Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Автокөлікті сатуға қалай дұрыс және арзан дайындауға болады сарапшының кеңестері

Автокөлікті сатуға қалай дұрыс және арзан дайындауға болады сарапшының кеңестері

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кез келген көлік иесі өмірінде бір рет болсын көлік сату мәселесіне тап болады. Бір қарағанда бәрі оңай көрінеді: бірнеше суретке түсіріп, хабарландыру жарияласаң болды - сатып алушы бірден табылатындай. Бірақ іс жүзінде бұл процесс апталарға, кейде тіпті айларға созылып кетеді.

Tengri Auto тілшісі сарапшыдан көлікті сатуға қалай дайындау керек екенін, оның өтпей тұрып қалмауы үшін не істеу қажет екенін және тәжірибесіз сатушылар қандай қателіктер жіберетінін білді.

Артық шығын шығармас үшін неден бастау керек?

Сарапшы Анатолий Русевтің айтуынша, көлікті сатпас бұрын ең құрығанда негізгі ақауларын реттеп алған жөн.

Тіпті болмашы ақаулар, сызаттар, үйкелген жерлер немесе техникалық жағынан туындайтын мәселелер әлеуетті сатып алушыны үркітуі немесе бағаны едәуір түсіруге себеп болуы мүмкін.

Оның сөзінше, көліктің ұқыпты түрі мен дұрыс техникалық күйі оны тезірек және тиімді бағаға сату мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Анықтама: Анатолий Русев - автоблогер, "Руки в Масле" арнасының авторы

Сату алдында көлікті көтеріп, барлық кемшіліктердің тізімін жасап алған дұрыс.

Сарапшы тек сын көтермейтін, шұғыл жөндеуді қажет ететін тұстарына ғана ақша жұмсауға кеңес береді.

"Егер жүрісі сықырлап немесе Check Engine жанып тұрса - бұл сатып алушылардың 80 пайызын үркітіп жібереді. Сондай-ақ шанақ пен қозғалтқыш бөлігін мұқият жуу керек. Тек таза көліктен ғана жасалуы тиіс косметикалық жұмыстардың нақты көлемін көре аласыз", - деді Анатолий.

Өзін-өзі ақтайтын шығындар мен үнемдеу

Сарапшы сату алдында ұсақ-түйек болса да, көзге бірден түсетін кемшіліктерді жою маңызды деп есептейді. Оның айтуынша, мұндай инвестициялар әдетте өзін-өзі ақтайды.

"Егер шанақтың түсі оңып, "шаршаған" болса, жеңіл жылтырату реңін кіргізеді және шығынды еселеп қайтарады", - дейді сарапшы.

Анатолий тюнингке артық шығынданбауға, сондай-ақ жаңа мультимедиа орнатуға немесе әлі де жұмыс істеп тұрған тораптарды күрделі жөндеуден өткізуге кеңес бермейді. Мәселен, ГРМ белдігін жаңартсаңыз, сатып алушы оны тиісті жағдай ретінде қабылдайды, бірақ бағаны айтарлықтай көтермейді.

Сыртқы келбет және химиялық тазалау

Сарапшының айтуынша, көлік сатуда әлі де "киіміне қарай қарсы алу" принципі жұмыс істейді. Сондықтан көлікті көрсетпес бұрын оны толық жуып, химиялық тазалаудан өткізген дұрыс. Бөгде иіссіз, тап-таза салон көлікке жақсы күтім жасалған және дұрыс қызмет көрсетілген деген әсер қалдырады.

Ал лас интерьер, дақтар немесе темекі иісі, керісінше, техникалық бөлікті тексермей тұрып-ақ сатып алушыда көліктің жалпы күйіне қатысты күмән тудырады.

"Сату алдындағы дайындық көлік бағасын 5–10 пайызға көтеруі немесе сату процесін бірнеше есе жылдамдатуы мүмкін", - деді ол.

Техникалық ақаулар: жөндеу керек пе әлде айтқан дұрыс па?

Көбіне сатушы сатып алушыны көлігінің мінсіз күйде екеніне сендіре бастайды, бірақ іштей жаңа иесінде қандай мәселелер туындауы мүмкін екенін жақсы біледі.

Сарапшы ұсақ кемшіліктерді жасырмай, оларды бірден көрсетуге кеңес береді. Оларды жөндеу үшін саудаласу кезінде аздап жеңілдік жасаған абзал, бұл сатып алушының сенімін тудырады. Әрине, бұл тек шағын мәселелерге қатысты: мысалы, айна жылытқышының істемеуі немесе алдыңғы әйнектің кішкене шытынауы.

Бірақ сату алдында міндетті түрде түзетілуі керек ақаулар да бар. Бұл ең алдымен қауіпсіздік пен техникалық күйге қатысты - мысалы, тежегіш мәселелері немесе майдың ағуы. Мұндай ақаулар сатып алушыларды үркітіп қана қоймай, саудаласу кезінде көлік құнын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Көлік иелері жіберетін қателер

Хабарландыруды оқу кезеңінде-ақ сатып алушыны суытып жіберетін жайттар бар.

Сарапшы сатушылар жиі жіберетін үш қателікті атап өтті:

Жылтыратып жуылған қозғалтқыш: ескі көліктің тым тап-таза қозғалтқышы кездесу алдында май аққан жерлерін жуып тастаған-ау деген ойға қалдырады. Сапасыз суреттер: гараждардың фонындағы, лас көліктің немесе қас қарайғанда түсірілген суреттер. Сипаттамадағы орынсыз дөрекілік: "Алыпсатарлар хабарласпасын" немесе "Сауда тек капот алдында" деген сияқты сөз тіркестері көбіне байсалды адамдарды да шошытады. Нарықтағы құнын қалай анықтауға болады?

Анатолий хабарландыруда көрсетілетін бағаны қалай дұрыс есептеу керектігін айтты. Нарықтағы ең жоғары бағаларға сүйенудің қажеті жоқ. Егер сіз бағаны тым асыра сілтеп қойсаңыз, көлігіңізді бір айдан аса уақыт сатуыңыз мүмкін.

5-7 ұқсас хабарландыру тауып, солардың орташа бағасын шығару және сол бағамен сату ұсынылады. Дегенмен, автокөлік сататын сайттар пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бұл "орташа" бағаны көбіне өздері шығарып береді.

"Егер тез сатқыңыз келсе - бағаны нарықтағы орташа көрсеткіштен сәл төмендетіңіз. Егер көлік мінсіз күйде болса - жоғарғы сегментке қойыңыз, бірақ бұл бағаны көліктің жай-күйімен дәлелдеуге дайын болыңыз", - дейді ол.

Құжаттар және техникалық қызмет көрсету тарихы

Анатолий Русев "сенім - бұл валюта" деп санайды, сондықтан сату алдында барлық құжатты дайындау керек.

Атап айтқанда:

Сервистік кітапша немесе чектер мен тапсырыстар жинақталған папка.

"Тіпті дилерде қызмет көрсетілмеген күннің өзінде, қосалқы бөлшектерге алынған чектер шығын материалдарынан ақша аямағаныңызды дәлелдейді", - деді ол.

Мәліметтер базасынан алынған таза есеп.

"Көліктің айыппұлдары мен шектеулері бар-жоғын алдын ала тексеріп алыңыз".

Кілттің екі жиынтығы.

"Бұл сатып алушы үшін әрқашан үлкен артықшылық болып саналады", - деп түйіндеді сарапшы.

Сәтті сатудың басты құпиясы - шынайылық. Анатолийдің сөзінше, сатып алушы мінсіз көлік емес (қолданылған көліктер нарығында ондайлар болмайды), өз автокөлігінің тарихы мен пайдалану ерекшеліктері туралы ашық айтып беретін жүргізушіні іздейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары