Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жаңа нөмір өзгенің цифрлық өмірі: қазақстандықтарға неліктен тарихы бар SIM карталар сатылады және бұл несімен қауіпті

Жаңа нөмір өзгенің цифрлық өмірі: қазақстандықтарға неліктен тарихы бар SIM карталар сатылады және бұл несімен қауіпті

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандықтарға бұрын басқа абоненттерге тиесілі болған нөмірі бар SIM-карталар әлі де сатылып келеді. Ал олармен бірге кейде өзге адамның цифрлық тарихы да беріледі. Неге операторлар мұндай нөмірлерді айналымға қайта қосады, бұл қандай қауіп тудырады және деректерді қалай қорғауға болады? Мәселені Tengri Life тілшісі анықтап көрді.

"Жаңа нөмір сатып алсам, біреудің WhatsApp-ы тұр"

Екі қазақстандық үшін жаңа SIM-карта сатып алу нөмірдің бұрынғы иелерімен күтпеген таныстыққа ұласты.

Қыздардың бірі танымал әлеуметтік желіде өз оқиғасын бөлісті. Айтуынша, ол жаңа нөмірді 5 мың теңгеге сатып алып, жұмыста пайдалануды жоспарлаған, алайда мәселе WhatsApp Business-ке тіркелу кезінде бірден басталған.

"Қосылып жатыр едім, мессенджер: "код сіздің iPhone 17 Pro Max құрылғыңызға жіберілді" деген хабарлама келді. Бірақ менде ондай телефон жоқ", - дейді қыз.

Ол аккаунтты тіркеуге бірнеше рет әрекет жасағанымен, нәтиже болмағанын айтты: растау коды бар SMS келмеген, қоңырау да түспеген.

Содан кейін ол WhatsApp-тағы өз нөміріне жазып көруді ұйғарып, күтпеген жерден жауап алады. Мессенджерді нөмірдің бұрынғы иесі әлі де қолданып жүргені белгілі болды. Ер адам осыдан үш жыл бұрын Қазақстаннан кеткенін, содан бері SIM-картаны пайдаланбағанын, бірақ WhatsApp аккаунтын сақтап қалғанын айтып берген.

"Оператор нөмірді алып, сатып жіберген. Енді екеумізде бір нөмір", - дейді жазба авторы.

Осыған ұқсас жағдай оператордың қызмет көрсету орталығынан нөмір сатып алған тағы бір қазақстандық қыздың басынан өткен. Оның айтуынша, қызметкерлер нөмірді компьютердегі базадан таңдауды немесе қораптағы тарифі бар SIM-картаны сатып алуды ұсынған. Қыз бірінші нұсқаны таңдайды. Бұл ретте ол базадағы нөмірлерді бұрын басқа абоненттер қолданғаны туралы ескертілмегенін айтады.

Бірінші кейіпкер сияқты, оның да мәселесі нөмірді WhatsApp-қа тіркемек болған сәтте басталған.

"Қосымша бұл нөмір қолданыста екенін көрсетті. Ақыры мен басқа телефоннан осы нөмірге жазып, иесі бар екенін білдім. Әйел оны 10 жылдан бері пайдаланып келе жатқанын айтты", - деп бөлісті ол.

Қыз түсініктеме алу үшін қызмет көрсету орталығына қайта барады. Оның айтуынша, қызметкерлер кейбір абоненттер нөмір сатып алып, теңгерімді толтырмайтынын және оны тек WhatsApp үшін пайдаланатынын айтқан. Егер оператор жарты жыл бойы теңгерім толтырылғанын тіркемесе, мұндай нөмір тәркіленіп, сатылымға шығарылуы мүмкін.

Нәтижесінде қыз таңдаған нөмірден бас тартып, орталық қызметкерлерінің сендіруінше бұрын ешкім қолданбаған қораптағы басқа нөмірді сатып алды. Оны тіркеу кезінде ешқандай мәселе туындамаған.

Фото:depositphotos.com

Неге нөмірлер сатылымға қайта шығарылады?

Бұрын пайдаланылған нөмірлердің неге сатылымға қайта шығарылатынын, оператор қандай жағдайда нөмірді жаңа абонентке бере алатынын және бұл сатып алушы үшін де, бұрынғы иесі үшін де қандай қауіп тудыратынын білу үшін Қазақстанның үш ірі байланыс операторына - Kcell, Tele2 және Beeline-ға жүгіндік.

Нөмірлерді қайта ұсыну - байланыс қызметтерін көрсету ережелерінде қарастырылған тәжірибе екені анықталды. Егер абонент белгілі бір уақыт аралығында мобильді байланыс қызметтерін пайдаланбаса, онымен келісімшарт тоқтатылып, босаған нөмір кейін басқа клиентке берілуі мүмкін.

Алайда оператормен келісімшартты тоқтату нөмірдің бұрын тіркелген барлық үшінші тарап сервистерінен автоматты түрде жойылуын білдірмейді.

Мәселен, Kcell өкідері қайта сатылмас бұрын нөмір бұрынғы абонент атынан ажыратылуы тиіс екенін түсіндірді. Бірақ заңнама операторды оның қандай үшінші тарап интернет-сервистеріне тіркелгенін тексеруге міндеттемейді. Сондай-ақ нөмірдің өзге аккаунттардан ажыратылуына кепілдік беретін бірыңғай міндетті күту мерзімі де қарастырылмаған.

Beeline оператор мұндай байланыстарды тексере алмайтынын, себебі үшінші тарап сервистерінің деректер базасына рұқсаты жоқ екенін нақтылады.

Пайдаланылмаған жағдайда нөмір қанша уақыттан кейін сатылымға қайта түседі?

Үш операторда да бұл мәселе бойынша ереже бірдей.

Kcell мәліметінше, келісімшартты тоқтатуға бір жыл бойы ұялы байланыс қызметтерін пайдаланбау негіз болады. Есептеу кезінде қоңыраулар, мобильді интернетті пайдалану, кіріс және шығыс байланыстар, сондай-ақ SMS жіберу ескеріледі.

Келісімшарт бұзылғаннан кейін нөмір тәркіленіп, біраз уақыттан соң жаңа абонентке берілуі мүмкін.

Tele2 де осындай себептер мен мерзімдерді - 12 айды атады. Бұл ретте оператор келісімшартты тоқтатудың тағы бір негізіне назар аударды.

"Егер байланыс қызметтері алаяқтық әрекеттердің белгілеріне байланысты тоқтатылса және үш ай ішінде қызмет көрсету қайта жанданбаса, келісімшарт та тоқтатылады", - деп нақтылады оператор.

Beeline да нөмірдің бір жыл бойы пайдаланылмау мерзімін атап өтті. Алайда компания нөмір жойылғаннан кейін бұрынғы иесі алты ай ішінде оны қайта қалпына келтіруге өтініш бере алатынын жеткізді.

"Осы мерзім өткеннен кейін нөмір басқа клиентке берілуі мүмкін", - деп хабарлады Beeline.

Фото:depositphotos.com

Неге абонентке шарт бұзылғаны туралы хабарланбайды?

Операторлар нөмір ұзақ уақыт бойы пайдаланылмауына байланысты абоненттерге шартты тоқтату туралы ескертуге міндетті емес екендерін түсіндірді.

Kcell хабарландыру тәртібі заңнамамен және шарт талаптарымен айқындалатынын нақтылады. Бұл ретте компания абоненттерге байланыс деректерінің өзектілігін қадағалап, нөмірді пайдаланбау мерзімдерін ескеруге кеңес берді.

Tele2 мен Beeline қолданыстағы ережелер операторларды шартты бұзу туралы абоненттерге алдын ала ескертуге міндеттемейтінін түсіндірді.

"Қызметтерді қосу кезінде абонент қызмет көрсетуді тоқтату тәртібі жазылған жария шарт талаптарымен танысады", - деп атап өтті Beeline.

Нөмірден айырылып қалмау үшін компания ұялы байланыс қызметтерін анда-санда пайдалануды ұсынады. Әсіресе, SIM-карта банктік қосымшаларға, әлеуметтік желілерге және басқа да маңызды цифрлық сервистерге тіркелген болса.

Неге сатып алушыға нөмірдің иесі болуы мүмкін екені ескертілмейді?

Операторлардың түсіндіруі бойынша, олардың WhatsApp, әлеуметтік желілер, банктер және басқа да үшінші тарап сервистерінің деректер базасына кіру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан компаниялар нөмір қандай аккаунттарға тіркелгенін және оны бұрынғы иесі қай жерде пайдаланғанын тексере алмайды. Демек, бұл туралы жаңа сатып алушыға ескерту де мүмкін емес.

Операторлар көптеген абонент нөмірлерді негізінен мессенджерлер үшін пайдаланатынын, қоңырау шалмайтынын және SMS жібермейтінін айтты.

"Егер абонент WhatsApp-ты тек Wi-Fi арқылы пайдаланса, ұялы оператор желісі іске қосылмайды. Тиісінше, оператор мұндай белсенділікті өз қызметтерін пайдалану ретінде тіркей алмайды. Яғни, адам күн сайын мессенджерде хат алмасуы мүмкін, бірақ оператор үшін оның нөмірі пайдаланылмайтын болып есептеледі", - деп түсіндірді операторлар.

Фото:depositphotos.com

Бөгде адамдардың жеке аккаунтқа қол жеткізуі

Егер нөмір басқа адамға сатылып кетсе, ал бұрынғы иесі бұл туралы білмей, WhatsApp пен басқа сервистерді Wi-Fi арқылы пайдалануды жалғастыра берсе жаңа сатып алушы оның жеке аккаунттарына қол жеткізе ала ма деген сұрақ туындайды. Мысалы, егер нөмір әлі де оларға тіркеулі болса, әлеуметтік желілердегі немесе банктік қосымшалардағы құпиясөздерді қалпына келтіруге әрекет жасай ала ма?

"Нөмір бұрынғы иесінің есептік жазбасына әлі де тіркеліп тұрса, бөгде адамның сол аккаунтқа кіруді заңсыз қалпына келтіру қаупін толық жоққа шығаруға болмайды", - деп хабарлады Kcell.

Бұл ретте компания нөмірді сатып алуд бөтеннің аккаунттарына автоматты түрде қол жеткізуге мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Олардың қауіпсіздігіне операторлар ғана емес, интернет-платформалар мен банктер де жауапты. Мысалы, сервистер тұлғаны қосымша растауды сұрауы, жүйеге кірудің күдікті әрекеттері туралы хабарламалар жіберуі және екі факторлы аутентификацияны қолдануы мүмкін.

Beeline өкілдері де интернет-сервис телефон нөмірі арқылы кіру рұқсатын қалпына келтіруге мүмкіндік берсе, теориялық тұрғыдан мұндай әрекет жасалуы мүмкін екенін айтады.

"Алайда SIM-картаның болуы жаңа иесі бұрын осы нөмірмен байланысты болған барлық аккаунтқа автоматты түрде қол жеткізеді дегенді білдірмейді", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Екі оператор да ескертеді: егер адам нөмірін ауыстырса немесе оны пайдалануды тоқтатса, оны банктік қосымшалардан, әлеуметтік желілерден және мессенджерлерден ажырату маңызды. Әйтпесе, нөмір басқа адамға өтіп, аккаунттармен ескі байланыс сақталып қалуы мүмкін.

Сатып алынған нөмір бөтен адамның тарихымен болып шықса не істеу керек?

Сатып алғаннан кейін нөмірдің әлі де біреудің WhatsApp-ына немесе басқа аккаунттарына тіркеулі екені анықталса, басқа нөмір талап етуге немесе ақшаны қайтаруға бола ма?

Kcell алдымен нөмірдің тіркелуін тексеру үшін операторға, ал бөтен аккаунттар мәселесі бойынша тиісті сервистердің қолдау қызметіне жүгінуге кеңес береді. Бұл ретте нөмірді ауыстыру немесе ақшаны қайтару мүмкіндігін оператор жеке тәртіппен қарастырады.

Tele2 өзге ұстанымда.

"Мессенджердегі аккаунтты үшінші тұлғалардың пайдалануына байланысты абонентте оператордан нөмірді ауыстыруды немесе оны сатып алуға жұмсалған қаражатты қайтаруды талап ету құқығы туындамайды, өйткені оператор құқық иелері үшінші тұлғалар саналатын мессенджерлерді пайдалану мен әкімшілендіруге жауапты емес", - деді Tele2 өкілдері.

Ал Beeline жаңа иесі компания кеңсесіне жүгініп, нөмірді ауыстыруды сұрай алатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап Қазақстанда SIM-карталарды рәсімдеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Оған сәйкес, "симкаларды" сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Жаңашылдық мобильді және интернет-алаяқтықпен күресуге бағытталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары