күнделігіне «Гүлдер де жылайды екен» деп жазды. Кейін осы атпен шағын кітапшасы да шықты. Әсіресе үй ауласының аурасына ерекше көңіл бөлді. Ауладан мәдениеттің, эстетиканың лебі сезіліп тұруын жаны қалайтын. Эстет адам. Ұқыпты келіндерін жақсы көрді. Күнделігінде жазғанындай, ас дайындағанда басына орамал тартпаған «хозяйкалардың» қолынан шай ішпейтін. «Біздің қазақтар үйінің айналасын көгал­дандырмайды, оның орнына картоп егіп тастайды. Алдымен ойлайтынымыз тамақ» деп отыратын жарықтық.

Жеңгеміз Бағдат – өте әсершіл, сезімтал, адал. Бұл да өнер адамы үшін бір бақыт. Асекеңе кешігіп келген бақыт болғанымен, сол бақытты дер кезінде кемеліне жеткізген адам. Бағдат шаһарын бомбылап жатқан тұс еді. Асағаң мен жеңгеміз мәртебелі махаббат­тың арқасында сол кезде табысып, қосылды. Сондағы Асағаңның: «Жұрт Бағдатты бомбылап ала алмай жатыр, мен бір оқ шығар­май алдым» дегені бар. Әрине бұл қалжың. Асекеңнің «...Жан бөлек» деген кітабы шыққан кез. Сол кітапты бір түнде оқып шыққан Бағдат бегімнің өзі айтқандай, «түнімен жылап, мен бұл кісіні бақытты етуім керек» деген шешімге келіп, тағдырын мәңгілікке осы босағаға байлайды. Бұл шаңырақ бүгінде ағайын-туыстың аңқылдап келіп қосылатын қосынына ғана емес, кемел кеңес құратын Алаш ардақтыларының аудиториясына айналды.

Асекең өмірден тек қана әдемі үйлесім іздеді. Сұлулықты, тартымдылықты жақсы көрді. Ұсақ-түйекке көп мән бермеді. Терең, тұнық ойға беріліп, сол төңіректен ғана ләззат тапты. Кітапты көп оқыды, әңгімені жақсы тыңдайтын, өзі де шебер әңгімеші болды. Ал енді бар ғой, надандықтың исі шыққан жерде бір минөт те отырмайтын.

Әрине, бұл қоғамда қанша дарынды болса да өз мүмкіндігінен төмен өмір сүретіндер барын да жасыра алмайсың. Себебі оларға жағымпаздық, жарамсақтық жат. Асағам «менің бизнесім осы кезге дейін жиған абыройым» дейтін. Расында оның мүмкіндігі өзінің жылдар бойғы жанкешті жұмысының жемісі еді. Оған бәрі де өзі келді. Атақ та, абырой да. Әрине оңайлықпен келген жоқ. Енді осыған қарсы бір таңғажайып антипод бар. Олар өз мүмкіндігінен жоғары өмір сүретіндер. Бұлар көбіне танымалдығымнан айырылып қала­мын деп жанталасатындар. Асанәлі Әшімұлы ­бұл мәселеге ешқашан бас ауыртқан жоқ.

Қазір өзі біреумен қалжыңдасу да қауіп­тірек. Алайда қай кезде де қауып емес, тауып­ айтатын Әшімов әзілінің қарсыласынан қың­сылап қайтқан кезі жоқ. Таланттың аты талант, қағытпасында да халтура болмайтын. Қайта ондыққа дөп тиіп, көңілімізді көкке көтерсе, кейде әзілдің түбінде зіл жататынын да аңғартып кетеді. Кісіні қайғыға салу оңай, күлдіру қиын. «Көмейді толтыру оңай, көңілді толтыру қиын» дейді халық. Демек күлдіру арқылы зілдің өзін де жеңілдетіп жібереді екен кемеңгер кісі.

Зіл дедік қой. Қайсыбір жылы қара басын қайғының бұлты торлаған күндерде, зіл басқанда тағы да жан дауасының емшісі күн­делігіне: «Кеш түссе болды, біздің үйді бір көңілсіздік басады» деп жазғаны да бар еді. Сонда ғой өзі «балам» деп қалжыңдай­­тын ­әйгілі академик аға досы Төрегелді Шарма­нов­тың: «Трагедия дегеніміз – бос­тандық алдындағы жауапкершілік» деген сөзінен соң дүр сілкініп еді. Ұлы өнердің сүйеуші, құдіреті рух десек, бұл театрға он екі жылдан кейін қайта оралып, сол рухпен бетбе-бет келді. Тіпті сол күндерде де кезіккен кедергілерді сол қайта оралған рухпен жеңді». Әзелгі досы Есмұқан Обаев: «Асағаң ­шынында адами бақыттың басында тұрған адам. Басына түскен қандай қиындықты да ішкі рухани кемелдігі жеңіп, сол бақытты сәттерге қай­та оралған жан» деген еді. Сондай-ақ Мекем­тас Мырзахметов­тің Асағаңа қаратып айт­қан: «Өмірге сенімді ­адам – анық жүреді», «адам­ның болмысына ­енетін өнерді» ( Абай) игер­ген мұндай адам­дарды тағдырдың өзі аз сы­намаса керек еді» ­деген ғажап сөзі де бүйре­гіміздің бір бұры­шында бүлкілдеп жатыр.

Расында бұл кісінің актер ретіндегі дара­лығы өз алдына, ең бастысы адам ретіндегі биік болмысын бедерлеген тұлғалар сөзіне де еріксіз иланасың. Жақсы адам болу да әркімнің қолынан келмейді. Асағаң алдымен соны игерген адам – актер. Менің кешегі шедевр шалдарымнан естіген көп сөзімнің бірі де бірегейі осы еді: «алдымен адам бол».

Мұндайда көңіл сөзінің шабандоз шабыт, көркем кеңістік тілейтіні бар. Сол сарынға салсақ, Алаш аспаны бір сәтке аласарып, «қараңғы түнде тау қалғығаны» рас. Бұл қайғы – халықтың қайғысы болғанда басқаша қалай деуге болады? Сол күндердегі халықтың көл-көсір махаббатын көзіңмен көріп тұрып, бұлай демеске тағы да әддің жоқ. Шын сөзді айту да тал түсте шырақ жанғанмен бірдей ғой. Осы ойға маңдай сүйесек, дүниеден дүркіреп бір дәуір көшті-дүр. Театрдың алтын ғасырын да жасаған осылар еді. Кешегі Әуезов әлемінен, Шаниндердің шекпенінен шыққан қасиетті қара шалдардың сара жолын жалғап, Тоқпановтың тоқпағын, Мәмбетовтің мектебін көрді. Баспасөзде «Шерханның шекпенінен», «Бердіқұловтың бешпентінен шыққандар» деген ұғым бар. Бұлар – Әнуарлар, Есболғандар, Райымбектер, Фаридалар... Мәмбетовтің мықтылары еді.

Танымалдығы төрткүл дүниенің түп­кіріне жеткен, Алаш атын аспандатып, Айманов­тардың аманатын алға апарып, арманын асыра орындаған Асанәлі Әшімұлы – баһадүр Бекежан бұ дүниенің есігін жылы жауып, өзі жиі жазып, жиі айтатын сағынышқа айнал­ған «самородок-сары алтындарына» атта­нып кеткеніне енді көңіл сене бастады. «Әлі талай мың өліп, мың тірілерсің» деуші еді жанындай жақсы көретін Оралхан досы. Күні кеше ғана жарық көріп, өзі тұсауын кескен «Актер­мін мен, мың өліп, мың тірілген» атты кісілік кітабы аққу әніндей болған екен. Сәбит досы екеуі «біз айтпағанда , кім айтады?» деп кітап жазудан жарысқа түсіп еді. Артында тағы да беті ашылмай қанша кітапқа арқау болар алты дәптер қалды.

Асағаңның кластасы Октябрь әкеміз: «Асанәлінің төбесі көрінгеннен бар екенбіз ғой, бар екенбіз деп шүкіршілік етемін» деуші еді. Бұл сөздің қазақ аманда әлі талай айтылатынына, айтыла беретініне шүбәңіз болмасын.

Осылай. Аңыз боп келді, аңыз боп кетті.

Ол енді биіктей береді.

Қали СӘРСЕНБАЙ 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 08:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see169

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see161

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see158

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see157

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see150

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see150

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see140

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see138

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see138

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see134

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see131

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see130

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see128

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see126

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see124

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see115

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see113

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары