Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекетік органдар басшыларының, сарапшылар мен урбанистердің қатысуымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының халықаралық іскерлік белсенділік, инновациялар және технологиялар орталығын құру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: primeminister.kz

Кеңес мүшелері Президенттің Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе беру жөніндегі Жарлығы шеңберінде тиісті институционалдық базаны әзірлеу барысы мен инфрақұрылым салу және инвестициялар тарту жөніндегі шараларды талқылады. Alatau Сity Аuthority жаңа мемлекеттік қорының қызметіндегі мәселелер қаралды. 

Премьер-министрге әзірленіп жатқан «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасына қатысты ұсыныстар айтылды, олардың ішінде өзінің жеке реттеушілік және әкімшілік экожүйесін құру, құқықтық және басқарушылық инновациялар, мемлекеттік сервистердің цифрлық интеграциясы және тағы да басқалар бар.

Одан бөлек, құрылыс, энергетика, экология, көлік және ТКШ салаларында, соның ішінде «ақылды» қала технологиясы шеңберінде де, халықаралық стандарттар мен инновацияларды енгізу ұсынылып отыр. Кепілдіктерді қамтамасыз ету және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар да көзделген. Маңызды бағыттардың бірі – робототехникалық жүйелерді дамыту және кеңінен пайдалану, сондай-ақ цифрлық активтердің айналымын реттеу.

Кеңес мүшелері Алатау қаласында инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын қарады. Қанат Бозымбаев бүгінгі таңда инженерлік желілерді жоспарлаудың салалық схемалары бекітілгенін және бірінші кезекте жобасы жасалып, құрылысы салынатын 30 нысан анықталғанын баяндады.

Мұнда қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау және жаңа инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары қатар жүргізіледі. Жаңа нысандардың ішінде бірнеше қосалқы стансалар, су жинау торабы, газ құбырлары, кәріз тазарту құрылыстары, автожолдар және тағы да басқалар бар. Бұл жұмыстарды келесі жылы бастап кету жоспарланып отыр. Инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының тетіктері пайдаланылады. Сондай-ақ EPC+F құралдарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады, мұнда мердігер компания қаржыландырудан бастап жобаның барлық кезеңдеріне жауап береді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге  жетті. 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады.  Бұл ретте инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жетті. Пул 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 41 инвестициялық жобаны қамтиды. Қазіргі уақытта құны 1 трлн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл – PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары.

Жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau АЭА құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 24 мың гектардан астамы қала сыртында орналасқан және АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі маңызды жобаларды қамтиды. Осы өндіріс орындарына кепілдіктерді сақтау және жаңа кәсіпорындарды іске қосу мақсатында жаңа өнеркәсіптік-логистикалық АЭА құру жөніндегі әкімдіктің ұсыныстары қаралды. Болашақта бұл Алматы облысында индустриялық, логистикалық, туристік және энергетикалық кластерлердің дамуына ықпал етеді.

Бас жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Алатаудың сәулет келбеті мен заманауи қала құрылысына қатысты шешімдерге ерекше назар аударылды. «Caspian Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Iconic building іскерлік орталығының көрнекті ғимараты құрылысын қамтитын, Gate District ауданында жаңа іскерлік ауданды дамыту жөніндегі жобаны таныстырды. Биылғы қыркүйек айында Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен қазақ-қытай іскерлік кеңесі шеңберінде аталған жоба бойынша үшжақты келісімге қол жеткізілді.

Жалпы, Алатауда тұрғын үй құрылысы қазіргі таңда оң қарқын көрсетіп отыр. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленіп жатыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр тиісті министрліктер мен Алматы облысы әкімдігіне жұмыстарды жеделдету және сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары