Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

Күннен қорғайтын кремді қалай таңдауға болады: сарапшы тері қатерлі ісігінің қаупін қалай азайтуға болатынын түсіндірді

Күннен қорғайтын кремді қалай таңдауға болады: сарапшы тері қатерлі ісігінің қаупін қалай азайтуға болатынын түсіндірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бала кезде күнге күйіп қалу болашақта тері обырының даму қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер ультракүлгін (УК) сәуледен қорғану ең алдымен қауіпті аурулардың алдын алуға көмектесетінін ескертеді.

Бала кезде күнге күйіп қалу болашақта тері обырының даму қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер ультракүлгін (УК) сәуледен қорғану ең алдымен қауіпті аурулардың алдын алуға көмектесетінін ескертеді.

Бүгінде нарықта күннен қорғайтын өнім көп, сондықтан оларды таңдауда шатасып қалу оңай. TengriHealth тілшісі тиісті санскринді (күннен қорғайтын крем) қалай таңдау керек екенін, сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару қажет екенін және көбі дененің қай бөліктерін күннен қорғауды ұмытып кететінін анықтады.

SPF нені білдіреді және таңдау кезінде неге назар аудару керек?

Дәрігер-дерматовенеролог Әсия Жазылбекованың айтуынша, ультракүлгін сәулеленудің екі түрі бар:

UVA сәулелері (ультракүлгін А) қартаюға, пигментацияға және терең зақымдануға әсер етеді. UVB (ультракүлгін B) - күйікке, қызаруға және күн эритемасына себеп болады.

Бұл ретте SPF (Sun Protection Factor) - күннен қорғау факторы - ең алдымен дәл осы UVB сәулелерінен қорғанысты көрсетеді.

Яғни, SPF - бұл UVB күйігінен қорғау, ал UVA таңбасы - UVA фотоқартаюдан және терінің терең зақымдануынан қорғау деген сөз.

"Сондықтан мен әрқашан жай ғана SPF 30 немесе SPF 50 емес, broad spectrum (ультракүлгін сәулелердің екі түрінен де бірдей қорғайды), UVA/UVB, PA+++ немесе PA++++ белгісі бар құралды таңдауға кеңес беремін", - дейді сарапшы.

Анықтама: PA (Protection Grade of UVA) аббревиатурасы - UVA сәулелерінен қорғауды бағалаудың жапон және кореялық жүйесі. Плюс белгісі неғұрлым көп болса, қорғаныс деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Неге SPF 50 деңгейі SPF 30-дан екі есе жақсы емес?

Қала жағдайында санскринді қашан қолдану керек екені туралы сұраққа дәрігер алдымен ультракүлгін индексін бағалау керек екенін айтады:

Анықтама: ультракүлгін сәулелену индексі (UV Index немесе УК-индекс) - бұл көрсеткіш белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде күннің ультракүлгін сәулеленуі қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Ол күн сәулесінің тері мен көзге қаншалықты тез зиян келтіретінін бағалауға көмектеседі. Индекс неғұрлым жоғары болса, күнге күю қаупі соғұрлым жоғары және бұл соғұрлым тез болуы мүмкін.

"Өз өңіріңіздегі қазіргі УК-индексті ауа райы болжамы және УК-индекс сервисі арқылы біліп, күн астында қауіпсіз жүруді жоспарлауға болады".

Көрсеткішке байланысты ДДСҰ мынадай ұсыныстар береді:

0–2 (төмен) - әдетте арнайы қорғаныс қажет емес; 3–5 (орташа) - SPF 15–30 кремін қолданған дұрыс; 6–7 (жоғары) - SPF 30–50 қажет; 8–10 (өте жоғары) - SPF 50+, сондай-ақ бас киім мен жабық киім міндетті.

Әсия Жазылбекованың айтуынша, SPF-ті сәулелену индексі екіден асқан кезде-ақ қолдануға болады. Ол қала үшін және күнделікті пайдалануға SPF 30–50 жеткілікті деп санайды. Сандардағы айырмашылыққа қарамастан, олардың әсері бірдей дерлік. Оның айтуынша, SPF 30 UVB сәулелерінің шамамен 97 пайызын, ал SPF 50 шамамен 98 пайызын бұғаттайды.

"Сондықтан SPF 50-ді SPF 30-дан "екі есе жақсы" деп айтуға болмайды. Тек жоғары санның соңына түсудің қажеті жоқ. SPF 50-ді жеткілікті мөлшерде жағып, әр екі сағат сайын жаңартып отыру, SPF 100-ді таңертең бір рет жұқа етіп жаққаннан әлдеқайда жақсы".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Әсия Жазылбекова

дерматовенеролог

Спикер туралы: Әсия Жазылбекова - дәрігер-дерматовенеролог, медицина ғылымдарының магистрі, EADV (European Academy of Dermatology and Venereology - тері және венерологиялық аурулар саласындағы мамандардың басын қосатын жетекші халықаралық қоғамдастық) қауымдастығының мүшесі.

Күн белсенді кезінде, жағажайда, тауда, процедуралардан кейін немесе пигментация болған жағдайда, дәрігер UVA-қорғанысы бар, кең спектрлі SPF 50+ қолдануға кеңес береді.

Күннен қорғайтын құралдарды пайдалану кезінде жиі жіберілетін қателіктер

Сарапшының айтуынша, жиі кездесетін қателіктер бар:

Жағажайда қорғану үшін бір рет жағу жеткілікті. Адамдар көбінесе таңертең шығар алдында крем жағады да, қорғанысты жаңартпай күн астында жүре беруге болады деп ойлайды. Бірақ бұл қате. Тек санскринге сену. SPF-қорғаныстан бөлек, басқа да сақтық шараларын қолдану керек - көзілдірік, бас киім. Жағу стандарты - бет, иық, қол және аяқ. Дәрігердің айтуынша, күннен қорғайтын кремді қолдану кезіндегі басты қателіктердің бірі - құралды дұрыс емес және тек белгілі бір жерлерге ғана жағу. Көптеген адам тек бетін, иығын, қолын және аяғын ғана қорғауға дағдыланған, ал дененің басқа осал тұстарын: көз, ерін, құлақ қалқаны және басты (егер адам тақырбас болса) мүлдем ұмытып кетеді. Ескі немесе мерзімі өткен күннен қорғайтын кремдерді пайдалану.  Сондай-ақ басқа да жаңсақ пікірлердің арасында, күн бұлтты кезде SPF қажет емес деп ойлау. Санскринді тек жағажайда жағып, бірақ қалада қолданбау.

Әсия Жазылбекованың айтуынша, ең жиі кездесетін қателіктердің бірі - құралды тым аз мөлшерде жағу.

"Тәжірибеде қолдануға ыңғайлы әдіс - "екі саусақ" ережесі: сұқ саусақ пен ортаңғы саусаққа екі жолақ крем жағу. Бұл мөлшер әдетте бет пен мойынға жеткілікті болады", - дейді сарапшы.

Қауіп тобындағылар

Дәрігердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің тері құрылымы мен көру мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты олар ультракүлгін сәулеленудің әсеріне тым сезімтал келеді.

"Бала кезде күнге күю өмір бойында тері қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Сонымен қатар бала көзінің торлы қабығы ультракүлгін сәулелерге және соның салдарынан болатын зақымдануларға бейім келеді", - дейді дәрігер.

Сондықтан Әсия Жазылбекова ата-аналарды балалық және жасөспірімдік шақта күн астында шамадан тыс жүру қауіпті екенін ұмытпауға шақырады.

Жоғары қауіп тобына мыналар да жатады:

терісі ақшыл адамдар - олар күнге тез күйеді және тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары болады; фотосезімталдықты арттыратын препараттарды қабылдайтын пациенттер; жақын туыстары тері қатерлі ісігімен ауырғандар; денесінде меңі көп адамдар; жұмыс бабымен ашық күн астында көп уақыт өткізетіндерге де терінің меланомалық емес қатерлі ісіктерінің даму қаупі төнеді.

Фото: Depositphotos.com

Ультракүлгіннің жасырын салдары

Дәрігердің айтуынша, ультракүлгін сәулелер ұзақ мерзімді онкологиялық қауіптерден бөлек, түрлі жедел және созылмалы реакцияларды тудырады. Оларға мыналар жатады:

ДНҚ-ның зақымдануы, күнге күю, фотоуытты және фотоаллергиялық реакциялар, иммунитеттің төмендеуі.

Анықтама: фотоуытты және фотоаллергиялық реакциялар - бұл кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан, косметиканы қолданғаннан немесе белгілі бір заттармен жанасқаннан кейін пайда болуы мүмкін терінің күнге жағымсыз реакциясының екі түрі.

"Иммунитет тиімділігінің төмендеуін онкологиялық аурулардың қауіп факторына жатқызуға болады, сондай-ақ бұл вирустардың қайта белсендірілуіне әкелуі мүмкін", - деді спикер.

Оның айтуынша, ультракүлгін сәулелену әсерінің созылмалы салдарына мыналар жатады:

тері меланомасы - адам өміріне қауіпті терінің қатерлі ісігі; жалпақ жасушалы карцинома (ЖЖК) - әдетте меланома сияқты тез дамымайтын және сирек өлімге әкелетін қатерлі ісік; базальды жасушалы карцинома (БЖК) - негізінен ересек адамдарда пайда болатын, баяу дамитын тері қатерлі ісігі; терінің ерте қартаюы - жас кезде тері серпімділігінің жоғалуы және зақымданудан кейін оның қалпына келу жылдамдығының төмендеуі. Минералды VS химиялық: қай сүзгіні таңдаған дұрыс?

Күннен қорғайтын сүзгілер - бұл ультракүлгін сәулелердің теріге әсерін азайтатын SPF-кремдердің компоненттері. Дәл солар UVA немесе UVB сәулелерінен қорғанысты қамтамасыз етеді.

Сүзгілердің екі негізгі түрі бар: минералды және химиялық. Әсия Жазылбекованың айтуынша, олардың қайсы жақсы деген сұраққа біржақты жауап жоқ.

Минералды немесе физикалық сүзгілер балаларға, терісі сезімтал, розацеасы бар, терісі ашуға және қызаруға бейім адамдарға жақсы келеді.

Анықтама: розацеа - бұл беттің жиі қызаруы, теріде тамырлардың кеңеюі және кейде қабынулы бөртпелермен сипатталатын терінің созылмалы қабыну ауруы.

"Дегенмен, олардың өз кемшіліктері бар. Олар теріні ағартып жіберуі мүмкін, құрылымы тығыз болады, кейде терінің құрғақтығын айқындап көрсетеді немесе бетте ауырлық сезімін тудырады. Есесіне, күн астында жүргенде, ағартып тұратындықтан кремнің қай жерге жағылғанын бақылау оңай", - деп нақтылады Жазылбекова.

Химиялық сүзгілер - бұл органикалық сүзгілер. Олардың құрылымы әдетте жеңілірек, жақсы жағылады, теріні аз ағартады және күнделікті қолдануға, әсіресе макияж астына жағуға қолайлы, деп есептейді спикеріміз.

"Майлы теріге, акнеге және күнделікті қала жағдайында қолдануға көбіне жеңіл химиялық немесе аралас сүзгілер ыңғайлы", - деп толықтырды ол.

Кемшіліктердің ішінен дәрігер кейбір адамдарда химиялық сүзгілердің, әсіресе көз айналасында ашу сезімін тудыруы немесе сезімтал теріде тітіркену тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мәліметінше, кейінгі 20 жылда Қазақстанда онкологиялық аурулардың жаңа жағдайлары саны 30 пайыздан астамға өскен. Бұл ретте дәрігерлер көптеген пациенттердің көмекке кеш жүгінетінін және бағалы уақытын жоғалтып алатынын айтады.

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

кеңес

Күн

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see146

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see116

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see114

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see114

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

13 Тамыз 2026 20:05see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары