Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

AMANAT : Қызылордада аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті

AMANAT : Қызылордада аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облысқа қарасты Шиелі ауданында өткен жиынға аймақтық филиалдың атқарушы хатшысы  Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов қатысты.  

Жиынның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын міндеттер, «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен  бірге!» Сайлауалды бағдарламасы қаралды.  Сонымен қатар,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 ж.ж. арналған тұжырымдамасын іске асыру бағытында Шиелі және Жаңақорған аудандары әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарған  жұмыстары  қаралып, талқыланды.

Көшпелі отырыста кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екендігіне тоқталды.

–Соған сәйкес қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуы тиістігін айтып, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет, – деді ол.   

Жиында алдымен Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бақтияр  Ахметов хабарлама жасады. Ол есепті кезеңде ауданда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс-әрекет орын алмағандығын тілге тиек етіп, осы бағытта атқаралып жатқан жұмыстарды жеткізді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша бүгінгі таңда 24 жеке консультациялық көмектер берілді.  Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 3 отырысы өтіп, онда 6 мәселе қаралды. Сонымен қатар, жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сай 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, қорытындысымен мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында 14 тәуекел анықталды. Нәтижелері әкімдіктің ресми сайтына және «Битрикс 24» ақпараттық жүйесіне орналастырылды», -дейді Бақтияр  Ахметов.

Оның айтуынша, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында да түрлі әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. 

«Бұл жобалар аясында жыл көлемінде барлығы 30 іс-шара өткізу жоспарланған, бүгінгі күнге дейін 21 іс-шара сапалы ұйымдастырылды. Әрбір шарада ашық пікір алмасуға және тікелей түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді. Жыл басынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 11 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда жүргізілген сауалнама қорытындысымен «Сіз аудандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қалай бағалайсыз?» - деген сауалға тұрғындардың 23 %-ы «Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен» - десе, 35 %-ы «Сыбайлас жемқорлық мүлде жоқ» екендігін көрсетті. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарға аса мән беріліп, нақты іс шаралар қабылданатын болады», - деді аудан әкімінің орынбасары..

Келесі кезекте Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының жұмысы талқыланды. Бұл бағытта ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті мәселелер тұрақты түрде қаралып келеді. Атап айтқанда, халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында аудан бойынша барлық мекемелерде «Оpen space» форматы қолданысқа енгізілген. Аудандық «Өскен Өңір» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефон нөмірлері мен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестелері жариялануда. Барлық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі орнатылған. Осы сынды атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын айтты.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасымен барлық дербес бөлімдердің қызметтеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жыл басынан аудан әкімі аппараты мен 9 дербес бөлімге ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 16 тәуекелдер анықталып, тиісті жұмыстар жасалды»,  - деді ол.

Өз кезегінде сөз алған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова өткен жылы қос ауданда да білім салаларында орын алған жемқорлық фактілерін тілге тиек етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін әрбір сала бойынша ішкі талдау жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі қос ауданда 10 мыңға жуық партия мүшесі бар. Алайда олардың басым бөлігі білім саласының өкілдері екенін ескерсек, бұл салада жемқорлық немесе сыбайластық фактілері болуы өте ұят. Сондықтан алдағы уақыттарда аталған сала бойынша теріс қылықтар болмауы қажет», - деді  Ләйлә Төрешова.

Көшпелі отырыста кеңес мүшелерімен күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, маңызды ұсыныстар ортаға салынды. Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, республикалық Кеңестің, басқа да тиісті мекемелердің назарына ұсынылатын болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары