Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Игілікке айналған инватакси

Игілікке айналған инватакси

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Еліміздегі үш мегаполис пен облыс орталықтарында инватакси қызметі бар. Инватаксидің игілігін тегін көріп келе жатқан жандар үшін биыл тағы бір қанатқақты жоба іске қосылды. Алдымен Алматы, Астана жүзеге асырылып, сынақтан өткен игі бастама келешекте өңірлерді де қамтиды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Инватакси қызметін бірінші топтағы мүм­кіндігі шектеулі жан­дар, тірек-қозғалысы қиын нау­қастар, жеке көмекшінің сүйеуімен жүретін не болмаса мүгедектер арба­сына таңылғандар қолдана ала­ды. Сонымен бірге «аутизм спектрі­­нің бұзылуы», «ақыл-ой кемістігі» диагнозы таңылғандар, психикалық мінез-құлқының тұрақ­тылығы бұзылғандар, Даун синдромына шалдыққан сыр­­қат­тар да инватаксиді тегін ша­қыр­та алады. Дегенмен тапсырыс қабыл­даушылар көбінесе жұ­мыс істеп жүргендер мен білім алушы­ларға көбірек басымдық  береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға инватакси қызметінің агрегаторларын пайдаланудағы қанатқақты жобаны іске қосты. Игі бастаманы жүзеге асыру шеңберінде қаңтар айынан бері Астана, Алматы қалаларында 401,9 мың тапсырыс қабылданған. Былтыр мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетіліпті. Қыз­меттің жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында министрлік әкімдіктермен бірлесіп өзгеріс енгізді. Айталық, инватакси қыз­метіне азаматтар бір күн бұрын телефон арқылы жазылуы қажет болатын. Өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватаксиге бір күн бұрын тапсырыс беріп, күтуге тура келетін. Сондай-ақ қызметті ұсынушы мекемелерде көлік құрал­дарының жетіспеушілігі де қолбай­лау еді. Осы жағдайларды жеңілдету мақсатында қызмет көрсетуге такси агрегаторларын тарту бағытында қанатқақты жоба қолға алынды. 

Мұндағы басты артықшылық –  сапарлардың ақысынан пайыз еселенбейді. Бұған дейін пайыз­дық үстеме агрегатор платфор­маларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы қанатқақты жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді. Осылайша, игі іс шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін қолдануға мүмкіндік алды.  Инватаксиге жүгінген жандар көлікті қысқа уақытта таңдайды, онлайн режімде тапсырыс мәртебесін қадағалайды әрі көлікпен қанша рет жүргенін саралап, мониторинг жасай алады. Қосымшада мүгедектігі бар адамдардың жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуіне арналған экран іске қосылды. Жүргізушілер адамды көлікке отырғызып, діттеген жерге жеткізген соң, түсірер кезде қалай көмек көрсету керектігін арнайы нұсқаулық арқылы танып біледі.

Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде инватакси қызметіне қатысты кеңес өтіп, сол жобаны әлі де жандандыра түсу жайы талқыланды. Мүге­дектігі бар адамдарды әлеу­мет­тік қорғау саласындағы респуб­ликалық үйлестіру кеңесінің «Қол­жетімді көлік» кіші тобының оты­ры­сында ин­ва­такси шақырту Әлеу­меттік қызметтер порталы арқы­лы жүзеге асырылатыны айтылды. Еңбек және халықты әлеумет­тік қор­ғау вице-министрі Викто­рия Шегай инватакси қызметін жан­данды­рып, сапасын жақсартып, ашық­тығын арттыру қанатқақты жоба­ның басты мақсаты екенін атап өтті.  

– Министрлікте өткен кеңесте инватакси қызметінің жаңа форматы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қағидалары қабылданды. Инва­таксиге тапсырыс беруді Әлеуметтік қызметтер порталына көшірудің тиімділігі мол. Мүгедектігі бар жандардың өз бетінше таңдау жасауына, қажеттіліктерін ескере отырып көлік шақыртуға әрі күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, инватакси  санын арттырып, сапаға оң әсер етеді, – деді В.Шегай.

Сонымен қатар инватакси қыз­­метін ұсынушыларға талап күшейе­тінін де ескертті. Жолау­шыларды міндетті сақтандыру, арнайы жаб­дықталған автокөліктердің санын арттырып, оларды тізгіндеуші жүр­гізушілердің тәжірибесіне, бі­лік­тілігіне баса назар аудару жүктеледі.

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік жобалар мен объектілерге қолжетімділік бөлі­мінің басшысы Айнұр Әу­бәкірова елордада қызмет көрсе­те­тін 134 инватакси көлігі бар екенін, олардың ішінде 26-сы  арнайы жабдықталғанын жеткізді.  Инватакси шақыруға өтініштерді қабылдау жоспарланған іс-шараға дейін бір тәулік бұрын диспетчерлік қызметке телефонмен хабарласып жазылатынын ескертті.

– Инватакси қызметтерін көрсе­туді жақсарту, өтінім беру тетігін жетілдіру мақсатында 2023 жылдан бастап «Инватакси қызметтерін Яндекс такси агрегаторы арқылы көрсету» жобасы іске қосылды. Жобаға биыл 1129 мүгедектігі бар адамдар мен балалар қатысып, 340 мыңнан астам сапар жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру барысында қызмет алушылар мобильдік қосымшаны  пайдалана алады. Онда тәулік бойы кез келген уақытта көлікке тапсырыс беріп, оның қозғалысын онлайн бақылауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ Яндекс мобильдік қосымшасында техникалық қолдау жүйесі қарастырылған. Жоба оң нәтиже беріп, қызмет алушылардың көңілінен шықты. Себебі бүгінде  инватакси қызметіне бірден тапсырыс беру мүмкіндігі жоғары. Ыңғайлы мобильдік қосымша кідіріссіз істейді, тәулік бойы диспетчердің жауабын күтпей-ақ көлік шақыртып, жүру бағытын да қадағалай алады, – дейді маман.

Елордада инватакси қызме­тін ұсы­нушы ұйымның бірі – «Қазақ за­ғип­тар қоғамы» қоғам­дық бірлес­ті­гінің «Астана» корпора­тивтік қоры.

– Біздің ұжым инватакси тасымалымен қатар жеке көмекші қызметін де көрсетеді. Бұрын бұл қызметке жүгінуші азаматтар күніне екі мәрте ғана тапсырыс бере алса, бүгінде бірнеше рет сапарлауына мүмкіндігі бар. Қызметті пайдаланушылардың қасында жеке көмекшісі жүреді. Ол өзінің туысы, ағайыны, тіпті баласы да болуы мүмкін. Жеке көмекшісі болмаған жағдайда біздің көлік жүргізушілер инватакси шақырған адамды өзі көлігіне отырғызып, діттеген жеріне барған соң жауапты адамдарға табыстайды. Астана қаласында қызмет көрсететін 25 автокөлігіміз бар, – дейді қордың жетекшісі Омар Баймақашев.

Инватакси  қызметін көрсетудің жаңа тетігінің іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де тиісті дайындық жұ­мыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Әлеуметтік қызметтер порта­лының жұмысын реттейтін қолданыстағы нормативтік құқық­тық актілерге, соның ішінде ке­пілдендірілген соманы айқын­дау, қызмет көрсетушілерді тір­кеу қағидаларына бірқатар өзге­ріс енгізілді. Инватакси тұтыну­шылардың игілігіне айналуға тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары