Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу мен сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өткізді.

Кеңесте инвестицияларды сүйе­мел­деудің жаңа экожүйесі­нің бір­ыңғай құрылымын қалыптастыруға қа­тыс­ты Үкімет, Бас прокуратура, ұлт­­тық компаниялар мен өзге де ұйы­м­дар жүргізіп жатқан жұмыстар қаралды.

«Президент барлық мем­ле­кеттік орган мен ұйымның алдына сапалы инвестициялар ағынын артты­ру мен қосылған құны жоға­ры серпінді жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мінде­тін қойды. Инвестициялық саясат­тың 2030 жылға дейінгі тұжырым­дамасы өзектендірілді. Қолай­лы инвес­тициялық ахуал қалыптас­тыру, өнімді еңбекті ынталандыру, инвестор құқығын қорғау, жүзеге асырудың барлық кезеңінде елге ма­ңызды жобаларды қолдау мақ­сатында бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет», деді Олжас Бектенов.

Қойылған міндеттерге қол жеткізуге мемлекеттік ап­парат­тың инвестиция тарту мен жаңа жобалар портфелін қа­лып­­тастыру тәсілдері қайта қарал­ды. Атап айтқанда, инвестор­лар­ды нысаналы түрде тартуды кү­шейту­ді, сондай-ақ алдын ала әзір­ленген әрі келісілген пакет түрінде «инвестицияға тапсырыс» қалыптастыруды көздейтін проактивті модельге көшу жүзеге асырылып жатыр.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвес­тиция көлемі 22,7 трлн теңгені құра­ғанын баяндады. Биыл 31,5 трлн теңге деңгейінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша ныса­налы бағдар белгіленіп, ал тікелей шетелдік инвестициялар ағыны – 25,5 млрд доллар. 1,1 мыңнан астам тұрақ­ты жұмыс орнын құрып, 16 трлн теңгеге 475 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты.

Бүгінде Ұлттық цифрлық ин­вес­ти­циялық платформада жүзеге асыру сатысында жалпыұлттық пул­дың құны 74,5 трлн теңге бола­­тын 1 047 жобасы тұр. Был­тыр­ғы жыл­дың қорытындысы бо­йынша 2,49 трлн теңгеге 273 жоба іске қосылды. Ал жалпы алған­да, Инвестиция­лық сая­сат тұжы­рым­дамасына сәйкес инвестициялар көлемін 3 есе ұлғайту қажет.

Шетелдік инвесторлар тарту ісін нығайту туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров баяндады. Ол инвес­торларды нысаналы түрде тарту мен инвестициялық ұсыныстар­ды қалыптастыруға қатысты нақ­ты жұмыс нәтижелерінен мысалдар келтірді. Олардың арасында «CHN Corporation» (Қарағанды об­лысындағы көмір-химия кешені, құны – 4 млрд доллар), «Roca Group» (Қызылорда облысындағы жуынатын бөлмеге арналған сантехника мен жиһаз өндіретін зауыт, құны – 70 млн доллар), «Fufeng Group» (Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдеу зауыты, құны – 800 млн доллар), «UBM Group» (Қостанай мен Алматы облыстарындағы құрама жем дайындау зауыттары, құны – 58 млн доллар), «Shandong Yuwang Industrial» (сояны терең өңдеу жобасы, құны – 250 млн доллар) компаниялары бар. Сондай-ақ халықаралық консультанттармен бірлесіп басым бағыттар бо­йынша инвестициялық ұсыныс­тар әзірленгені айтылды. «Kazakh Invest» ҰК-ның Германия, АҚШ, ҚХР, Қатар, Ресей, Түркия мен Малайзия сияқты негізгі бағыт­тар­да өкілдіктерін орналастырып, шетелдік өкілдіктерді ашу жұмысы күшейтіліп жатыр.

Бұған қоса жиын барысында инвесторлардың құқығын қорғау мен жобаларды сүйемелдеудің құқық­тық тетіктерін нығайту жөнін­дегі шаралар қаралды. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына орай Бас прокуратураның Заңсыз актив­тер­ді қайтару комитеті Инвес­­тор­лар­дың құқықтарын қор­ғау коми­теті болып қайта құрылды, ал Ин­вес­тициялық омбудсменнің функ­циялары Бас прокурорға жүктелді.

Премьер-министр бұл еліміздегі капиталдың құқықтық қорғалуын күшейтуге тиіс маңызды қадам еке­нін айтты. Үкімет осы жаңа инс­ти­тутпен өзара іс-қимылды толық қамтамасыз етуі керек. Өз кезегін­де Бас прокурор Берік Асылов жергі­лікті жерлерде инвест-прокурорлар жұмыс істей бастағанына тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына қатысты прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдейді. Біз орындалуы мін­детті алдын ала жазбаша ескертулер мен нұсқаулар береміз. Бұл өте маңызды. Инвесторларды қорғау мақсатында халықаралық құқық­тық ынтымақтастық жөніндегі қызмет­ті үйлестіреміз әрі жүзеге асыра­­мыз. Мемлекеттік органдармен бір­­ге барлық инвестициялық жоба­ға тексеру жүргіземіз. Тұтас көрінісі айқындалған соң, барлық жобаны жедел сүйемелдеуге көшеміз»,  деді Б.Асылов.

Бүгінде әкімшілік қысымды төмендетудің негізгі құралы «прокурорлық сүзгі» болып отыр. Мемлекеттік органдардың 27 мың шешімі зерделеніп, мыңнан астам негізсіз бастама кейін қайтарыл­ған, 500-ге жуық әкімшілік іс жүр­гізу жойылып, 400 заңсыз тексеру тоқтатылыпты. Өзге де 200 шектеу шараларын қолдануға жол беріл­меген. Жалпы алғанда, бұл шара­лар инвесторлардың қатысуы­мен болған сот дауларын 30%-ға, әкім­шілік құқықбұзушылық туралы істердің 10%-ға, қылмыстық істердің 2 есе төмендеуіне ықпал еткен.

Маңызды бағыт ретінде инвести­циялық жобаларды сүйемелдеуді цифрландыру шарасы аталды. Ол әрбір бастамаға онлайн режімде мониторинг жасауға әрі тәуекелдер мен кідірістерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Бас прокуратураның мәліметінше, соның арқасында 2 мыңға жуық инвестордың мәселесі шешіліп, 25 мың жұмыс орнын құруға жол ашатын 250 жоба іске қосылған.

Олжас Бектенов инвесторлар­дың құқығын қорғау мен қолай­лы инвес­­тициялық ахуал қалыптас­тыру барлық мемлекеттік орган­ның, әсі­ресе бизнеспен өзара іс-қимыл­дың алдыңғы қатарында тұрған ор­ган­дардың ортақ міндеті екенін ескертті.

«Әрбір шетелдік немесе отан­дық инвестор өз мүдделерінің қорғал­ғанына, даулар әділ түрде шеші­ле­­ті­­ніне, ал мемлекеттік институттар ашық әрі болжамды ережелер шең­­берінде әрекет ететініне сенімді болуға тиіс. Көптеген мәселенің түп-та­­мы­ры бюрократия мен жергі­лікті жер­­лердегі үдерістердің соз­ба­лаң­ға салынуында жатыр. Біз­дің эко­но­микамызға инвестиция салу­ға да­йын инвестордың бірнеше ай бо­йы қара­пайым техникалық шарт­тар­ды не­месе жерге құқық белгі­лей­­тін құ­жат­тарды ала алмауы – жол бе­ріл­­мей­­тін жағдай. Бұл – ел эконо­ми­­­ка­сына тікелей шығын», деді О.Бектенов.

Премьер-министр «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен әкімдіктердің қызметіне қатысты сын айтты. Бүгінде өңірлерге жүзеге асыруға ұсынылған 25 жобаның үшеуі ғана белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осы үшін «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловқа ескерту жасалды.

Олжас Бектенов мемлекеттік ор­ган­­­дар­ға үш күнде қалған инвести­ция­­­­лық жобаларға қатысты барлық қа­­­жетті шешімдерді қабыл­дауды тап­­­сырды. Нақты нәтиже болма­ған жағ­­­­дайда кінәлі лауазымды тұл­ға­лар­­­дың тәртіптік жауапкершілігі қа­­ра­­лады. Инвесторлар қызметі­не ке­дер­­гі келтіру фактілеріне қатыс­ты бар­­лық материал Бас про­куратураға жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары