Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Премьер министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды.

Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде – "Конституциялық құрылым негіздерінде" бекітілуімен дәлелденеді.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы қаралуда.

Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.

Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды.

Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:

энергиямен қамтамасыз ету — "Арна" қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау; сумен жабдықтау және су бұру – "Ынтымақ" су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу; газбен қамту – "Gate City-1" жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау; жол инфрақұрылымы – Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.

Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.

Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген.

Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді. Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.

Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.

Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары