Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жасыл экономика жөніндегі кеңестің отырысы

Жасыл экономика жөніндегі кеңестің отырысы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің, ірі энергетикалық кәсіпорындар-дың басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының энергетика саласын жаңғырту бойынша «ең үздік қолжетімді техникаларға» көшу мен орнықты даму есептілігін (ESG) кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға назар аударды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің энергетика саласына ластаушы заттардың жалпы көлемінің жыл сайынғы шамамен 39%-ы тиесілі екенін баяндады. Өңірлер арасында ластаушы заттар көлемінің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі, ондағы негізгі ластаушылар – Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2. Бұған қоса Алматы қаласында да ауаның ластануының жоғары деңгейі сақталып отыр.

Эмиссияларды қысқарту мәселелері бойынша «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ мен «Алматы электр стан­салары» АҚ басшылары тың­далды. Орнықты даму қағи­даттарын сақтау мақсатында үш нысанда эмис­сияларға мониторинг жүргізу­дің автоматтандырылған жүйесі (МЖАЖ) енгізіледі. Деректер Экология министрлігіне нақты уақыт режімінде беріледі. Толық қосылу 2026 жылға жоспарланған.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Президенттің «таза көмір» технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы хабардар етті. Мәселен, жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде жаңа кәсіпорындар неғұрлым қатаң эколо­гиялық стандарттар мен талаптар негізінде жұмыс істеп жатыр.

«Президент еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға қатысты міндеттер қойды. Біз «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз, онда ауаның ластануын азайту мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Оларға қол жеткізу – барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мен күл-қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қамтамасыз етуі қажет», деді О.Бектенов.

Одан бөлек Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына энергетика саласын түпкілікті жаңғырту міндетін жүктеді. «Таза көмірдің» заманауи технологиясына тез көшу керек. Бұл көмір электр стансаларының тиімділігін арттырады әрі қоршаған ортаға зиянды зат бөлуді азайтады. Әсіресе мол қорға ие бола тұра, көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз, бұл – объективті шындық. Сондықтан оны қолдана беретініміз анық. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көздері заманауи талаптарға сай болуға тиіс.

«Жаңа технологиялар көмірді жағу кезін­де зиянды қалдықтар көлемін ба­рын­ша азайтуға мүмкіндік береді. Энер­гия көздерін жаңғыртудағы әрбір жұмыс­тың нәтижесі ластаушы заттарды ең аз бөлу талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұған ұмтылу керек әрі осы басты меже­ден ауытқымау қажет. Біздің алдымызда үш ЖЭО салу мен Екібастұздағы жаңа энер­гоблоктарға қатысты үлкен жоба­лар тұр. Бұл жаңа жобалардың барлы­ғы зиян­ды қалдықтарды мүлдем шығар­май­тындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылады», деді Үкімет басшысы.

Жиында еліміздің «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева сынды қоғамдық ұйым өкілдері сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.

Олжас Бектенов заманауи «таза көмір» технологияларына жедел көшуге қатысты шара қабылдауға тапсырма берді. Көкшетау, Семей мен Өскемен қала­ларын­да жылу электр орталықтарын салу жо­ба­ларын жүзеге асыру кезінде тек таза технологиялар қолданылуы керек. Энер­гетика министрлігіне энергетика секторын цифрландыру бөлігінде ЖИ-дің оз­ық технологияларын, сондай-ақ салада қолдануға қолда бар отандық цифрлық шешімдерді зерделеу тапсырылды.

Бұдан басқа, қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың заманауи технологияларын енгізу арқылы барлық қалдықты кейіннен қайталама айналымға тарта отырып, барлық өнеркәсіптік қалдық­тарды түгендеуді жүргізу жүктелді. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға елдегі ең ірі ТОП-50 компания «ең үздік қолжетімді технологияларды» енгізу негізінде кешенді экологиялық рұқсат алу рәсімін бастады. Бүгінде тиісті жол карталары жүзеге асырылып жатыр.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ мен «Алматы электр стансалары» АҚ-лардың кәсіп­орындары Энергетика ми­нистрлігі бекіткен газ тазарту жүйе­лерін кезең-кезеңімен жаңғыртуды, электр сүзгілерін жаңартуды, азот тоты­ғы, күкірт қалдықтары мен шаң-тозаң­ды азайтуды, сондай-ақ ор­нық­ты дамуға әрі неғұрлым таза энерге­ти­­каға көшу­ге бағдарлауды растай­тын анағұр­лым экологиялық технологиялық шешімдерге көшуді көздейтін жол карталарын жүзеге асырады.

Павлодар облысындағы жалпы ластаушы заттар көлемінің 34%-ы Екібастұз ГРЭС-1 үлесінде. Бірқатар энергоблоктағы электростатикалық сүзгілер күрделі жөндеуден өтті, бұл шаң концентрациясын 400 мг/нм3-тен 350 мг/нм3-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұған қоса 2023–2025 жылдар аралығында санитарлық-қорғау аймағына 23 мыңға жуық көшет отырғызылып, 250 гектарға жуық күл үйіндісі сүріліп тасталды. Осы кезеңде қоршаған ортаны қорғау шараларына салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ өңірдегі жалпы ластаушы заттар көлемінің 8,8%-ын Екібастұз ГРЭС-2 шығарады. Аспирация жүйелерін жаңғырту зиянды қалдықтары 2,57 мың тоннаға азайтты. Микроимпульстік технологияны қолдану шаң тозаңының қоюлығын сейілтуге мүмкіндік бе­реді. Сондай-ақ күл үйінділеріндегі шаң-тозаңды басу, құрғақ күлді өңдеу, Солнечный кенті мен өнеркәсіп алаңы­ның аумағында жасыл желектерді күтіп-баптау сияқты бірқатар кешенді шара жүзеге асырылып отыр. 2025–2027 жылдарға жоспарланған инвестиция көлемі 8,1 млрд теңгені құрайды.

Алматы қаласының өнеркәсіп кәсіп­орындарынан шығатын ластаушы заттардың 83%-ы «Алматы электр стансалары» АҚ үлесінде. Ал ЭС кең ауқымды экологиялық трансформацияны, яғни газға көшуді жүзеге асыруда. Бұл ЖЭО-2 шығаратын зиянды қалдықтар көлемін 93%-ға, ал ЖЭО-3 шығаратын ластаушы заттар көлемін 88%-ға азайтуға мүмкін­дік береді. Бұл ретте шаң мен күкірт то­тығының қалдықтары толығымен жойылады, азот тотықтары 680 мг/нм3-тен 35 мг/нм3-ке дейін төмендейді.

Зиянды заттар көлемін азайта отырып, жаңғырту мен газға ауыстыруға осындай жұмыс ЖЭО-3-те де жүргізі­ліп жатыр. Нәтижесінде, мұнда шаң, күкірт тотығы сияқты ластаушы заттар толы­ғымен жойылады және азот тотығы азаяды. Кейінгі екі жылда кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғауға жұмсаған шығындары шамамен 3,2 млрд теңгені құрады.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Еліміздің «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін көтерді. «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина кәсіпорындардың декарбонизациядағы қызметі үшін қосымша критерилерге бастамашы болды. Сондай-ақ ол ластаушы заттарды азайту мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге климаттық қаржыландыруды тартуға халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

«Қазақстанның экологиялық ұйым­дары қауымдастығы» ЗТБ басқар­ма төрағасы Айгүл Соловьева кәсіп­орындарды парниктік әсерге қарсы күрес, ESG-қағидаттарын енгізу мен көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмыс­­ты жандандыруға шақырды. Алм­аты қаласындағы экологиялық стан­дарт­тардың деңгейін еуропалық көрсет­кіш­тер­мен салыстыруға болатыны атап өтілді, бұл азаматтардың араласуы жоғары деңгейде екенімен әрі корпо­ра­тивтік әлеуметтік жауап­керші­ліктің жақсы дамығанымен байланысты. Бұған қоса «Самұрық-Қазына» тобына кіретін жекелеген жылу энергетикалық нысан­дардағы жұмысты күшейту мен техно­логиялық шешімдерді енгізуді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігі айтылды. 

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

Президент • Бүгін, 11:37

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді

Президент • Бүгін, 11:20

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Президент • Бүгін, 11:02

Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

Президент • Бүгін, 10:43

Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді

Президент • Бүгін, 10:40

Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 10:37

Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды

Президент • Бүгін, 10:30

Президент Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу шешімін құптады

Президент • Бүгін, 10:22

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

Президент • Бүгін, 10:13

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Президент • Бүгін, 10:03

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы

Қоғам • Бүгін, 09:55

Өнерге жаңалық енгізген дара тұлға

Мәдениет • Бүгін, 09:50

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады

Білім • Бүгін, 09:40

Футбол индустриясын дамыту – уақыт талабы

Спорт • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары