Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шалқардың шырайы кірді

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не айтты?

Тоқаев: Жылу және электр стансаларын жаңарту еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді

Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа жылу электр орталықтары салынады

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайды

Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

Үшінші рет үйленген актер Әбілмансұр Серіков өзін сынағандарға жауап берді

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

Конституциялық реформа: Институционалдық өзгерістер арқылы жаңа қоғамдық келісім қалыптастыру

Референдум: Бүгін үгіт аяқталады

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

Депутат Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Ипотекамен үй алатындар үшін нотариус ақысы 3 есе арзандады

Құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады

Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек

Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

Дональд Трампты енді Нобель сыйлығы қызықтырмайды

​Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш жасөспірім іздестіріліп жатыр

Қазақстанда қашан күн жылынады?

Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Ауыл аманаты тұрақтылық пен дамудың негізі

Ауыл аманаты тұрақтылық пен дамудың негізі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл бағдарламалар тек қаржылай қолдау көрсетумен шектелмей, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырып, кәсіпкерлікке бет бұруына жол ашып отыр. Нәтижесінде, халықтың ойлау жүйесі өзгеріп, масылдық көзқарастан арылып, еңбекке, кәсіпке негізделген жаңа өмір салты қалыптасуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл бастамалардың қоғам үшін маңызын атап өтіп, халықтың табысын арттыру мен ауыл экономикасын дамытуда ерекше рөл атқаратынын бірнеше рет айтқан болатын.

Екі жобаның маңызы мен қаржылық сауаттылықтың пайда­сын айтқанда, «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» бағдарлама­ларының орны ерекше. Бұл баста­малар тұрақтылық пен дамудың негізін қалыптастырып, азамат­тардың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған. Бүгінгі күні мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – халықты несиелік құрсаудан құтқарып, қаржылық тұрғыдан сауатты ету. Осы бағытта «AMANAT» партиясы ұсынған екі жоба бірін-бірі толық­тырып, ауыл мен қала тұрғын­дарына жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Қаржылық сауаттылық – қарыз қамытынан құтылудың және борышкер кебін кимеудің кепілі. Көптеген азаматтың несие жүгімен арпалысуының басты себебі – қаржылық сауаттылықтың төмендігі. «Қарызсыз қоғам» жо­басы дәл осы олқылықтың орнын толтыруда. Жоба аясында адамдар отбасылық бюджетті жоспарлауды, қажетсіз шығындарды шектеуді және несиенің тиімді әрі тиімсіз түрлерін ажыратуды үйреніп, «көр­пеге қарай көсілуді» әдетке айналдырады. Бұл тек жеке адам­ның емес, тұтас мемлекеттің қар­жылық қауіпсіздігін нығайтады. 

Қарызға батпау үшін адамдар үшін несие – бұл мүмкіндік болуы керек, бірақ ауыр жүк болмауға тиіс. Қарызға батпау үшін тапқан табысты қажеттілікке жұмсап, қалғанын жинау керек. Телефон мен тойға тұтынушылық несие алу – шығын, ал алған несиені биз­неске салу – инвестиция. Сол сияқты несиеге үй мен көлік алу да өзіңе салған капитал саналады. Қаржыны бизнеске салудың ар­тық­шылықтары өте көп. Қара­жатты жай ғана банкте сақтағаннан немесе тұтынуға жұмсағаннан гөрі оны айналымға салсаңыз, биз­неске салынған 1 теңге уақыт өте келе еселеніп қайтады. Ал жеке кәсіп – бұл ертеңгі күнге деген сенімділік. Кәсіп ашу арқылы сіз тек өзіңізді емес, тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтып, талай отбасына пайдаңызды тигізе аласыз. 

Ең бастысы – ниет пен еңбек. Несиені тойға емес, ойға, яғни бизнеске салып, қаржылық еркін­дікке жету  әрбір қазақстандықтың қолынан келетін іс деп ойлаймын. Бүгінге дейін көзге көрінбейтін, табыс әкелмейтін мақсаттарға ал­ған несиенің көлемін есеп­тесеңіз, шағын да емес орта бизнес бас­тайтын ақшаның сомасы шығар?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбек­керлерімен өткен кездесуде ауыл­дағы кәсіпкерлікті өркен­детуге басымдық берілетінін айтып, алды­мен кооперативтер құруды жалғастыруды ұсынды. Бұл ба­ғытта біршама жұмыс атқарылса да, бірлескен шаруашылықтар әзірге ауыл экономикасының тірегі бола алмай жатыр екен. Оған себеп кооперативтерді құратын топтардың жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал, шын шаруаларға арналған мемлекеттен жеңілдік­терді иемденіп алуы. Сондықтан жеке шаруаларды кооперативке біріктіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. Мемлекет басшысы: «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғын­дарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді» деп ауыл­ды дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының әлеуетін кеңінен пайдаланудың жолдарын белгілеп берді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының ре­сурстарын ауыл бизнесіне қажетті инфрақұрылымды жетілдіруге жұм­салатын болды. Аймақтарда мал бордақылайтын және мал соятын орындар тапшылығын жою, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу ісімен айналысатын және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеп, қызмет көрсететін сервистік дайындау орталықтарын салу, суару арна­лары мен ирригация жүйелеріне жөндеу қолға алынды. Президент айтқандай, инфрақұрылым болса, әкімдердің жергілікті бизнесті қолдауға және инвестор тартуға мүмкіндігі артады. Ол үшін аймақ­тық стандарттар жүйесіне өзгерту енгізіп, ауыл экономикасын жандандыру үшін нақты ұсыныс­тар әзірленіп жатыр.

Көптеген азамат «несие алу қиын» деп ойлайды, бірақ бұл бағдарлама ауыл халқы үшін ба­рын­ша жеңілдетілген. Ол үшін мал шаруашылығы, құс өсіру, жылы­жай сияқты шаруалармен айна­лысатыныңызды жазып, бизнес жоспар түзіп, жергілікті әкімдікке өткізесіз, олар сіздерге бәрін түсіндіріп береді. Егер бағдар­ламаның талаптарына сәй­кес келсе, 2,5%-бен несие алады. «Қа­рызсыз қоғам» – қаржылық им­мунитетті қалыптастырады. Кәсі­бі бар адамның мақсаты бола­ды. Өз кәсібің жалақыға телмір­мей, өз-өзін асырауға мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» басталған­нан бері мыңдаған ауыл тұрғыны кәсіп­керге айналды. Ал әр кәсіп­кер елдің берекесін кіргізетін бір «кірпіш». Партияның бұл жоба­лары тек қағаз бетіндегі есеп емес, ол – ауылдағы ағайынның көзін­дегі сенім, балалардың ер­тең­гі ба­қытты болашағы. Қарыз­сыз өмір сүру – ол байлық емес, ол – ер­кіндік. Ал «Ауыл аманаты» – сол еркіндікке апаратын ең қысқа жол.  

Елімізде бұрын-соңды ке­шіріл­меген қарыздар кешіріліп келеді. Борышкерлерді банкрот деп танитын заң қабылданды. Мемлекет басшысының бұл шешімдері – еліміздегі әлеуметтік шиеленісті азайтуға және азамат­тардың қаржылық еркіндігін қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадамдар. Шамадан тыс берешек халықтың басым бөлі­гінің тапқан табысының жартысы­нан көбін несиеге төлеп, басқа мұқтаждықтарына жеткізе алмай қалады. Бұл, әсіресе көп­балалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар және жетім балалар сияқ­ты әлеу­меттік осал топтарды несие тұза­ғынан құтқарады. Қарызға батқан адам ресми жұмысқа тұру­дан қа­шады, себебі  жалақысы бұғаттала­ды. Ал Банкроттық заңы оларға «таза парақтан» бастауға мүмкіндік берді. Бұл шаралар халық үшін тиімді. Мәселен, несиесі кешіріл­ген немесе бан­кроттық рәсімінен өткен азамат­тардың мойнынан ауыр жүк түсіп, отбасы бюдже­тіндегі ақшаның несиеге емес, ба­лалардың біліміне, сапалы та­мақ­тануға жұмсалуына жол ашты.

Сол сияқты үнемі коллектор­лардан қорыққан, шоттары бұғат­талған адамның үрейі төмендеп, қоғамдағы депрессия мен агрес­сия­ның азаюына тікелей әсер етеді. Банкроттық туралы заң – бұл адамды экономикалық «тұ­йық­тан» шығару құралы. Ал енді қарыздан құтқарып, қарызға бату­дан сақтандыратын құжатта бо­рыш­керлерді соттан тыс банкрот деп тануға мүмкіндік туды. Әсі­ресе, төлемі 5 жылдан асқан не­месе қарызы аз адамдар үшін оңай­латылған жол болды. Егер адамның тұрақты табысы болса, сот оған қарызын 5 жылға дейін бөліп төлеудің ыңғайлы кестесін жасап беріп, төлем қабілеттілігін қалпына келтіреді. 

Банкроттық туралы заңның халыққа берер пайдасы зор. Көпшілік «банкроттық» сөзін жаман атақ ретінде қабылдайды. Алайда шын мәнінде бұл – азаматтарды қорғайтын заңды тетік. Банкроттық рәсімі басталған сәттен бастап қарыз бойынша өсім мен айыппұлдар есептелмейді, яғни берешек мөлшері ұлғай­майды. Сонымен қатар коллек­торлар мен банк өкілдерінің қоңы­рау шалып мазалауына не­месе үйге келуіне заңмен тыйым салынады.

Сот шешімі шыққаннан кейін бұғатталған банк шоттары ашы­лып, азамат өз еңбекақысын то­лық пайдалана алады. Ал банкрот­тық рәсімі аяқталып, қарыз мә­селесі шешілген соң борыш­керлер тізімінен шығарылып, ше­телге шығуға қойылған шектеулер де алынады.

Жыл басынан бері 51 мыңнан астам азамат ресми түрде банкрот деп танылып, олардың шамамен 188 миллиард теңге қарызы кеші­рілді. Банкроттыққа өтініш бер­ген­дердің саны бұдан әлдеқайда көп – 300 мыңға жуық адам. Алайда олардың барлығы бірдей заң талаптарына сай келмеген.

Ал 2019 жылы Мемлекет бас­шы­сының Жарлығымен біржолғы ауқымды несие кешіру акциясы өтті. Соның нәтижесінде шамамен 600 мыңға жуық азамат қарыз жүгінен құтылды. Бұл шара ең алдымен әлеуметтік жағдайы ауыр көпбалалы отбасыларға, мүмкін­дігі шектеулі бала тәрбие­леп отырған ата-аналарға және жетім балаларға қолдау көрсетуге бағыт­талды. Бұл көптеген адамға жаңа өмір бастауға мүмкіндік берген маңызды қадам болды.

Мемлекет жаңа жұмыс орын­дарын жай ғана статистика үшін емес, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ашып жатыр. Ең алдымен, бұл – халықтың табысын арттырудың ең тиімді жолы. Адам тұрақты жұмыспен қамтылса, өз отбасын асырайды, несие төлейді, бола­шағын жоспарлайды. Яғни, әлеу­меттік тұрақтылық нығаяды.

Екіншіден, жұмыс орындары – кедейлік пен әлеуметтік теңсіз­дікті азайтудың негізгі құралы. Жұмыссыздық артса, қоғамда әлеуметтік шиеленіс көбейеді. Ал еңбек нарығы дамыса, адамдар масылдыққа емес, табыс табуға ұм­­тылады. Үшіншіден, жаңа жұ­мыс орындары экономиканы әр­тараптандыруға қажет. Мысалы, Қазақстан шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, логистиканы, цифрлық саланы дамытуға күш салып жатыр. Осы бағыттарда жаңа кәсіпорындар ашу – жаңа жұмыс орындарының көбеюі деген сөз. Төртіншіден, бұл – ішкі нарықты күшейту. Жалақы алған азамат тұтынушыға айналады: тауар сатып алады, қызмет пайда­ланады. Осылайша, ақша айна­лымы көбейіп, шағын және орта бизнес дамиды.

Әрине, несие мүлде алуға болмайды деген сөз емес. Бірақ оны тұтынуға емес, табыс әкелетін іске бағыттау тиімді. Яғни, қарыз – салмақ емес, құрал болуы керек. Ал саналы қаржы тәртібі мен кәсіпкерлік – адамның эко­номикалық еркіндігіне апаратын ең қысқа жол. «AMANAT» пар­тиясы соңғы жылдары халықтың нақты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ірі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Соның ішінде «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» бастамалары ел ішінде кең қолдау тауып отыр. Бұл жобалар жай ғана ұран емес, нақты нәтижеге бағытталған, адам­­дардың тұрмыс сапасын арт­тыруға арналған кешенді бағдар­ламалар.

«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауат­тылығын арттыруға және несие жүктемесін азайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Көптеген отбасы несие төлеу мәселесінде тығырыққа тірелген кезде жоба аясында тегін кеңес беру, қаржыны дұрыс жоспарлау, қарызды қайта құрылымдау тетіктері ұсынылды. Нәтижесінде, мыңдаған адам қар­жылық тәртіпті үйреніп, өз бюд­жетін басқарудың тиімді жолдарын меңгерді.

Ал «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіп ашуына және кооперация құруына нақты мүм­кіндік берді. Жеңілдетілген несие, төмен пайыздық мөлшер­леме және мемлекеттік қолдау ауылдағы кәсіпкерлікті жандан­дыруға сер­пін беріп отыр. 

Жалпы алғанда, бұл жобалар елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ауыл мен қала арасын­дағы экономикалық алшақтықты азайтуға ықпал етуде. Халықтың табысын арттыру, қаржылық тәр­тіпті қалыптастыру және кәсіп­керлікті дамыту бағытындағы мұн­­­дай нақты қадамдар – ел да­муы­ның берік негізі екені сөзсіз. «AMANAT» партиясы Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру­да қоғаммен тұрақты әрі тығыз байланыс орнатып, азаматтардың жақсы өмір сүруіне жол көрсетіп әрі көмектесіп келеді. Мұның бәрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұжырым­дамасын негізге алып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Жұдырықтай жұмылып, Қазақ­стан­ның өсіп-өркендеуі мен көркеюіне үлес қосатын ауызбір­шілігі мол, іскерлігі зор мемле­кетке айналайық. 

Қайрат БАЛАБИЕВ,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі,

 Мәжіліс депутаты 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шалқардың шырайы кірді

12 Наурыз 2026 10:29see163

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не айтты?

12 Наурыз 2026 13:52see116

Тоқаев: Жылу және электр стансаларын жаңарту еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді

12 Наурыз 2026 13:50see115

Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа жылу электр орталықтары салынады

12 Наурыз 2026 16:49see115

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайды

12 Наурыз 2026 23:05see113

Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

12 Наурыз 2026 11:41see113

Үшінші рет үйленген актер Әбілмансұр Серіков өзін сынағандарға жауап берді

12 Наурыз 2026 22:08see113

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

13 Наурыз 2026 15:02see113

Конституциялық реформа: Институционалдық өзгерістер арқылы жаңа қоғамдық келісім қалыптастыру

12 Наурыз 2026 15:49see113

Референдум: Бүгін үгіт аяқталады

13 Наурыз 2026 13:45see113

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

13 Наурыз 2026 14:10see112

Депутат Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

13 Наурыз 2026 14:10see112

Ипотекамен үй алатындар үшін нотариус ақысы 3 есе арзандады

13 Наурыз 2026 13:09see112

Құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады

13 Наурыз 2026 13:12see111

Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек

13 Наурыз 2026 08:47see111

Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

13 Наурыз 2026 08:12see110

Дональд Трампты енді Нобель сыйлығы қызықтырмайды

13 Наурыз 2026 23:06see110

​Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш жасөспірім іздестіріліп жатыр

12 Наурыз 2026 14:56see109

Қазақстанда қашан күн жылынады?

12 Наурыз 2026 10:24see108

Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

12 Наурыз 2026 17:13see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары