Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстандықтарға зейнетақы ақшасын қалай басқаруды өздері таңдауға рұқсат берілді

Қазақстандықтарға зейнетақы ақшасын қалай басқаруды өздері таңдауға рұқсат берілді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсырған азаматтар енді жасына және қатерге қаншалық дайын екеніне қарай инвестициялық стратегияны өздері таңдай алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін инвестициялық портфельді басқаратын әрбір жеке компания барлық клиенттің жасына қарамастан, ортақ портфель қалыптастыратын. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес басқарушы компаниялар салымшыларға инвестициялық портфельдің үш түрін ұсына алады:

консервативті - жасына қарамастан барлық салымшыға қолжетімді. Қаражат негізінен облигацияларға салынады. Басқарушының жұмысы жыл сайын бағаланады. қалыпты - зейнетке шығуына 3 жылдан аса уақыт қалғандарға арналған. Акциялар мен облигацияларды біріктіреді. Нәтиже 3 жылдың қорытындысы бойынша бағаланады; қатері бар - зейнетке шығуына 13 жылдан аса уақыт қалғандарға арналған. Негізінен акцияларға бағытталған: ықтимал табыс жоғары, бірақ құнның ауытқуы да айтарлықтай болуы мүмкін. Нәтиже 5 жылдың қорытындысы бойынша бағаланады.

Әр портфель үшін Қазақстан мен әлемдік нарықтағы акциялар мен облигациялардың жиынтық индексіне негізделген салыстырмалы көрсеткіш және ең төменгі табыс деңгейі белгіленген. Консервативті портфельдің ең төменгі табысы салыстырмалы көрсеткіштің 90 пайызынан, орташа тәуекелді портфельде 85 пайызынан, ал жоғары тәуекелді портфельде 80 пайызынан кем болмауға тиіс. Белгіленген мерзім аяқталғанда табыс осы деңгейден төмен болса, басқарушы компания айырымды өз қаражаты есебінен өтейді.

"Зейнетке шығуға неғұрлым көп уақыт қалса, инвестициялау мерзімі де соғұрлым ұзақ болады. Бұл нарықтағы құбылмалы әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Ал зейнет жасына жақындаған сайын жинақтың сақталуы басты орынға шығады", - деп түсіндірді ҚНРДА өкілдері.

Сонымен қатар, әр портфельде шетел валютасындағы инвестициялардың үлесіне шектеу қойылған. Консервативті портфельде бұл көрсеткіш 40 пайыздан, орташа тәуекелді портфельде 70 пайыздан, ал жоғары тәуекелді портфельде 80 пайыздан аспауы керек.

"Зейнетақы жинағын бірнеше басқарушы компанияға немесе бір компанияның бірнеше портфеліне бөліп орналастыруға болады. Бір басқарушының басқа портфеліне жылына бір реттен жиі ауысуға рұқсат етілмейді. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты арқылы өтініш беру қажет. Салымшының жасы таңдаған портфельдің талаптарына сәйкес келмей қалса, БЖЗҚ оның жинағын сол басқарушының басқа қолайлы портфеліне автоматты түрде аударады. Мұндай портфель болмаса, қор салымшыға алдын ала хабарлайды. Осылайша, азамат басқа басқарушыны таңдай алады немесе жинағын Ұлттық банктің басқаруына қайтара алады", – деді агенттік өкілдері.

Әр портфельдің қаражаты кастодиан банктегі жеке шоттарда есепке алынады. Басқарушы компания әр портфельдің нәтижесіне бөлек жауап береді. Зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі өзгермейді.

Анықтама: Кастодиан - клиенттердің бағалы қағаздарын, ақшасын немесе цифрлық активтерін қауіпсіз сақтап, олардың есебін жүргізетін мамандандырылған ұйым. Көбіне бұл қызметті банктер мен қаржы ұйымдары атқарады.

Басқарушы компания портфельді тек оның нәтижесін бағалау мерзімі аяқталғаннан кейін жаба алады. Бұл туралы бір жыл бұрын ескертуі керек. Сондай-ақ, компанияның кемінде бір инвестициялық портфелі сақталуға тиіс. Портфельдің табысы белгіленген ең төменгі деңгейге жетпесе, компания оны жаппас бұрын салымшыларға айырманы өтеуге міндетті.

Агенттік 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап азаматтар зейнетақы жинағының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық басқарушы компанияларға бере алатынын еске салды. Қазір зейнетақы активтерін алты жеке компания басқарады:

"Alatau City Invest" АҚ; "BCC Invest" АҚ; "Halyk Global Markets" АҚ; "Halyk Finance" АҚ; "Сентрас Секьюритиз" АҚ; "Tansar Capital" АҚ.

1 қазандағы жағдай бойынша олардың басқаруында 205,8 миллиард теңге (208 000-нан аса салымшы) болды.

"Азаматтардың жасына қарай инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндігі зейнетақы жинағының ұзақ мерзімді табысын арттырып, басқарушы компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді", - деп толықтырды ҚНРДА өкілдері.

Бұған дейін Қазақстанда жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасын күтпей-ақ өмір бойы зейнетақы төлемін алуға болатыны туралы жазған едік. Кейбір азаматтар бұл мүмкіндікті 50 жастан бастап пайдалана алады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:17
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары