Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы жарияланды, деп хабарлады көлік министрлігі.
Акция 2026 жылдың 15 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Басты мақсат – жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу, дейді министрлікте.
"Оң рульді көліктерге (Toyota Alphard, Estima және т.б.), жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін сақтауына ерекше көңіл бөлінетін болады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствода тасымалдаушыларды заңды қатаң сақтауға, көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауға, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырды.
Сондай-ақ, жолаушыларды, багажды және таксиді тасымалдау ережелерін, сондай-ақ жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 00:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















