Қазақстанға Иордан королі мен Тәжікстан президенті келеді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алдағы күндері Астанаға Иордания королі II Абдалла мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
5-6 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
5-7 қарашада Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















