Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жаңа Конституция орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді

Жаңа Конституция орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы аясында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңес жұмысына дипломатиялық корпус өкілдері, соның ішінде  АҚШ-тың жаңадан тағайындалған елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар, бизнес қауымдастық және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр

Отырыста сөз сөйлеген Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. 15 наурызда жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс береді. Бұл іргелі құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды толық қамтиды.

Біз үшін басты басымдық – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету арқылы азаматтардың табысын арттыру және өмір сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып жатырмыз»,  деді Олжас Бектенов.

Үнзила Шапақ: Конституция туралы айтқанда билікті ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілікті де ойлайық

Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды.

«Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамасына қолдау білдірді. Қазақстан Газаны қалпына келтіру үдерістеріне қатысуға мүдделі. Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастардың орнықты дамуы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді», деді Премьер-министр.

АҚШ-тың Қазақстандағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонда жаһандық аренада сөйлеген сөзі әсерлі болғанын атап өтті.

«Біз бүгінгі таңда жоғары деңгейде орныққан екіжақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі кеңеюін күтеміз. Коммерциялық ынтымақтастығымыз 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанының өзінде қазақстандық және америкалық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі $17 млрд-қа жетті. Бұл нәтижелер біздің көзқарасымыздың бір екенін және екі елдің экономикалық өсімін көрсетеді, оның игілігін халқымыз көрмек, сонымен бірге өзара қарым-қатынасымыз нығая түседі», деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт.

Жиында шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақмерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Инвестор-компаниялардың өкілдері инвестициялық өзара іс-қимылдың оң динамикасын және салық реформасы шеңберінде болжанатын әрі реттеуге келетін орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, өндірісті локализациялауға, озық технологияларды енгізуге және тұрақты экономикалық өсімге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестіктерді қалыптастыруға баса назар аударылды.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Сәуле Жақаева «С5+1» алаңдарында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыру үшін бюджетке қосымша жүктемесіз теміржол, авиациялық және аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту үшін US EXIM кепілдігімен қаржыландыру тартылғанын, бұл елдің технологиялық деңгейі мен транзиттік әлеуетін арттыратынын хабарлады.

Ал Eurasia Group Kazakhstan бас операциялық директоры Сергей Глокке Үкіметтің қолдауымен Қазақстанда John Deere техникасын өндіруді локализациялау, сервистік инфрақұрылымды кеңейту және АӨК-те кооперацияны тереңдету жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы зауытта өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен көкөніс өсіруге арналған жабдықтар желісін кеңейту жоспарланған. Тәжірибесін жетілдіру мақсатында қазақстандық мамандар АҚШ-тағы John Deere кәсіпорындарында біліктілігін арттырады. Өткен жылы Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы кәсіби құзыреттілікті дамытуға және кадрлық әлеуетті нығайтуға қосымша серпін берді. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру экономиканың жетекші салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін басымдық болып қала береді.

Wabtec Corporation компаниясының ТМД елдері мен Моңғолиядағы далалық сервистер және техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Ғайни Дүйсенова кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндірісті кеңейту жоспарлары туралы хабарлады. Қазақстан америкалық Wabtec Corporation холдингінің өңірдегі өндірістік серіктестері арасында көлемі бойынша екінші орында тұр. Ынтымақтастық жылдарында ҚР-да 700-ден астам локомотив шығарылды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 теміржол техникасын құрайды. ҚТЖ-мен әріптестік шеңберінде локомотивтер мен дизельді қозғалтқыштарды шығаруды одан әрі ұлғайту жоспарлануда. ҚР-да теміржол инфрақұрылымын дамыту, «осал тұстарды» жою бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды ескере отырып, локомотив паркін жаңарту және өндірістік қуаттарды кеңейту елдің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетіне серпін береді.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «C5+1» форумы шеңберінде OpenAI және NVIDIA-мен қол қойылған келісімдер Қазақстан үшін білім беру және жасанды интеллектіні дамыту саласында түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру цифрлық экономика үшін кадрларды жүйелі даярлауды көздейді және қазіргі заманғы есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруға, оның ішінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы шеңберінде негізделуі мүмкін.

Deloitte Kazakhstan компаниясының салық практикасы жөніндегі серіктесі Елдос Сыздықов Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық реформасы аясында қабылданған өзгерістерге оң баға беріп, ҚҚС-ты уақытылы қайтармағаны үшін өсімпұлды уақытша алып тастау және әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіру теңгерімді сипатқа ие, ал жаңа нормалар ашықтықты арттыруға және іскерлік ортаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, арнайы салық режимдерінің параметрлерін қайта қарау, ең алдымен, теңгерімсіздіктерді жоюға және салық салудың әділ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Отырыста көтерілген мәселелер бойынша Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары пікір білдірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бейілді екенін атап өтті. Жаһандық технологиялық тізбектерді қалыптастыру шеңберінде Үкімет халықаралық технологиялық компанияларды ынтымақтастыққа тартуға және серпінді цифрлық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылым құруға ден қояды. Жауапты мемлекеттік органдарға Америкалық сауда палатасымен бірлесіп алдағы жұмыстарда жиында айтылған бастамалар мен бизнес ұсынымдарын ескеру тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Үнзила Шапақ: Конституция туралы айтқанда билікті ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілікті де ойлайық

Ата заң • Бүгін, 15:48

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

Руханият • Бүгін, 15:37

Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр

Референдум • Бүгін, 15:27

Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?

Қоғам • Бүгін, 15:20

Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?

Аймақтар • Бүгін, 15:11

Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді

Медицина • Бүгін, 15:04

Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты

Оқиға • Бүгін, 14:47

Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты

Экспорт • Бүгін, 14:42

Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен

Оқиға • Бүгін, 14:33

Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады

Оқиға • Бүгін, 14:14

Қызылорда облысында 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:53

Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Медицина • Бүгін, 13:33

Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды

Қоғам • Бүгін, 13:20

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:01

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Қоғам • Бүгін, 12:50

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 16:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары