Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Инвестицияны игілікке айналдырған өңір

Инвестицияны игілікке айналдырған өңір

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президент жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің даму барысын баяндады. Үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапқанын айтты. Облыс экономикасын нығайту­ға, тұрғындарының тұр­мыстық жағдайын жақ­сартуға бағытталған серпінді жобалар туралы әңгімеледі.

Өңір басшысы Президенттің Сыр өңіріне барған сапарында атқарылған жұмыстарға оң баға бергенін де атап өтті.

«Биылғы он бір айдың қо­ры­тындысында барлық негіз­гі макроэкономикалық көр­сет­кіштің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгеге жетті.  Жыл соңына дейін 3 трлн 700 млрд теңгеге жеткізіп, 6,5% өсім қамтамасыз етіледі. Облыс бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2021 жылдан бері 246%-ға өсті. Оның 56%-ы әлеуметтік салаға бағытталған. Даму бюд­жетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд теңге болса, биыл 207 млрд теңгеге жетіп, 4,4 есеге артты», деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.

Бюджет қаражатын оңтай­ландыру мақсатында 2022 жылдан бастап әлеуметтік салаға терең талдау жүргізіліп, нәти­же­сінде 108 млрд теңге қаржы үнемделген. Оның ішінде білім саласынан 64 млрд 300 млн тең­ге, мәдениет, спорт саласынан ­15 млрд 400 млн теңге, әлеу­мет­­тік қорғау саласынан 8 млрд 200 млн теңгенің мақсатсыз жұмса­луына жол берілмеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандар­дың құрылысын жүргізу бары­сында 20 млрд 100 млн теңге қар­жы үнемделді. Қаражат аймақтың ­ең өзекті деген мәселелерін шешуге, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталад­ы. Өңірде қолайлы инвестиция­лық ахуал қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«2022–2024 жылдары 1 трлн ­600 млрд теңгеге жуық инвес­­ти­­ция тартылды. Биыл облысы­мызға 631 млрд  400 млн теңге инвестиция тарту жоспарлан­ған. 11 айдың қорытындысында 717 млрд  900 млн теңге инвестиция тартылып, жоспар 13,7%-ға артығымен орындалды. Жыл аяғына дейін 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233%-ға артты. Жеке инвес­тицияның үлесі 70%-ға жетті. Биыл 300 млрд теңгеден астам қар­жыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды. Биылғы шіл­де айында 5 млрд теңгеге то­лық автоматтандырылған «Қызыл­орда Саз-М» серіктестігінің кір­піш зауыты ашылды. Зауыт жылына 90 млн кірпіш шығарып, жергілікті құрылыс­қа қажетті сұраныстың 90%ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Қызылорда нан» се­рік­тестігінің нан өндіру кешені іске қосылды. Кешен­нің жалпы құны – 5 млрд 600 млн теңге. Мұнда  нан-тоқаш, кондитерлік-макарон өнімдерін шығаратын 4 цех жұмыс істейді. Бұдан бөлек 753 млрд 300 млн теңгеге 14 ірі жобаның құры­лысы басталды», деді Н.Нәлібаев.

Бірер күн бұрын  испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім­дер шығаратын жоғары техно­логиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қо­йылған, елімізде алғаш салы­натын зауыттың құны – 44 млрд­ теңге. Өндіріс орны іске қо­сыл­ғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Үкімет қаулысымен мамыр айында Қызылорда қаласында аумағы 550 га аумаққа «Қор­қыт ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Кәсіпкер­лікті қолдауға 2022–2024 жылдары әртүрлі көзден 203 млрд 81 млн теңгеге 16 634 жоба қар­жыландырылғанын айтқан өңір басшысы оның ішінде  37 млрд 962 млн теңгесі мемлекеттік бағ­дарлама аясында қолдау тап­қанын атап өтті.

Биыл барлық қаржы көзі­нен 40 млрд теңгеге жеке кәсіп­керліктің 2 мың 464 жобасы қаржыландырылған. 2023–2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 100-ден аса елді мекенде 6 млрд 828 млн тең­геге 943 жоба жүзеге асырылып, 1303 жұмыс орны ашылды. 2022–2024 жылдары 133 мың­нан астам азамат, 2025 жылдың 11 айында 43 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Мемле­кет басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасы 2022–2024 жылы 42%-ға артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Биылғы 11 айда 12 032 жұмыс орны құрылып, биылғы жоспар 12,9%-ға арты­ғымен ­орындалды. Облыста жұ­мыссыздық төмендеп келе жатыр.

«Облыс экономикасының негізгі саласы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға кейінгі 3 жылда 43 млрд теңге қаржы бөлін­ді. Шаруашылықтар есебінен ­41 млрд теңгеден астам инвес­тиция тартылды. Мемлекет­тік қолдаудың арқасында ауыл ша­руашылығының машина-трактор паркі жаңартылып, 2022–2024 жылдары 21 млрд 800 млн теңгеге 647 дана техника алынды. Биыл да 4 млрд 700 млн тең­геге машина-трактор паркі 139 ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылды. Ауыл шаруашылығы саласында  10 млрд 700 млн теңгеге 16 инвестициялық жоба  жүзеге асырылып жатыр. Жалпы өнім көлемі жыл са­йын артып, осы жылы 234 млрд 800 млн теңгеге жетті. Қазір 6 млрд 400 млн теңге болатын 9 жоба іске қосылды», деді өңір басшысы.

Биыл 189 мың 600 га алқапқа егін егілсе, оның ішінде 80 900 га жерге күріш дақылы себіліп, әр гектардан 58,1 центнерден өнім алынды, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды.

«Өңірде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда баспанамен қамту, инфрақұрылым­дар­ды қайта жаңғырту бағытын­да тиісті шаралар қабылда­нып жатыр. Президенттің қол­дауы­мен Қызылорда қаласында «Акса Энерджи» түрік инвес­торы бөлген  215 млрд теңгеге қуат­тылығы 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынды. Бюджет есебінен 15 млрд тең­геге 45 шақырым газ құбыры жүр­гізілді. Жаңа орталық 240 мега­ватт электр қуатын, 277 гига­­­калория жылу энергиясын өн­діреді. Сонымен қатар қызыл­ор­далықтардың арманына айнал­ған облыс орталығындағы көп­қабатты тұрғын үйлерді ыс­­тық сумен қамтамасыз ету мәсе­­­лесі оң шешімін тапты. Бұл мақ­сатқа 26 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді. 2022–2024 жылдары өңірімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 78 ­ауыл­­да әлеуметтік, инженерлік ин­фра­құрылымдарды дамытуға ба­ғытталған 31 млрд 600 млн тең­геге 343 жоба жүзеге асырыл­ды. Биыл 41 елді мекенде 66 жо­баны іске асыруға 15 млрд 155 млн теңге бөлінді. Биыл барлық елді мекенге орталықтандырылған сапалы ауызсу тартылды», деді Н.Нәлібаев.

Аймаққа газ тартып, тұр­ғын­дарды көгілдір отынмен қамту 83%-ға жеткен, электр энергиясымен қамту бағытында 2022–2025 жылдары 24 млрд 200 млн теңгеге 71 жоба жүзеге асырылған. Облыста үш жылда автомобиль жолдарының 1600 шақырымы мен 30 көпір өтке­лін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сонымен қатар мамыр айында Арал қаласында 3 млрд 140 млн теңгеге ұзындығы 940 метр аспалы жол салынса, шілде айында 1 млрд 400 млн теңгеге тұрғындардың ұзақ жыл күткен Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.

«Ел игілігіне 300 жаңа авто­бус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шеші­мін тапты. Облыстық бюджеттен ­1 млрд теңгеге 100 экотакси са­тып алы­нып, халыққа сапалы қыз­мет көрсетіп келеді. 2022 жылдан бері халыққа қажетті 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынды. 2022–2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар­ға 5 мыңнан аса пәтер табыстал­ды. Үш жылда барлық ауданда жаңадан 1 800-ге жуық пәтер тұрғындарға берілді. Биыл 3600 пәтерлі тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд 785 млн теңге бөлінді. Білім беру саласына кейінгі 3 жылда 812 млрд 245 млн теңге бөлінді. Былтыр 31 млрд 800 млн теңгеге 13 білім ұйымы ашылды. «Келешек мек­тептері» ұлттық жобасы аясында  54 млрд 391 млн теңгеге 10 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2023 жылдан бері 5 млрд 700 млн теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. «Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд 400 млн теңгеге физика-математика ба­ғытындағы «Білім-иннова­ция» лицей-интернаты ашылды. Кәсіпкерлердің демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауы­лын­дағы апаттық мектептің орнына 500 млн теңгеге жаңа білім ордасы салынды. Кейінгі үш жылда 5 млрд 300 млн теңгеге 15 мектептің ғимаратына күр­делі жөндеу жұмысы жүр­гізілді.  «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңіріміздің барлық ауданында 10 млрд 763 млн теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Жалпы құны 5 млрд 400 млн теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан жаңа қосымша ғимараттар салынды. Шиелі ауданында 2 млрд 300 млн теңгеге жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді», деген өңір басшысы облыстың тыныс-тіршілігін баяндағаннан кейін, баспасөз мәслихатының соңында журналистердің сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды

Қоғам • Бүгін, 00:33

Головкин аңыз боксшылармен бір тізімге енді

Спорт • Кеше

Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды

Әлем • Кеше

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Аймақтар • Кеше

Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда

Инфрақұрылым • Кеше

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет

Ауа райы • Кеше

Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған

Инвестиция • Кеше

Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды

Заң • Кеше

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Президент • Кеше

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр

Табиғат • Кеше

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды

Ауыл • Кеше

Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды

Қоғам • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті

Президент • Кеше

Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see135

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see132

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see129

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see129

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see127

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see126

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see125

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see125

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see125

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see125

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see124

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see123

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see123

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see123

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see122

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see122

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары