Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Мемлекет басшысы Астанада AI&Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумын ашты

Мемлекет басшысы Астанада AI&Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумын ашты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Еліміздегі Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп жатқан AI MONTH басты оқиғасы – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы 1 қазанда Астанада өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ауқымды IT шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен робототехника бағытындағы озық жобалар көрмесін аралады.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында іске асырылған AI-Enabled University моделі таныстырылды. Бұл оқу орны – Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы тұңғыш мамандандырылған зерттеу университеті әрі Орталық Азиядағы алғашқы AI-Enabled университет.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Trusted Kazakhstan цифрлық қызметі, ауылдық шағын жинақты мектептерде оқыту үдерісіне ЖИ енгізетін ALFA жобасы және ұлттық Aitu мессенджерінің жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» тобының жасанды интеллект саласындағы шешімдері, атап айтқанда кен орнының цифрлық телнұсқасы мен Smart Диагностика жобасы жеке таныстырылды.

Бұдан бөлек, генеративті ЖИ көмегімен бейнеконтент жасауға арналған Higgsfield.ai технологиялары және Орталық Азиядағы ең ірі деректерді өңдеу орталықтары мен ЖИ инфрақұрылымы кластерін құруды көздейтін Data Center Valley жобасы көрсетілді.

Ұсынылған жаңа әзірлемелер жасанды интеллекттіні экономика мен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларына кеңінен енгізуге, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауға және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Биылғы форумның басты тұжырымдамасы – «Қазақстан – Еуразияның жасанды интеллект орталығы» (Kazakhstan is the Eurasian AI Hub). Бұл бағыт елдің өзіндік технологиялық экожүйесін дамытуға, халықаралық сараптама мен инвестицияларды тартуға, білікті кадрлар даярлауға және жасанды интеллект саласындағы компаниялардың өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

Форумның алғашқы күнінің негізгі оқиғасы – Мемлекет басшысының қатысуымен өткен пленарлық отырыс осы бағытты сабақтастыра түсті. Жиында жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелері Қазақстанның алдағы тоғыз технологиялық трансформациясы шеңберінде жан-жақты талқыланды.

– Бәріміз жасанды интеллект технологияларының өнеркәсіпті, қаржы саласын, білім беруді, ғылымды, мемлекеттік басқаруды және азаматтардың күнделікті тұрмысын түбегейлі өзгертіп жатқанының куәсіміз. Осыған орай, AI & Digital Bridge форумының күн тәртібі жыл сайын жаңарып отырады: жаңа өзекті тақырыптар қосылып, қатысушылар қатары кеңейе түсуде. Цифрландыру бағытымен қатар, форумда есептеу инфрақұрылымы, үлкен тілдік модельдер және робототехника мәселелері де жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар заңнамалық реттеуге және ғылым мен технология саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса мән беріледі. Осылайша, AI & Digital Bridge жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтудың тиімді алтын көпіріне айналып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ бағдарламаға жаһандық технологиялық индустрияны таныстыратын халықаралық спикерлер қатысты:

Рев Лебаредян – NVIDIA компаниясының Physical AI симуляциясы жөніндегі вице-президенті. Билл Форд – General Atlantic директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас директоры. Баладжи Шринивасан – Network School негізін қалаушысы. Грег Уайлер – E-Space компаниясының бірлесіп негізін қалаушысы, бас директоры әрі бас архитекторы және басқа да тұлғалар.

– Технологиялық серпіліс жасау үшін үш маңызды шарт қажет: түсінікті әрі тұрақты ережелер, кәсіпкерлер қауымдастығының сенімі және мемлекет, бизнес пен ғылымның тығыз ынтымақтастығы. Бізге халықаралық деңгейде білім алмасу, бірлескен зерттеулер, инвестициялар, технологиялық әріптестік және таланттарды дамыту аса маңызды. Қазақстан жасанды интеллекттің бейбіт, қауіпсіз әрі жауапты түрде дамуын дәйекті түрде қолдайды. Біздің ұстанымымыз өзгермейді, – деді Мемлекет басшысы Тоқаев.

Форумның алғашқы күніндегі маңызды шаралардың бірі – Qazaq Artificial Intelligence Research University (QAIRU) жаңа зерттеу университетінің салтанатты ашылуы. Бұл оқу орнында оқу үдерісі мен ғылыми ізденістер түгелдей жасанды интеллект технологияларына негізделген. Университеттің құрылуы еліміздің жаңа технологиялық экономикасына қажетті білікті кадрларды даярлауға және ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға бағытталған.

Бұл салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан  Мәдиев қатысты.

– Бұл университет таланттарды тарту орталығына және жаңа білім беру технологияларын дамытатын көшбасшы алаңға айналуы тиіс. Біздің міндетіміз – жасанды интеллектіні қолдана отырып, дербестендірілген білім беру жүйесіне көшу және оқыту мен зерттеуден бастап өндіріске, технологиялық өнімдерді әзірлеуге және оларды коммерциялық айналымға енгізуге дейінгі толық циклді қалыптастыру. Түлектер заманауи жасанды интеллект құралдарын жетік меңгеріп қана қоймай, оларды тәжірибеде тиімді қолдана білуі және алған білімдерін нақты экономикалық әсерге айналдыра алуы тиіс, – деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан  Мәдиев.

Бірінші күннің арнайы бағдарламасы халықаралық технологиялық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа бірлескен бастамаларға арналған екіжақты кездесулерге ұласты.

AI & Digital Bridge форумының алғашқы күні іс-шараның технологиялық күн тәртібінің негізгі бағыттарын айқындап берді: жасанды интеллект индустриясы мен есептеу инфрақұрылымын дамыту, адами капитал мен технологиялық кәсіпкерлікті өрістету, инвестиция тарту және халықаралық әріптестік ауқымын кеңейту.

2-3 қазан – форумның ашық бағдарламасы:

AI & Digital Bridge 2026 негізгі бағдарламасы 2-3 қазанда жалғасып, билет иелері үшін қолжетімді болады. Бұл ауқымды шара халықаралық сарапшыларды, жетекші технологиялық компанияларды, инвесторларды, стартаптар мен әзірлеушілердің басын қосады.

Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды: жасанды интеллект және есептеу инфрақұрылымы, венчурлық инвестициялар мен цифрлық қаржы, технологиялық кәсіпкерлік, киберқауіпсіздік, адами капиталды дамыту, GameDev және креативті индустриялар, сондай-ақ жасанды интеллектіні бизнес пен мемлекеттік басқару ісінде қолдану.

AI & Digital Bridge форумы тар шеңбердегі технологиялық мәселелермен шектелмей, жасанды интеллект компанияларының орналасу орындары, капитал мен дарынды мамандарды тарту тетіктері, озық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық экономиканың жаңа орталықтарын қалыптастыру сияқты ауқымды стратегиялық бағыттарды қамтиды. 

Бұл ауқымды шара Қазақстанның еуразиялық жасанды интеллект хабы және халықаралық технологиялық серіктестік орталығы ретіндегі ұстанымын тағы бір мәрте айқындай түседі.

Астанада 1-3 қазан аралығында өтетін AI & Digital Bridge 2026 форумы – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар айы AI MONTH аясындағы басты халықаралық оқиға.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі.

AI & Digital Bridge 2026 форумын өткізу демеушілік қаражат есебінен және форум серіктестерінің қолдауымен қамтамасыз етілді.

Алтын серіктестер — Freedom Банкі, Kaspi Bank, «Самрұқ-Қазына» АҚ және «Қазахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес — «Freedom Telecom Operations» ЖШС. Технологиялық серіктестер — «Транстелеком» АҚ, ресми әуе серіктесі (Official Airline Partner) — Air Astana.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 13:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары