BCC Life S&P Global CSA нұсқасы бойынша тұрақты дамудың жоғары бағасын алды
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
"BCC Life" ӨСК" АҚ S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P Global CSA) корпоративтік тұрақтылықты халықаралық бағалау аясында мүмкін болған 100 балдың 55-ін иеленді. BCC Life нәтижесі нарықтағы орташа көрсеткіштен жоғары және компанияның орнықты даму қағидаттарын ұстанатынын, корпоративтік басқаруды жетілдіруге және бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге бейілділігін растайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компания әлеуметтік бағыт (S - 68 балл) және корпоративтік басқару бағыты (G - 63 балл) бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті. Экологиялық бағыт (E) бойынша баға - 7 балл. Компания мәліметінше, BCC Life үшін орнықты даму - клиенттердің сенімін нығайтуға, өмірді сақтандыру мәдениетін дамытуға және халықтың қаржылық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі. Компания орнықты даму қағидаттарын өз қызметіне жүйелі түрде енгізіп, корпоративтік тәжірибелер мен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәсілдерін жетілдіріп келеді.
Сонымен қатар, компания "BCC Life" ӨСК-ның Қазақстандағы сақтандыру компаниялары арасында халықаралық ESG-бағалау нәтижелерін алғаш болып ашық жариялауы ерекше маңызға ие екенін мәлімдеді. Бұл компанияның ашық диалогқа және бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге дайын екенін көрсетеді.
"Біз үшін орнықты даму - ең алдымен клиенттер, қоғам және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. S&P Global CSA бағалауының нәтижелері осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңызын және жоғары халықаралық стандарттарды ұстануға деген ұмтылысымызды растайды. Біз BCC Life жетістіктерін бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа ерекше мән беретінBCC тобының орнықты даму жөніндегі жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырамыз", - деп атап өтті BCC Life өмірді сақтандыру компаниясының (ӨСК) Басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова.
Компания мәліметінше, қол жеткізілген нәтижелер BCC Life компаниясының ғана емес, бүкіл BCC тобының орнықты даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді. Топ ESG қағидаттарын өз қызметіне енгізуге, бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге және клиенттер, қоғам мен Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. 2026 жылы Банк ЦентрКредит S&P Global CSA корпоративтік тұрақтылық бағасын өткен жылғы 75 балдан 100 балдың 78-іне дейін көтерді.
S&P Global Corporate Sustainability Assessment (CSA) - компаниялардың экологиялық, әлеуметтік, басқарушылық және экономикалық қызмет бағыттарын қамтитын корпоративтік орнықты даму тәжірибелерін жыл сайынғы бағалау. Бағалау S&P Global салалық әдіснамасына сәйкес 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және компаниялардың ESG-факторларды басқару мен ақпаратты ашуға қатысты тәсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді.
BCC Life үшін S&P Global CSA бағалауы - өз нәтижелерін халықаралық тәжірибелермен салыстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар орнықты даму саласындағы алдағы басымдықтарды айқындауға арналған құрал. Тәуелсіз бағалау компанияның күшті тұстарын көруге, жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға және корпоративтік тәжірибелердің сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Клиенттер, серіктестер және қаржы нарығы тарапынан ESG-факторларға деген назар артып отырған жағдайда мұндай нәтижелер ерекше маңызға ие болып, компания қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді нығайтады.
Серіктестік материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















