Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: Үкімет

Жиында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге назар аударылды.

«Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін тарихи кезеңде өтіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт Жарғысына айналды. Бүгінде бүкіл құқықтық жүйені қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның аясында экономиканың дәйекті әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету көзделіп отыр», деп атап өтті Олжас Бектенов.
Алдағы күндері нөсер күтіледі: Бектенов гидрологиялық ахуал бойынша жиын өткізді

Кеңес отырысына қатысушыларға 1 шілде күні жаңа Ата заң күшіне енгеннен кейін еліміздің жаңа мемлекеттік-саяси тұрпатын қалыптастыру үдерісі басталғаны туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай сайлауы тағайындалып, жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылды. Сондай-ақ жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты конституциялық норманы қолдану жөнінде түсіндірме берді. Олардың қатарында Президент, Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Соттың төрағасы мен Бас прокурор бар.

Олжас Бектенов: Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды

«Конституциялық Сот өз шешімімен нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Атап айтқанда, бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр», деп атап өтті Премьер-министр.
Жер қойнауын игерудің өзектілігі
Олжас Бектенов, сондай-ақ президенттік реформалардың жұртшылық тарапынан жаппай қолдауға ие болып жатқанын ерекше атап өтті. Соңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ел азаматтарының 87%-дан астамы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. Бұл халқымыздың жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нақты нәтижесін шын мәнінде сезініп отырғанын көрсетеді.

«Президенттің саяси бағытына деген қоғамдық қолдау – реформаларды алдағы уақытта да табысты жүзеге асырудың маңызды факторы. Осылайша, жаңа конституциялық модель мен орнықты реформалар бағыты экономикамызды одан әрі жаңғыртуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз болып отыр. Құрметті әріптестер, жаңа Конституция аясында Сіздермен арадағы қарым-қатынасымыз да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», деді Премьер-министр Олжас Бектенов жиынға қатысушыларға.
Петропавлдағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Отырыста цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі процестер қаралды, олар бүгінде инвестиция үшін күресте елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда маңызды рөлге ие.

Президент Жарлығымен 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялады. Мәселен, жаңа Конституцияға азаматтардың цифрлық құқықтары ресми түрде енгізілді, 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық Стратегиясы бекітілді, Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» Заң, «Киберқауіпсіздік туралы» Заң қабылданды. Сонымен қатар сенімді трансшекаралық деректер алмасу үшін заманауи реттеу тетіктері енгізілуде, олардың арасында Cloud First Policy және Data Embassy да бар. «ДӨО алқабы» флагмандық жобасы аясында Қазақстан Firebird AI-мен ЖИ-инфрақұрылымын дамыту бойынша 10 млрд долларға келісім жасасты. Жалпы, осы бағыттағы бизнес мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы цифрлық штаб жұмыс істейді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев толыққанды цифрлық ел құру міндетін қойып отыр. Цифрлық трансформация мен ЖИ-ді дамыту – біз үшін тұрақты экономикалық өсудің, мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды элементі. Біз шетелдік әріптестердің еліміздің іскерлік ахуалын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Үкімет өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық саладағы инвесторлармен сындарлы диалогке ашық», деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті

Отырыс барысында Қазақстандағы Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт және бизнес өкілдері сөз сөйледі. Джули Стаффт елдер арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ цифрлық реттеу, бұлтты технологияларды дамыту, дербес деректерді өңдеу және трансшекаралық деректерді беру мәселелері бойынша Үкімет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогтің маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық бизнес-қоғамдастық атынан Baker McKenzie серіктесі, AmCham Цифрландыру комитеті кеңесінің мүшесі Андрей Ёрш, Apple компаниясының Орталық Азия, Армения, Моңғолия бойынша мемлекеттік саясат және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Әділхан Қопабаев, Siemens Kazakhstan компаниясының бас директоры Дияс Асанов және Honeywell компаниясының Орталық Азия елдері бойынша президенті Артур Нигматьянов ұсыныстарын айтты.

Олжас Бектенов: «Самұрық-Қазына» қоры барлық күш-жігерін Президенттің экономикалық өсім бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыруға жұмылдыруы керек

Компания өкілдері Цифрлық кодексті іс жүзінде жүзеге асыру, онлайн-платформаларды реттеу, жария «бұлтты» шешімдерді дамыту, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану, өнеркәсіп процестерін цифрландыру және реттеу тиімділігін арттыру мәселелерін көтерді.

Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов, сондай-ақ мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов пікір білдірді.

Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумына қатысты

Жиын отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық әрі болжамды ел болып қала беретінін атап өтті. Үкімет ел экономикасының цифрлық трансформациясын тереңдетуге ниетті және цифрлық реттеуді жетілдіру, пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және инвесторлар үшін болжамды жағдайлар жасау мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимылға дайын. Жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды зерделеп, оларды жұмыс барысында ескеру тапсырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see183

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see115

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see113

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see111

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see110

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see109

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see109

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see108

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see108

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

22 Тамыз 2026 09:16see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары