Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?

Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қаржылық тұрақтылық пен отбасының болашағын ойлаған адам үшін өмірді сақтандыру маңызды. Мамандар полис таңдауда ең алдымен оның қандай мақсатқа қажет екенін айқындап алуға кеңес береді: жинақтау ма, инвестиция ма, әлде күтпеген жағдайдан қорғау ма? Яғни, нарықта ұсынылатын өнімдер көп, шарттары әртүрлі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Өмірді сақтандырудың басты мақсаты – сақтандырылған адамның өзіне немесе оның отбасы үшін қаржылық қорғаныс қалыптастыру. Бұл отбасын асыраушы қайтыс болған жағдайда немесе еңбекке жарамсыздық туындаса, бір реттік төлем алу, несие міндеттемелерін жабу не ұзақ мерзімді қаржылық жоспар құру болуы мүмкін. Осыған қарай сақтандырудың түрі де таңдалады.

Nomad Life компаниясындағылар бұл айырмашылықты қарапайым сұрақ арқылы түсіндіреді.

«Егер адам қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған жағдайда отбасы ақша алуы маңызды болса, бұл – тәуекелді өмірді сақтандыру. Мұнда жинақ та, табыстылық та жоқ, тек қорғаныс бар. Ал белгілі бір мерзімге капитал жинау – баланың біліміне, зейнетке немесе ірі сатып алуға қаржы жинау мақсаты тұрса, бұл жинақтаушы өмірді сақтандыру. Онда қорғаныс жинақпен және инвестициялық табыспен қатар жүреді. Өзіңізге бір ғана сұрақ қою керек: «Егер маған ештеңе болмаса, салған ақшамды қайтарып ала аламын ба?» Егер жоқ болса – бұл таза қорғаныс. Ал иә болса – жинақтаушы немесе инвестициялық өнім», дейді Nomad Life өкілдері.

Шарт жасасу кезінде клиент сақтандыру өтінішінде тәуекелдің ықтималдығына әсер ететін барлық маңызды мән-жайды көрсетуге міндетті. Денсаулық жағдайы, бұрынғы диагноздар, өмір салты – мұның бәрі сақтандыру тарифі мен төлем көлеміне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар сақтандыру сомасы да отбасылық табыс пен қаржылық міндеттемелерге сай болуы тиіс. Әйтпесе сақтандыру жағдайы туындағанда оның пайдасы шамалы болуы мүмкін.

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

BCC Life басқарма мүшесі Талғат Дүйсебаев полис шарттарымен қатар компанияның өзіне де назар аударуды ұсынады. Оның айтуынша, нақты бір полистің талаптарымен шектелмей, сақтандыру компаниясының қай қаржы тобына кіретінін, оның нарықтағы тұрақтылығы мен беделін бағалау маңызды. Клиент шарттың талаптарын, сатып алу (выкуп) сомасының тәртібі мен мөлшерін, комиссия құрылымын алдын ала білуі керек. Т.Дүйсебаев өмірді сақтандыруды ұзақ мерзімді қаржылық қорғау мен жоспарлау құралы ретінде қарастыруды ұсынды. Шартты мұқият зерделеу мен кәсіби кеңес жеке қаржылық мақсаттарға сай сенімді сақтандыру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі нарықта өмірді сақтандыру өнімдері шартты түрде үшке бөлінеді. Біріншісі – тәуекелді, яғни қорғаныштық сақтандыру. Оның мақсаты – күтпеген жағдай туындағанда жақындарыңыздың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екіншісі – жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру, мұнда қорғаныс капитал жинаумен ұштасады. Үшіншісі – зейнетақы аннуитеттері.

Halyk Life мамандары күрделі өнімдерге асықпауға шақырады.

«Жинақтаушы және инвестициялық бағдарламалар (ЖСЖ, unit-linked) – күрделі қаржылық құралдар. Олар ұзақ мерзімді қатысуды, инвестициялық тәуекелді және қосымша шарттарды талап етеді, сондықтан базалық қорғанысты алмастыра алмайды. Қарапайым белгі: егер жарна төлеу тоқтағанда қорғаныс та тоқтаса – бұл тәуекелді сақтандыру; ал егер сатып алу құны мен табыстылық есептелсе – бұл инвестициялық өнім. Біз алдымен базалық қорғаныстан бастауға, ал күрделі шешімдерді кейінгі кезеңде қарастыруға кеңес береміз», дейді Halyk Life мамандары.

Сақтандыру жарналары – барлық клиенттер үшін ортақ сақтандыру қорын қалыптастырады. Тәуекел ықтималдығы мен өтемақы көлемі жоғары болған сайын, жарна да өседі. «МАК» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажановтың түсіндіруінше, егер клиент жарна төлеуді тоқтатса, шарттағы сақтандыру сомасы нақты төленген қаражатты ескере отырып қайта есептеледі. Жинақтаушы сақтандыру шарттарында сақтандырылған тұлғаны өзгертуге болмайды, ал пайда алушыны сақтандырушының өтінішімен қосымша келісім арқылы ауыстыруға болады.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры неге Қаржы министрлігіне берілді?

Кейде сақтандыру төлемінен бас тарту жағдайлары кездеседі деген пікір бар. Алайда статистика мұны растамайды. Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларында бас тартулар өте сирек және көбіне клиенттің толық немесе дұрыс емес ақпарат беруімен байланысты. Мәселен, қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрғанын көрсетпеген клиенттің өлімі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен болса, жинақтаушы сақтандыруда төлем толық емес, сатып алу сомасы көлемінде ғана жүргізіледі. Немесе ми шайқалу диагнозы бойынша өтініш берілгенде, ол төлем қарастырылған жарақаттар тізіміне кірмесе, өтемақы төленбейді.

«Евразия» компаниясының сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Құрбанғалиевтің нақтылауынша, сақтандыру өтінішінде көрсетілген ақпарат тарифті айқындауда шешуші рөл атқарады. Ақпаратты толық бермеу немесе жалған мәлімет көрсету төлемнің азаюына не одан мүлде бас тартуға себеп болуы мүмкін. Егер клиент қант диабеті бойынша есепте тұрғанын көрсетсе, тариф жоғарырақ болады.

Мамандардың ортақ пікірі бойынша, өмірді сақтандыруды таңдауда асығыстыққа жол бермей, шартты мұқият оқып, түсінбеген тұстарды агенттен нақтылап алған жөн. Сонда ғана сақтандыру полисі шынайы қорғаныс пен қаржылық сенімділікке айналады.

eGov-та мүлікті сақтандыру сервисі іске қосылды: Төлем сомасы қанша?

Соңғы жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:54

Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?

Қазақстан • Бүгін, 17:42

«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады

Ата заң • Бүгін, 17:39

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:30

Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Әйелдер құрамасы: Ла-Нунсиядағы турнирге кімдер қатысады?

Спорт • Бүгін, 17:02

Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?

Экология • Бүгін, 16:55

Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді

Аймақтар • Бүгін, 16:48

Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды

Қоғам • Бүгін, 16:31

Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Бүгін, 16:10

Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды

Қоғам • Бүгін, 16:08

Шерхан Мұртазаның 6 мың қолжазбасы цифрланды

Архив • Бүгін, 15:58

Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады

Қоғам • Бүгін, 15:48

Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

Қоғам • Бүгін, 15:33

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары