Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Пайымы биік преамбула

Көкке көз тіккен күн

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Телеаудитория талғамы жаңарды

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

Тұрақты дамудың берік негізі

Тұрақты дамудың берік негізі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мереке ҚҰЛКЕНОВ,

Жазушылар одағының төрағасы:

– Бұған дейін ұлттық идеология мәселесі жиі көтеріліп келді. Ал жаңа Конституцияда бұл бағыт өз орнын тапты. Мыңжылдық тарихымызға сүйену, ұлттық құндылықтарды сақтау, Әділетті Қазақстан қағидаттарын орнықтыру – Ата заңның маңызды ерекшеліктері. Заң үстемдігі орныққан жерде әділдік те, тәртіп те болады. Конституцияның бас­ты мақсаты – қоғамда өзара құрметті, жауапкершілікті, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.

Бұл Конституция – біздің ұлттық кодымыз. Ол ел халқын ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіріп, мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын, қоғамдық келісім мен отаншылдық рухын нығайтуға қызмет етеді. Бұл күннен бастап Әділетті Қазақстанның жаңа кезеңі басталады. Сондықтан 1 шілде еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатын күндердің бірі болады. Елдің тарихи сабақтастығы, ұлттық бірегейлігі, болашақ алдындағы жауапкершілігі осынау құнды құжатқа тікелей байланысты.

 

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,

академик:

– Конституция – мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасын айқын­дайтын, азаматтардың құқығы мен міндетін бекітетін, биліктің қызмет ету қағидатын белгілейтін мемлекеттің басты заңы. Заманның талабына толық жауап беретін жаңа Конституцияда қоғамның қажеттілігі тұтас ескерілген. Негізгі құжатта мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды өзгеріспен қатар, ел дамуының жаңа бағыттары да көрініс тапқан.

Бүгінде ғылымға, білімге, цифрландыру мен жасанды интеллект технология­сын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл басымдықтың барлығы бәсекеге қабілетті әрі заманға сай мемлекет құру бағытына толық сәйкес келеді. Осы айтулы өзгеріс ел өркендеуіне берік құқықтық негіз қалыптастырып, әділдік, заңдылық пен құқықты үстем ететін қағидаттарды нығайтуға сеп болатыны сөзсіз.

 

Ахан БИЖАНОВ,

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бұл күнді ел өміріндегі айрықша тарихи сәт деп атаған жөн.  Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Конституция егемендігімізді нығайтып, демократиялық институттарды одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашуға тиіс. Жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдау білдірген өзгерістер еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын сенімді құқықтық негізге айналды. Конституциялық реформаның басты мақсаты – тұрақтылықты нығайту, мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Конституциялық құндылықтарды қастерлеп, қоғамның бірлігін нығайту мен тәуелсіз еліміздің игілігі жолында бірлесіп еңбек ету керек. Жаңа Конституция еліміздің одан әрі дамуына, әр азаматтың өмір сүру сапасын арттыруға негіз болады.

Еркін ДҮЙСЕНОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры:

– Конституция – елдің алдағы ондаған жылдардағы стратегиялық даму бағытын белгілейтін, болашақ ұрпақтың өміріне тікелей ықпал ететін негізгі саяси-құқықтық құжат. Жаңартылған Негізгі заңның басты қағидаты – ең әуелі адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, содан кейін ғана қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау. Мұндай ұстаным жүр­гізіліп жатқан реформалардың демократиялық сипатын айқындап, құқықтық мемлекет құруға бағытталған.

Заң үстемдігі қағидаты – мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі өзегі. Бұл модельде «заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» деген қағида басшылыққа алынады. Жаңа Конституцияда көзделген жаңа институттар туралы айтқанда, Халық Кеңесінің құрылуын қоғам мен билік арасындағы маңызды байланыс тетігі ретінде бағалаған жөн. Бұл институт қоғамдық диалогті дамытуға қызмет етіп, заң шығару бастамасы құқығына ие болады. Сондай-ақ Вице-президент институтының енгізілуі жоғары мемлекеттік билік жүйесінің тұрақтылығы мен сабақтастығын нығайтуға ықпал етпек. Бұл шын мәнінде халықтық Конституция деп айтуға негіз бар. Себебі ол қоғамның мүддесін білдіреді, ең алдымен адамға бағытталған.

Долкунтай ӘЛИЕВ,

«Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Ата заңның жаңартылған нұсқасы күшіне енуі еліміздің саяси және қоғамдық дамуындағы маңызды кезеңнің басталғанын білдіреді. Конституциялық өзгерістер мемлекеттік институттарды нығайтуға, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ реформалар жаңа қоғамдық-саяси тетіктерді енгізу арқылы саяси жүйені жаңғыртуға жол ашады.

Жаңарту үдерісі – мемлекеттің табиғи дамуы. Ол азаматтардың, әсіресе жастардың елдің шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Меніңше, жаңа кезеңде жастардың рөлі айрықша маңызды. Президент тапсырмасына сәйкес, жас, білімді әрі ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтарды қоғамдық және мемлекеттік басқару ісіне тарту көзделіп отыр. Бұл тұста аға буынның тәжірибесі мен жастардың энергиясын ұштастыру маңызды. Саясат сахнасына енетін Құрылтай алаңында ел мүддесін жоғары қоятын, заңға бағынатын, стратегиялық ойлай алатын азаматтар топтасуға тиіс. Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан реформалар қоғам бірлігін нығайтып, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететініне сенім білдіремін.

Бекнұр КИСИКОВ,

қоғам қайраткері:

– Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздегі саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызды сәті. Құжат жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша қабылданып, кең ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесінде, оның ішінде конституциялық құқық саласындағы сарапшылардың қатысуымен әзірленді. Біз үгіт-насихат топтарының құрамында болып, азамат­тарға Конституцияға енгізілген өзгерістерді,  олардың халықтың өміріне қалай әсер ететінін түсіндірдік. Сондай-ақ конституциялық құқық саласының мамандарымен кездесулер өткізіліп, әрбір норманың практикалық маңызы жан-жақты баяндалды.

Конституция азаматтардың құқық­тарын қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді. Мұндағы тың нормалар азаматтардың мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның ішінде Конституциялық сотқа жүгіну құқығын нығайтады.

Экономика мен  әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер орын алуға тиіс. Экономика – ең алдымен әрбір азаматтың әл-ауқаты. Жаңа нормалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жеке меншік құқығын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезеңді елдің терең жаңғыру дәуірі деп бағаласақ, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі алдағы уақытта айқын көрініс табатынына сенім білдіреміз.

Диляра ҚАЙДАРОВА,

ҚазҰМУ проректоры, академик:

– Ел тарихындағы айтулы кезең денсаулық сақтау жүйесін, ғылым мен инновацияларды одан әрі дамытуға серпін беруге тиіс. Жаңартылған Негізгі заң азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік кепілдікті нығайтып, отандық ғылымды дамытуда тың мүмкіндіктерге жол ашады. Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман ретінде азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған 32-баптың ерекше маңызын атап өткім келеді. Аталған бап әр отандасымыздың тегін медициналық көмек алу құқығын бекітеді. Ғылыми қауымдастық үшін бұл – маңызды қадам.

Конституция жас ғалымдардың дамуына, жасанды интеллект технологияларын енгізіп, отандық ғылымды жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын келешегі зор ғылыми жобаларды жүзеге асыруға берік негіз болады деп сенеміз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see124

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see123

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see122

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see122

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see122

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see120

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see120

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see120

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see119

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see119

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see118

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see118

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see118

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see117

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see117

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see117

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see117

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see116

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see113

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 18:31see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары